169
Қазіргі әлемде
салауатты өмір салтын ұстану, яғни дұрыс тамақтану,
зиянды әрекеттерден бас тарту, спортпен шұғылдану немесе жаттығу жасау
сәнге айналды. Осыдан, ақыл-ойға қажетті жаттығулар қайда деген сұрақ
туындайды?! Өйткені, кез келген адам үшін
өзінің ақыл-ойын жаттықтыру,
денесін жаттықтыру сияқты маңызды болып табылады. Ақыл-ойды және денені
жаттықтыру бірінсіз-бірі үйлесімді дами алмайтындығын да ұмытпаған дұрыс.
Кітап оқу – ақыл-ойды дамытып, табысты және білімді болу үшін қажет
екені сөзсіз түсінікті. Бірақ, қазіргі кезде, барлығы дәлелдеме талап ететін
жағдайда, мұндай тұжырым жеткіліксіз. Сондықтан, білім алушыларға пән
сабақтарында
және
сынып
сағаттарында,
ата-аналарға
ата-аналар
жиналыстарында оқудың қажет екенін дәлелдейтін
тұжырымдарды ұсынуға
болады, олар:
Оқу шығармашылық ойлауды дамытады. Әр түрлі кітаптарды оқи
отырып, адам шығарманың сюжетімен және стилімен танысумен қатар,
кейіпкерлердің мекендеген ерекше, өзіндік дара әлемін елестете алады.
Жазушы қаншалықты талантты болса да, ол
басқа адамның қиялында өзі
суреттеген пейзаждар, сәулет өнерінің туындылары немесе кітап кейіпкерлері
туралы өз көзқарасын қалыптастыра алмайды. Кез келген адамның қиялы
қаншалықты алысқа ұшатыны оның ақыл-ойының жаттығуларына,
яғни сол
адамның қаншалықты көп оқуына байланысты болады.
Ой өрісті кеңейтеді. Қарым-қатынас жасау қабілеті (тіпті қазіргі әлемде
де) маңызды дағдылардың бірі болып қала береді. Себебі, қызықты
әңгімелесуші болу – әртүрлі салалардан хабардар болу, өз пікірін дәлелдей білу,
кітаптардан мысалдар келтіре білу дегенді білдіреді.
Зияткерлікті дамытады. Бұл оқудың не үшін қажет екенін айқындайтын
басты себеп. Ақпаратты тек мектепке арналған оқулықтардан ғана оқымай,
басқа да қосымша кітаптардан оқыған дұрыс, себебі оларда ақпарат неғұрлым
қызықты және кең көлемде берілуі мүмкін.
Бос уақытты ұйымдастыруға көмектеседі. Бос уақытта немен
айналысуға болады? Әрине кітап оқу керек, себебі бұл физикалық және рухани
демалудың ең оңай және ең қызықты жолы.
Сонымен қатар, ол үлкен
қаржылық шығындарды, арнайы дайындықты немесе физикалық белсенділікті
қажет етпейді. Оның барлық сүйкімділігі қарапайымдылығында.
Денсаулық жағдайының жақсаруына әсер етеді. Дәрігерлер кітап оқу
жүрек соғысын бәсеңдетіп, бұлшықеттерді босаңсытатынын дәлелдеген.
Күйзелістің (стрестің) азаюына әсер етеді. Психологтар кітап оқу
күйзеліс деңгейін 60% төмендетуге ықпал ететіндігі туралы айтады. Егер адам
бұл әдісті басқалармен салыстырса, онда таңқаларлықтай нәтижелерді көреді.
Сонымен, кітап оқу күйзеліске қарсы тұруда – музыкадан гөрі 68%, жүруден
100%, компьютерлік ойындарынан 300% тиімді екені дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: