189
9
Кітаптағы иллюстрациялар бойынша шығарманың мазмұнын болжау
Мәтінмен алғашқы танысу кезеңіндегі іс-әрекет түрлері
1
Әдеби шығарманың мәтінін ішінен оқу
2
Мәтінді дауыстап оқу
3
Мәтінді сыбырлап оқу
4
Мәтінді жұпта кезекпен оқу
5
Мәтінді сөйлем немесе абзац бойынша тізбекпен оқу
6
Тоқтап-тоқтап оқу. «Болжау» әдісі – бұдан кейін не болады деп ойлайсың?
7
«Бинарлық» оқу – 2 білім алушы бір уақытта оқиды
Мәтінмен егжей-тегжейлі жұмыс кезеңіндегі іс-әрекет түрлері
1
Мәтінді оқу барысында түсініксіз сөздерді
белгілеп отыру
2
Мәтінді оқу барысында көнерген сөздерді табу
3
Мәтінді оқу барысында түсініктемелер беру
4
Үйде алдын-ала дайындалып мәтінді мәнерлеп оқу
5
Мәтінді қысқартып оқу (білім алушылар қалдырып кетуге болатын сөйлемдерді
немесе сөздерді оқымайды). Қысқаша мазмұнын айтуға дайындық
6
Мәтіндегі ең әдемі (ұнайтын) жерді (сөйлемді, абзацты, үзіндіні) оқу
7
Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әдеби шығарманың үзінділерін іріктеп оқу
8
Мұғалім немесе білім алушының айтқан сөйлемінің немесе үзіндісінің басындағы
немесе соңындағы сөйлемді, үзіндіні тауып оқу
9
«Қоса отырып оқу». Балалар мәтіннің бейтаныс үзіндісін дәл бір минут оқиды, өздері
аяқтаған жеріне белгі қояды. Мәтінмен жұмыс жасағаннан кейін, сабақтың соңында
олар мәтіннің сол үзіндісін
бір минут ішінде оқып, жаңа белгі қояды. «Қосылған»
сөздердің санын есептейді
10
Мәтіннен мақалға сәйкес келетін үзіндісін оқу
11
Сөйлемдерді әр түрлі интонациямен оқу
12
«Дауыстар». Мәтінді әр түрлі дауыстармен (әженің, ағаның, кішкентай баланың,
мысықтың, аюдың және т.б.) оқу
13
Мәтінді оқу және кестені мәтіннен алынған сөздермен толтыру (мысалы, белгілі бір
талаптарға сәйкес келетін зат есімдерді, сын есімдерді, етістіктерді жазу)
14
Мәтінді оқу және «кейіпкердің қозғалу картасын» жасау (ол болған барлық жерлерді
жазу)
15
Шығарманың басты кейіпкерінің басқа кейіпкерлермен байланысын сипаттайтын
сызба жасай отырып,
мәтінді оқу
16
Шығарманың кейіпкері жақсы қарым-қатынаста болған кейіпкерлерді қызыл
сызықпен, ал ұнатпайтын адамдарды – көк сызықпен белгілеу
17
Мәтіндегі иллюстрацияны сипаттайтын үзіндіні табу
18
Шығарманың дәйексөзін көрсете отырып, әдеби шығармаға иллюстрация жасау
19
Әдеби шығарманы оқу және кітаптың мұқабасын салу
20
Мәтінді оқу және мұғалім ұсынған суреттерді жұмыста сипатталған оқиғалардың
тәртібімен байланыстыру
21
Оқылған әдеби шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру
22
Оқылған әдеби шығарманың кейіпкеріне сұрақ қою
23
Мәтіннен қойылған сұрақтың жауабы болып табылатын үзінді тауып оқу
24
Мәтінді рөлдерге бөліп оқу (автор сөзі, әдеби шығарма кейіпкерлерінің диалогы)
25
Қатал, қуанышты, көңілді, қайғылы, жалбарыну, ашулану, мазақ ету және т. б. көңіл-
күймен оқуға болатын үзінділерді тауып, сол көңіл-күйді келтіріп оқу.
Кез келген
шығарманы кейіпкердің дауысымен оқу
26
Мәтіндегі тыныс белгілерді сақтап оқу (леп белгісі, сұрақ белгісі, үтір, нүкте)
27
Оқығанды әр түрлі қимылдар және мимика арқылы түсіндіру
28
«Жанды сурет» (бір білім алушы мәтінді оқиды, екіншісі естігеніне мимикамен жауап
190
береді)
29
Мәтіндегі дауыстап, тыныш, тез
немесе баяу оқу керек сөздерді, сөйлемдерді табу
және оқу
30
Тақпақ оқу, әр білім алушы кідіріс жасайтын жерде аяқтайды, келесі білім алушы
жалғастырады. Тақпақты жатқа мәнерлеп оқу
31
Оқылған шығарманың қысқаша немесе егжей-тегжейлі толық
мазмұндау
32
Мәтіннен сөз тіркестерін табу және оқу (зат есім және сын есім; зат есім және етістік;
есімдік және етістік)
33
Мәтіннен бір түбірлі сөздерді, синонимдерді, антонимдерді және т.б. табу
34
Ұнаған кейіпкермен сұхбат жүргізу
35
Әдеби шығармадағы кейіпкерлердің санатын анықтау (жағымды; жағымсыз;
бейтарап; көмекші кейіпкерлер)
36
«Мен шығарманы ... атар едім». Білім алушы шығармаға өз атауын береді және
неліктен олай атағанын дәлелдейді
Достарыңызбен бөлісу: