Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет76/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Бірінші бағыт – білім алушылардың ақпаратты іріктеулеріне
ұғынуларына, және оны сәтті қолдануларына мүмкіндік беретін білім мен 
дағдының бірігуі деп ұғынылатын кітап оқу біліктілігін арттыру. 
Екінші бағыт ата-аналарды «Мектеп – Кітапхана – Отбасы» бірыңғай 
кітап оқу қауымдастығын құру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шараларға 
тарту. 
Үшінші бағыт – мәдениет мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау, 
әлеуметтік серіктестік және контенттің өзге де түрлері арқылы білім 
алушылардың кітап оқу мәдениетінің және кітап оқу белсенділігінің деңгейін 
арттыру (қамту және қарқындылық). 
Төртінші бағыт – кітап оқу инфрақұрылымын дамыту үшін кадрларды 
дайындау жүйесін жетілдіру. 
Кітап оқу – білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір 
түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты 
болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын. 
«Кітап оқуға құштар мектеп» жобасының мақсаты: білім алушылардың 
кітап оқу мәдениетінің және кітап оқу белсенділігінің деңгейін арттыру, 
оқушылар, 
педагогтер 
және 
ата-аналар 
арасында 
кітап 
оқуды 
танымалдандыруға жағдай жасау. 
Жобаның міндеттері: 
- білім алушылардың оқу құзыреттілігін арттыру; 
- білім алушылардың кітап оқу мәдениетінің және кітап оқу 
белсенділігінің деңгейін арттыру; 

білім алушылардың сабақ әрекетіндегі оқу проблемасына 
қызығушылығын қалыптастыру бойынша педагогикалық іс-әрекет жолдарын 
әзірлеу; 
- мектеп оқушыларының оқырмандық белсенділігін ұйымдастыру және 
оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетіндегі оқырмандық қалауын ескере 
отырып, отбасылық оқуды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу; 
- мәдениет мекемелерімен өзара іс-қимыл және әлеуметтік әріптестік 
арқылы окшылардың оқу мәдениеті мен оқу белсенділігінің деңгейін арттыру; 
- мектеп жобасын іске асыру үшін іс-шараларға ата-аналарды тарту; 
- ата-аналарды бірыңғай кітап оқу қауымдастығын құру жобасын іске 
асыру жөніндегі іс-шараларға тарту; 
- балаларды оқуға тарту бойынша әдістемелік материалдар банкін құру. 


173 
- балалар мен жасөспірімдер арасында әдеби кітаптар оқуды насихаттау 
және тұрақты оқуға ынталандыру; 
- оқылған кітапты, әдебиетті, мақаланы талқылауға тарту. 
Аталған жоба білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығының 
төмендеу мәселесін шешу, яғни кітап оқуды жандандыпу, насихаттау, 
танымалды ету мақсатында жүзеге асырылады. 
Мәдениет мекемелері (кітапханалар, мұражайлар, театрлар және т.б.) 
жобаны жүзеге асырудың әлеуметтік серіктестері болып табылады 
Жоба негізінен жалпы білім беру ұйымдарының білім алушыларына, 
олардың ата-аналарына және педагогтерге бағытталған. 
Жобаны жүзеге асыру механизмдері 
 
Облыстық және қалалық білім басқармалары деңгейінде 
жүргізілетін жұмыс түрлері: 
● жобаны іске асыру мерзімдерін белгілеу; 
● жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу; 
● облыстық деңгейде өткізілетін сайыстардың ережелерін әзірлеу;
● әзірленген ережелерді аудандық/қалалық білім бөлімдеріне жіберу; 
● педагогтердің кітап оқу беделін арттыру туралы, білім алушылардың 
кітап оқуын ұйымдастыру туралы және ата-аналардың өздерін кітап оқуға тарту 
жөніндегі жеке жұмысты өткізу туралы жария сөз сөйлеулері; 
● педагогтердің балалардың кітап оқуын қолдауға бағытталған біліктілік 
деңгейін арттыру бойынша оқыту курс бағдардамасын әзірлеу; 
● мұғалімдердің онлайн-олимпиадаларға, байқауларға, оқу мәдениетін 
арттыру жобаларына қатысуын ұйымдастыру. 
 
Аудандық/қалалық білім бөлімдері деңгейінде жүргізілетін жұмыс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет