Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет73/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Оқу техникасы әсіресе 1-сыныпта мұқият бақыланады, алайда бірінші 
жартыжылдықта оқу жылдамдығы тексерілмейді. Осы кезеңде оқу меңгеру 
нысаны ретінде әрекет етеді. Екінші жартыжылдықтың соңында бірінші сынып 
білім алушыларының оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына 25-30 
және одан артық сөзді құрайды, сонымен қатар шылау, одағай, еліктеу сөздер, 
қос сөздер жеке сөз ретінде саналады. 
1-сынып білім алушылары: 
- 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу; 


166 
- 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас 
оқу; 
- сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу; 
- есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу; 
- жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу; 
- баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу; 
- күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-
10 сөз); 
- сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау 
арқылы жазу; 
- белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) 
жұмыстарын орындай алуы керек [12].
Оқу жылдамдығын тексеру үшін балаға таныс емес мәтінді алдын-ала 
дайындау қажет. Мәтіндегі сөйлемдер қарапайым және қысқа болуы, сонымен 
қатар білім алушы алаңдамауы үшін суреттер болмауы тиіс. Баланы жылдам 
және түсініп оқуға бейімдеу маңызды болып табылады. 
Оқу барысында бірінші сынып білім алушысы жолды жоғалтпау үшін 
мәтінді саусақпен көрсетіп отыруы тиіс. Бала оқи бастаған кезде, егер ол сөз 
айтуда немесе екпін қоюда қателессе де оны тоқтатпау керек. Оқығаннан кейін 
мәтінді түсінуін тексеру үшін балаға мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоюға 
болады. Оқу дағдылары мен негіздері балаларға 1-сыныпта беріледі. 
Сондықтан, осы кезеңде балалардың мектептегі жетістіктеріне ерекше назар 
аудару, оларға уақтылы көмек көрсету қажет. 
Оқу дәстүрін қалыптастыруда үйде оқудың өзіндік рөлі бар. Оқуға бейім 
балалар көп жағдайда ата-аналары мен балалары кітапты дауыстап оқуды, бірге 
талқылау мен қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырған отбасынан болып 
табылады. Осыған байланысты сауат ашу барысында, әр аптада 15-20 минут 
сыныптан тыс оқу жүзеге асырылады, себебі, аталған кезеңде білім 
алушылардың бойында балалар кітаптарына деген қызығушылық қалыптасады. 
Жеке жұмыс үшін өздігінен кітап оқу гигиенасы нормаларына сәйкес 
келетін 8-30 бет көлеміндегі стандартты дизайнда таңдап алынады, оның ішінде 
оқушылар жеке-жеке (өздігінен), мұғалімнің қадағалауымен, шығармашылық 
немесе ғылыми-шығармашылық еңбектерді 60-тан 400 сөзге дейін оқиды. 
Сыныптан тыс оқу сабақтарында ұжымдық жұмыс үшін арнайы 
форматтағы балалар кітаптары таңдап алынады, мұғалім балаларға 500-ден 
1500 сөзге дейін ертегілерді, өлеңдерді, жұмбақтарды оқиды [10]. 
Әдебиеттің әр сабағы – шығарма авторымен кездесу сәті болып саналады. 
Бұл кездесу ерекше, есте қалатындай қызықты да пайдалы болуы тиіс. Баланы 
әріп танып, өздігінен оқуға үйрету жеткіліксіз. Баланы дұрыс, тиімді, пайдалы 
оқуға үйрету – мұғалім мен ата-ананың басты міндеті, оқығанды түсіну мен 
қабылдауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу – сәттіліктің негізі болып 
табылады. 
Оқу дағдысы мағыналық және техникалық оқу деп аталатын екі жақтан 
тұрады. Мағыналық жағы оқығанды түсінуді, меңгеруді, есте сақтауды 


167 
қамтамасыз етеді. Техникалық – оқу тәсілін, оқу шапшаңдығын, қатесіз оқуды, 
дауыс ырғағын қамтиды.
Мағыналық оқылым – оқырманның мәтіннің мазмұнын және мағынасын 
түсінуге бағытталған оқу түрі. Мағынасын түсіну үшін мәтінді оқумен қатар, 
ақпаратты бағалау, мазмұнына пікір беру немесе мазмұнын айтып беру қажет. 
Мағыналық оқылым – жалпы орта білім беру бағдарламасын игерудің 
метапәндік нәтижесі, сонымен қатар әмбебап оқу әрекеті болып табылады. 
Мағыналық оқудың құрамдас бөліктері барлық әмбебап оқу әрекеттерінің 
құрылымына кіреді, яғни: 
- тұлғалық оқу іс-әрекеттері – кітап оқу уәждемесі, оқу уәждері, өзіне 
және мектепке деген көзқарастары; 
- реттеуші оқу іс-әрекеттері – білім алушының оқу міндетін қабылдауы, 
қызметті еркін реттеуі; 
- танымдық оқу іс-әрекеттері – логикалық және дерексіз ойлау, жедел 
жад, шығармашылық қиял, зейіннің шоғырлануы, сөздік көлемі;
- коммуникативті оқу іс-әрекеттері – мұғаліммен және құрдастарымен 
ынтымақтастықты және кооперациясын (латынша cooperatіo – ынтымақтастық, 
яғни жеке тұлғалардың ұжымдық кәсіпкерлігі, ұжымда жұмыс істеу білігі) 
ұйымдастыру және жүзеге асыру, ақпаратты барабар беру, сөйлеудегі пәндік 
мазмұн мен қызмет жағдайларын көрсету мүмкіндігі [13]. 
Көркем мәтінді, шығарманы толық игеру оқу мәдениетін меңгеруді 
қарастырады. «Оқу техникасы», «оқу шапшаңдығы» ұғымдары тыныш, 
мағыналы оқуды білдіруі керек. Жақсы оқи алмайтын және оқығанының 
мағынасын тұсінбейтін бала басқа пәндер бойынша әртүрлі тапсырмаларды 
орындау кезінде үлкен қиындықтарға тап болады.
Оқу іс-әрекетінің қалыптасуы көбінесе мұғалімнің білім алушыны 
кітаптар әлеміне енгізуге пайдаланатын құралдарды таңдауына байланысты 
болады. 
Осыған 
байланысты 
білім 
алушылардың 
оқу 
іс-әрекетін 
қалыптастырудың келесі кезеңдерін атап айтуға болады (4-кесте). 
4-кесте – Оқу іс-әрекетінің кезеңдері 
Оқу іс-әрекетінің 
компоненттері 
Кезеңдер 
Оқуға дейінгі 
Оқу процесіндегі 
Оқығаннан кейінгі 
Мақсаты 
шығармалардың 
тақырыбын, сипатын, 
саны мен ерекшелігін 
болжау 
кітапты, 
пайда 
болған суреттер мен 
көріністерді бағалау 
негізінде 
оқудың 
нақты мақсатын қою 
мағынаны 
түсінуге 
қол жеткізу, барлық 
пайдалы ақпаратты 
алу 
Оқу 
іс-әрекетінің 
тәсілдері 
мазмұнның сыртқы 
көрсеткіштері 
бойынша 
болжау 
(мәтіндік 
және 
мәтіндік емес ақпарат 
құралдары: 
атауы, 
тақырыпшалардың 
атауы, 
алғы 
- есте сақтау; 
- суреттерді елестету; 
- талдау; 
- қайта оқу; 

шығармашылық 
түсіндіру; 

көркем 
сөзді 
(сөйлеуді) қабылдау); 
- жалпылау; 
- бағалау; 
- мәнерлеп оқу; 

шығармашылық 
тапсырмалар; 

жаңа кітаптарға 
үндеу; 
-жобалық қызмет 


168 
сөзі/кіріспе, 
қорытынды, 
мазмұны, 
иллюстрациялар) 

мағыналық 
оқу 
(таныстыру, іріктеп 
оқу) 
Оқу қабілеті – білімді сәтті меңгеруге ықпал ететін маңызды 
дағдылардың бірі болып саналады. Білім берудің бастапқы деңгейінде оқу 
техникасына көп көңіл бөлінеді. Бұл таңқаларлық құбылыс емес, өйткені дәл 
осы кезеңде оқу қарқыны қалыптасады [14]. 
Ғылыми әдебиеттерде «мағыналық оқу стратегиясы» білім алушылар 
графикалық түрде жасалған мәтіндік ақпаратты қабылдау және оны 
коммуникативті-танымдық міндетке сәйкес жеке мағыналық көзқарастарды 
өңдеу үшін қолданатын әдістердің түрі ретінде түсіндіріледі. Мағыналық 
оқылым өзінің құрамына оқудың мақсаттары мен міндеттерін түсінуді, әртүрлі 
мәтіндерден ақпаратты табу және алу, көркем, ғылыми-танымал, ресми 
мәтіндермен жұмыс істеу, мәтіндегі ақпаратты түсіну және дұрыс бағалау 
мүмкіндігін қамтиды.
Психологтардың көзқарасы бойынша, мәтінді түсінуге бағытталған 
процесте оқырманның назары мен есте сақтау қабілеті, қиялы мен ойлау 
қабілеті, эмоциялары мен ерік-жігері, қызығушылықтары мен көзқарастары 
біріктіріледі. Сондықтан, мәтінмен жұмыс жасау кезінде білім алушының 
психикалық процестерін белсендіру, мағынасын түсініп оқуға үйретудің негізгі 
психологиялық міндеттерінің бірі болып табылады. 
Күнделікті өмірде бізді қызықтыратын құбылыс немесе оқиға туралы 
егжей-тегжейлі ақпарат алу біз үшін маңызды, бұл мазмұнды толық түсіну 
(зерделеп, тұжырымдамалап оқу) арқылы оқуды қажет етеді. Әдетте, осылайша 
біз көркем әдебиетті (әңгімелер, өлеңдер, ертегілер және т. б.), ғылыми-
көпшілік мақалаларды, нұсқаулықтарды, рецепттерді, хаттарды және т. б. 
оқимыз. Бұл жалпы білім беретін мектептердің негізгі орта және жалпы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет