Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет146/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

4. «Сұрақ-жауап айдары» 
«Наурыз» - қандай мереке? 
«Бет ашар» қай кезде айтылады? 
Шапанды кімдер киген? 
Әйел адамның ұлттық киімі? 
Айт- мерекесі қандай мереке?
Қалың мал дегеніміз не? 
Қымыз қалай жасалады? 
Көрімдік дегеніміз не? 
5. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері білгірі» викторинасы. 
1. «Көже» қандай мерекеге дайындалады? / Наурыз/ 
2. «Көже» неше компоненттен дайындалады? / жеті/ 
3. Бала алғашқы қадамдарды жасаған кезде өткізілетін дәстүр қалай 
аталады? /«Тұсау кесу»/ 
4. Мерекеге немесе қонақтар үшін дайындалатын басты ұлттық тағам/ет: 
жылқы еті немесе қой етінен жасалатын «Бесбармақ»; 
5. Өте жұқа нан өнімі қалай аталады? /«Шелпек»./ 
6. Мұсылман мейрамы қалай аталады? / «Ораза»/ 
7. Қалыңдық үшін қандай ақы алады? / «Қалың мал»: жылқы, кілем, 
қалыңдықтың ата-анасына сыйлықтар/ 
8. Қалыңдық келгенде қандай салт өткізіледі? /«Беташар»/ 
9. Ізгі хабар үшін сыйлық қалай аталады? /«Сүйінші»/ 
10. Жаңа нәрсе үшін сыйлық қалай аталады? /«Байғазы»/ 
11. «Бата» дегеніміз не? Оны кім береді? / Бата. Ақсақалдар, ата-аналар/
береді.
12. Бала туылғаннан кейінгі 40-шы күні атап өтілетін мереке? / 
«Қырқыннан шығару»/ 
13. Балалар ойнайтын ұлттық ойын? / Асық/ 
14. Қазақтың қандай зияткерлік ойынын білесің? / «Тоғызқұмалақ»/ 


319 
15. Ұлттық ойындары ата? /«Аударыспақ», «Қыз қуу», «Қазақша күрес», 
«Бәйге», «Көкпар» 
16. Әдеби-музыкалық сайыс/ «Айтыс»/. 
Рефлексия. Мен не білдім? Жаңадан не үйрендім? Мен тағы не білгім 
келеді? 
Түрі: Сынып сағаты 
Тақырыбы: «Отбасы – бірлік пен берекеге толы»
Міндеттері: 
- отбасы туралы, шағын мемлекет ретінде, отбасы мүшелері арасындағы 
қарым-қатынас туралы білімді қалыптастыруға ықпал ету;
- өз халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды тәрбиелеуге ықпал 
ету. 
Сынып сағатының барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі: сынып үстелдері оқушылар төрт топқа бөлініп 
отыруы тәртібімен орналастырылады. 
2. Кіріспе. 
- Бүгін сабақта біз шаңырақ туралы сөйлесеміз. 
- Бұл сөздің лексикалық мағынасын кім түсіндіре алады? (балалардың 
жауаптары) 
- иә, әркімнің өз үйі, өз шаңырағы бар – пәтер, үй, киіз үй, яғни ол 
жұмыстан, мектептен оралатын орын. Үй барлық адамдарды біріктіреді. 
- Қалай ойлайсыз, бір шаңырақ астында өмір сүретін, қандас туыс және 
ортақ тұрмыспен, өзара көмекпен байланысты адамдарды қалай атауға болады? 
(Отбасы). 
- Отбасы құрамына кім кіреді? 
- Өз отбасыларыңыз туралы айтып берсеңіз, оларды не біріктіреді? 
- иә, отбасыларда тұратын адамдар туыстық қатынаста, олар жалпы 
өмірмен байланысты және ұқсас белгілер мен қасиеттерге ие.
- Оларды жалпы «құндылықтар» біріктіреді ме? (балалардың жауаптары) 
құндылықтар материалдық және рухани болуы мүмкін. Бұған көз жеткізу үшін 
бір ойын ойнауға болады. 
Ойын: балалар шеңбер болып тұрады. Жүргізуші оң қолын жоғары 
көтеріп, отбасына тән кез-келген материалдық құндылықтарды атайды. 
Отбасында осындай құндылықтар бар оқушы көшбасшыға келіп, оны оң 
қолынан ұстайды. Содан кейін жүргізуші сол қолын көтеріп, отбасы 
мүшелерінің рухани құндылықтарын атайды. Отбасында осындай құндылықтар 
бар оқушы көшбасшыға келіп, оны сол қолынан ұстайды. Оң жақта тұрған 
оқушы оң қолын көтеріп, отбасына тән келесі материалдық құндылықты 
атайды, содан кейін рухани құндылық деп аталып, осылайша келесі 
оқушыларман жалғасып кете береді. 
- Ойыннан не байқадыңыздар? Біздің көпшілігімізде үйде, отбасында 
ортақ құндылықтар бар екен. Бұл жақсы немесе жаман ба? сипаттама беріңіздер 
(балалардың жауаптары). 


320 
- Біз әр отбасының өзіндік құндылықтары, материалдық, рухани 
құндылықтары бар екенін анықтадық. Әр отбасы бір-біріне ұқсамайды, бірақ 
ортақ қасиеті бар, онсыз отбасында бейбітшілік пен келісім орнату қиын. 
3. «Өсиет әңгіме» әңгіме жұмысы. 
- Неліктен ата-аналар туралы айтқанда, тек бір үй туралы емес, ата-ана 
шаңырағы туралы айталды, қалай ойлайсыздар? «Үй» немесе «Отбасы 
шаңырағы» деген ұғым отбасындағы туыстық, бірлік туралы қандай ақпарат 
береді? 
- Отбасы шаңырағы адам өмірінде бастауы деп неліктен жиі айтылады? 
Отбасы шаңырағының – қабырғасы, шатыры нені білдіреді? (балалардың 
жауаптары)
- Ал киіз үй отбасы шаңырағы бола ала ма? Киіз үй құрылымының 
қорғайтын және рудан руға берілетін қандай элементі рудың символы болып 
табылады? (балалардың жауаптары) 
- Балалардан киіз үйдің құрылысын талап, айтып беру ұсынылады. 
Өсиет әңгіме.
«Ежелгі уақытта таңғажайып отбасы жер бетінде өмір сүріпті. Отбасы өте 
үлкен – жүз адамнан тұрады, онда бейбітшілік, махаббат пен келісім орнаған. 
Бұл отбасы туралы қауесет жоғарғы билеушіге де жетеді. Ол осындай мейірімді 
және бақытты адамдар тұратын отбасының құпиясын білу үшін осы отбасына 
баруды шешті. Ол осы қалаға жол тартып, отбасының негізін қалаушы қарияға 
келеді. Билеуші мұның рас екеніне көз жеткенде, ол отбасы басшысы қариядан, 
«бір-біріңмен ешқашан ұрыспай, қалай өмір сүруге болады? деп сұрағанда 
қария оған қағазға оған жүз рет бір сөз жазып, билеушінің қолына ұстатады. 
Билеуші қағазға жазылғанды оқығанда, оның жүзінен таңқалғандық байқалды». 
Топтық жұмыс. 
- Отбасы басшысы қандай сөз жазды? Сізге ұсынылған параққа қария 
айтқан сөзді жазыңыз және неге бұл сөз билеушіні таңдандарғанын түсіндіріңіз.
Оқушыларға отбасы үйі – киіз үйді құрастыу тыпсырылады. (оқушылар 
алдын-ала дайындалған парақтарды тақтаға бекітеді, нәтижесінде тақтада киіз 
үйдің бейнесі пайда болады). 
- Тату отбасын құрушы қария парақта қандай сөз жазды? Бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет