Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет70/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Антарктида 
Жұма, 9-желтоқсан 
 
Қымбатты Даниэл! 
Міне, саған жазуға уәде берген хат және фотосурет. Көптеген 
танымал зерттеушілерден кейін осында болғаныма қалай қуанатынымды 
елестетіп көр. Мұндағы өмір мен үйренген өмірден мүлдем өзгеше. 
Мұнда жаңа азық-түліктер, дүкендер жоқ, сондықтан біз құрғақ, 
консервіленген немесе мұздатылған тағамдарды жеуге мәжбүрміз (оларды 
тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ – жай ғана сыртта қалдыруға 
болады). Біз асты кішкентай газ плиткаларында пісіреміз, тағам әзірлеу үйге 
қарағанда көп уақыт алады. Мен кеше қызанақ тұздығы мен консервіленген 
көкөністер қосылған кеспе, содан кейін десертке – дәмі картонға ұқсайтын 
кептірілген құлпынай әзірледім. 
Мен балғын алма мен апельсинді сағындым – сенің оларды маған жібере 
алмайтының өкінішті! 
 
Сүйіспеншілікпен, Сара. 
Дереккөз: 
http://window.edu.ru/resource/352/60352/files/Report_PIRLS2006.pdf
 
Сонымен, бастауыш мектептің соңғы сыныбында оқитын білім 
алушыларға арналған «Антарктида: Мұзды құрлық» мәтіні «Антарктидамен 
танысу» және «Антарктидадан келген хат» деп аталатын екі блоктан тұрады. 
Сонымен қатар «Антарктидамен танысу» блогы «Антарктида дегеніміз не?», 
«Антарктидадағы ауа райы», «Антарктидадағы пингвиндер» деп аталатын 
шағын-шағын үш тақырыпшаны қамтиды. 
«Антарктида: Мұзды континент» мәтінінің сұрақтары: 
1. Антарктиданы глобустың қай бөлігінен табуға болады? 
_______________________________________________________________ 
2. Антарктида – Жер бетіндегі ең суық орын. Ол тағы немен 
ерекшеленеді. 
А) ең құрғақ және ең бұлтты жер 
Б) ең ылғалды және ең желді жер 


156 
В) ең желді және ең құрғақ жер 
Г) ең бұлтты және ең биік жер. 
3. Антарктиканың қай бөлігі ең суық болып табылады? 
_______________________________________________________________ 
4. Антарктида мақаласында не туралы айтылғанын ойла. Антарктидаға 
келген адамдардың көпшілігінің сәуір айынан бастап қыркүйек айына дейін 
оны неліктен жасамайтындығының екі себебін келтір. 
1. _____________________________________________________________ 
_______________________________________________________________ 
2. _____________________________________________________________ 
_______________________________________________________________ 
5. Мақалада «жаңа ғана қайнаған суды ашық ауада ыдыстан жерге төксе, 
ол су жердің бетін басып жатқан мұзға жетпестен қатып қалады» мәлімдемесі 
не үшін айтылған? 
А) Антарктидадағы су қандай ыстық екені туралы айту 
Б) Антарктидада не ішетінін көрсету
В) Антарктидадағы ғалымдардың жұмысы туралы айту 
Г) Антарктидада қаншалықты суық екенін көрсету. 
6. Мақалада пингвиндер қанаттарын не үшін пайдаланатыны туралы не 
айтылған? 
А) ұшу үшін 
Б) жүзу үшін 
В) балапандарын жылыту үшін 
Г) бойын тік ұстап жүру үшін. 
7. Пингвиндердің Антарктидада қатып қалмауына не көмектеседі? Үш 
мысал келтір. 
1. _____________________________________________________________ 
2. _____________________________________________________________ 
3. ____________________________________________________________ 
8. Сараның хатынан Антарктидадағы тағамдық азық-түлік туралы не 
білдің? Екі мысал келтір. 
1. _____________________________________________________________ 
2. _____________________________________________________________ 
9. Сенің Антарктидада болғың келер ме еді, сол туралы ойлан. Ол жақта 
не үшін болғың келеді немесе болғың келмейтінің туралы түсіндір. Ол үшін 
«Антарктидамен танысу» және «Антарктидадан келген хат» бөлімдерінде 
оқығандарыңды пайдалан. 
_____________________________________________________________ 
_____________________________________________________________ 
10. Антарктидағы мұздың қалыңдығы туралы мақаланың қай бөлімде 
айтылады? 
А) Антарктида дегеніміз не? 
Б) Антарктидадағы ауа райы 
В) Антарктидадағы пингвиндер 


157 
Г) Антарктидадан келген хат 
11. Бұл мақалада Антарктида туралы мәліметтерді ұсынудың екі түрлі 
тәсілі келтірілген: 
• Антарктидамен танысу 
• Антарктидадан келген хат 
Саған ұсынудың осы әдістерінің қайсысы неғұрлым қызықты болып 
көрінеді? Неге олай ойлайтыныңды түсіндір. 
PIRLS-2016 халықаралық зерттеуінің оқу деңгейін ақпаратты игеру және 
пайдалану мақсатында тексеретін мәтіндері еліміздің жалпы білім беру 
ұйымдарының бастауыш білім беру деңгейі үшін айтарлықтай ерекше болып 
саналады, себебі тапсырма бойынша білім алушылар әр түрлі формада, мысалы, 
мәтінде, суретте, план-схемада ұсынылған ақпаратты оқулары тиіс. Сонымен 
қатар әрдайым дерлік мәтіндер тұтас емес, бірнеше фрагменттерден тұратын 
мәтіндер, мәтіндердің көлемі 430 сөзден 700 сөзге дейінгі көлемді қамтиды. Әр 
мәтінге 11-ден 15-ке дейінгі тапсырмалар ұсынылған.
Қарастырылып отырған «Антарктида: Мұзды құрлық» мәтіні зерттеу 
құралының құрамына енетін ақпараттық мәтіндердің ерекшелігі туралы 
көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ зерттеу мәтіндерінің 
ішінде құмырсқалармен, есекқұрттармен және жауын құрттарымен жүргізілген 
эксперименттерді сипаттайтын, 39 түрлі эксперименттің әрқайсысының 
сипаттамасы барысында эксперимент дайындау үшін не істеу қажет екенін 
және қандай ретпен орындау қажеттігін таныстыратын мәтіндер де бар.
Біздің 
оқу 
бағдарламалары 
бойынша 
бұндай 
тапсырмалар 
қарастырылмағандығын айта кету қажет. 
«Антарктида: Мұзды құрлық» мәтінінің әр тапсырмасы және ақпараттық 
мәтіндерді түсіну ерекшеліктері туралы ақпарат төмендегі кестеде берілген (3-
кесте). 
3-кесте – «Антарктида» мәтініндегі тапсырмаларды орындау туралы ақпарат 
№ 
Бағаланатын дағдылар тобы 
Тапсырманың формасы 
және ең жоғары мүмкін 
балл 
Халықаралық шкала 
бойынша күрделілік 
деңгейі 

Анық түрде берілген ақпаратты 
табу 
Еркін жауап: 1 балл 
Төмен 

Анық түрде берілген ақпаратты 
табу 
4 нұсқадан дұрыс жауап 
таңдау: 1 балл
Жоғарырақ 

Анық түрде берілген ақпаратты 
табу 
Еркін жауап: 1 балл 
Орташа 

Ақпаратты 
түсіндіру 
және 
қорытындылау 
Еркін жауап: 2 балл 
Төмен 
Жоғары 

Қорытындылар құрастыру 
4 нұсқадан дұрыс жауап 
таңдау: 1 балл 
Орташа 

Анық түрде берілген ақпаратты 
табу 
4 нұсқадан дұрыс жауап 
таңдау: 1 балл 
Төмен 

Қорытындылар құрастыру 
Еркін жауап: 3 балл 
Төмен 
Орташа 


158 
Жоғарырақ 

Анық түрде берілген ақпаратты 
табу 
Еркін жауап: 2 балл 
Төмен 
Орташа 

Ақпаратты 
түсіндіру 
және 
қорытындылау 
Еркін жауап: 2 балл 
Төмен 
Орташа 
10 
Мазмұнды, 
тілдік 
және 
құрылымдық 
ерекшеліктерді 
талдау және бағалау 
4 нұсқадан дұрыс жауап 
таңдау: 1 балл 
Жоғарырақ 
11 
Мазмұнды, 
тілдік 
және 
құрылымдық 
ерекшеліктерді 
талдау және бағалау 
Еркін жауап: 1 балл 
Жоғарырақ 
Дереккөз: 
http://window.edu.ru/resource/352/60352/files/Report_PIRLS2006.pdf
 
Мысалы, №3 сұрақ. Антарктиканың қай бөлігі ең суық болып табылады? 
Жауабы: Антарктиданың ең суық бөлігі Оңтүстік полюс болып табылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет