Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет71/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

немесе Антарктиданың орталығы – бұл жауап та дұрыс жауап ретінде 
қабылданады.
Мәтінде солтүстікте суық, ал оңтүстікте әрдайым жылы күнделікті 
тұрмыстық көзқарастардың болуы, тұрмыстық көзқарастардың басымдық 
алуына жол беруі мүмкін, яғни әдеби мәтіндерді талдау барысында білім 
алушылар мәтіннен алған білімінен өзінің күнделікті тәжірибесіне қарай 
бұрылып кетулері ықтимал.
«Антарктида: Мұзды құрлық» мәтінінің №4 сұрағы оқырманның мәтін 
құрамындағы ақпаратты түсіну дағдысын, яғни білім алушы мәтіннің 
хабарламаларынан Антарктиданың табиғи ерекшеліктері туралы қарапайым 
қорытынды жасай алады деп болжайды. 
Максималды балл алу үшін мақалада айтылған: 1) өте суық; 2) тұрақты 
қараңғылық деген екі себепті де көрсету қажет, сонымен қатар бұл кезде 
Антарктидада қыс мезгілі деп қарапайым жауап беру жеткіліксіз болып 
саналады; қатты суық және қыс бойы қараңғы болып тұратынын айту міндетті 
болып табылады.
Бастауыш сыныпта оқитын оқырмандардың көпшілігі мәтінде берілген 
екі жауаптың біреуін ғана келтіреді. Сонымен қатар, солтүстік жарты шарда 
(қоңыржай, шөл, шөлейтті аймақтарда) өмір сүретін балалар үшін 
Антарктидада сәуір айынан қыркүйек айына дейін қыс болатыны 
эмоционалдық қатты әсер етуі, сондықтан да негізделген жауап бере алмаулары 
мүмкін. Сонымен қатар, мысалы: 1. Бұл уақытта өте суық. 2. Бұл кезде 
Антарктидадағы ауа температурасы –89
0
С тәрізді келтірілген фактілердің 
әртүрлі немесе бір-бірін қайталайтындығын ажырату қиындық себептерінің бірі 
болып саналады. 
№5 тапсырма. Мақалада «жаңа ғана қайнаған суды ашық ауада ыдыстан 
жерге төксе, ол су жердің бетін басып жатқан мұзға жетпестен қатып қалады» 
мәлімдемесі не үшін айтылған? 
Бұл тапсырмада білім алушылар мәтінде тікелей айтылмаған, бірақ 
себебін түсіндіретін мәлімдеме болып табылатын фактіні ажырата алулары 
тиіс. 


159 
№6 тапсырма. 
Білім алушылар сұраққа жауап беру барысында ұсынылған мәтінге 
қарамай, «балапандарын жылыту үшін» тәрізді өздерінің көзқарасын 
пайдаланулары, бұған кітаптардан, журналдардан балапандарын қанаттарының 
астына алған тауықтардың көптеген суреттері себеп болуы мүмкін. 
Сонымен, бұрын алынған білімнің және күнделікті тұрмыста қалыптасқан 
көзқарастар негізіндегі ақпарат, бұл әрдайым күрделі және динамикалық 
процесс. Әрине, алдыңғы тәжірибе мәтінді қабылдауға көмектесері сөзсіз. Бірақ 
ол мәтіндегі ақпаратқа қайшы келсе, ол сол ақпаратты қабылдауға кедергі 
келтіруі мүмкін. Бұл бастауыш сынып білім алушыларының көпшіліге тән 
қиындық деп айтуға болады, яғни жас оқырмандар бұндай жағдайда бұрыннан 
қалыптасқан көзқарастан алшақ кете алмайды және ұсынылған мәтіндегі 
ақпаратты қолданбай назардан тыс қалдырады [9]. 
Осыдан шығатын қорытынды: 
- білім алушыларды мәтінге берілген тапсырмаларды түсініп оқуға, нақты 
қабылдауға; 
- жауап беру немесе жауап жазу барысында тапсырманың барлық 
құрамдас бөліктерін назардан тыс қалдырмауға; 
- екі мысал келтіруді қажет ететін тапсырманың талабын аяғына дейін 
орындауға (бір мысал келтірумен шектелмеуге); 
- мысал келтірумен қатар өз пікірін айтуды/жазуды немесе дәлелдеуді 
талап ететін тапсырмалардың екінші бөлігін ұмытпай орындауға; 
- мәтіннің әр түрлі бөліктерінде (мысалы, мәтіннің басында және 
аяғында) берілген ақпаратты жинақтап қорытындылауға; 
- жауап нұсқаларынан бір мәлімдемені таңдап қана қоймай, өз таңдауын 
дәлелдейтін мысалдар келтіре білуге; 
- ғылыми-көпшілік мәтіндегі ақпаратпен жұмыс істеу барысында қажетті 
фрагментті мұқият қайталап оқуға үйрету. 
Қорытындылай келе, білім алушылардың оқу сауаттылығы деңгейінің 
қалыптасуына білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы, ынтасы; 
өз оқу жетістіктерін бағалауы; сабақтарда мәтінмен жұмысты ұйымдастыру; 
білім алушылардың бос уақытында кітап оқуға бөлетін уақыты; білім 
алушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы отбасының рөлі (ата-аналардың 
білімі; үйдегі кітаптар саны; ата-аналардың оқуға деген көзқарасы; мектепке 
түскенге дейін оқу дағдыларын қалыптастыру бойынша ата-аналардың 
балаларымен сабақ оқуы) тәрізді факторлардың әсер ететіндігін айта кету 
қажет.
Білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру жұмыстарында 
PISA, 
PIRLS 
халықаралық 
зерттеулерінің 
тапсырмаларын; 
аталған 
зерттеулердің тапсырмалары негізінде Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА 
әзірленген:
«
TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды 
дайындауға арналған есептер жинағы»; «PISA-2015 халықаралық зерттеуге 
дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» 
әдістемелік құралдарын қолдануды ұсынамыз. 


160 
Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды 
болғанымен, 
оқу 
сауаттылығын 
дамыту 
тапсырмасы 
Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын 
заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі 
қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде 
қарастырылады. Оқу мәдениеті білім алушылардың нақты және жаратылыстану 
ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да 
пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу 
мәдениеті – өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын 
қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда 
әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда білім 
алушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады. 


161 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет