Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет93/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
 
Флешбук – дәйексөз, сурет, презентация және басқа да қызықты 
таныстырулар, кітап туралы өзінің ақпараттары арқылы кітап туралы бір 
кітапқа тұсаукесер өткізу, екінші түрі – заманауи ақпараттық технологияларды 
қолдана отырып кітап оқуды насихаттау (7-қосымша). 
Бір білім алушы немесе бір сынып өзіне/өздеріне ұнаған кітап туралы 
презентация өткізеді. Мектеп дәлізінде, кітапханада кітаптан алынған 
дәйексөздер жазылған плакаттар, мазмұны бойынша салынған суреттер ілінеді. 
Белгіленген күні презентация өткізіледі. 


212 
Екінші 
түрі 
– 
әлеуметтік 
желілерде 
(ВКонтакте, 
Facebook, 
Одноклассники, Мой Мир, Instagram, Pinterest, Telegram және басқа) өзіне 
ұнаған кітаптың атымен аталатын аккуант құру және оған өзінің достарын 
шақыру. Аккуанттың мазмұнында кітаптан мәтінен алынған үзінділер, 
иллюстрациялар, автордың өмірбаяны, түрлі мультимедиялық серверлер (вики 
қызметтері)қосылады, 
оқырманның 
өзінің 
кітап 
туралы 
пікірі 
орналастырылады, осылайша кітапты жарнамалау жүзеге асырылады [25]. 
 
 
Библиофреш – кітапханадағы жаңа кітаптарға библиографиялық 
шолу жасау. 
Аталған іс-шараны сынып жетекшісі мен кітапханашы бірігіп өткізуге 
болады. Мектеп немесе ауыл/қала кітапханасындағы жаңа кітаптарға шолу 
жасалады. Кітап мазмұны, авторы туралы баяндаумен қатар, үзінділер 
оқылады. Кітап желісімен кино-фильмдер, мультфильмдерден үзінділер 
көрсетуге болады. 
 
 
Әдеби вернисаж
1) ойын түрінде өткізіледі, сынып 2 топқа бөлінеді, 1-топ «әдеби 
портреттегі» кейіпкерге аннотация беріп шығармасынан үзінді оқиды, 2-топ сол 
кейіпкерді табулары тиіс; 
2) кітапханашы қорға түскен жаңа кітаптар, қызықты немесе ерекше 
басылымдартуралы әңгімелейді, содан кейін оқырмандарды барлық 
жаңалықтарды көруге, қызықты кітаптарды таңдауға, оқыған кітаптарынан 
алған әсерлерімен бөлісуге шақырады; 
 
 
«ВOOKСROSSING» жобасыхобби және флэш-мобқа ұқсас 
қоғамдық қозғалыс. Буккрооссинг – белгілі бір қызықты кітапты оқып болған 
соң, келесі адаммен алмасу, мектеп бойынша ұйымдастыруға болатын іс-шара. 
Кез-келген адам өзіне ұнайтын кітапты алып-оқиды, оқығанын қалдыра алады. 
Буккрооссингтің мақсаты – кітаптарды «босату», яғни еркін жүзуге жіберу. 
 
 
«Кітаптар керуені» – бір немесе әр түрлі тақырыптағы бірнеше 
кітаптың тұсаукесеріне арналған іс-шара. Мысалы, жаңа кітаптар керуені, 
ұмытылған кітаптар керуені. Дәйексөз, сурет және кітап туралы қызықты 
ақпарат арқылы кітапқа тұсаукесер өткізу 
Мақсаты – кітап оқуды, кітапханаға баруды насихаттау, білім 
алушылардың бойында кітап оқуға, рухани және зияткерлік өсуге, өзін-өзі 
тануға және өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік қалыптастыру. 
Білім алушыларды, олардың ата-аналарын, білім беру ұйымының 
қызметкерлерін Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романын, Мұхтар Әуезов 
«Абай жолы» романын, және т.б. оқуға (бұл жерде кез келген шығарманы алуға 
болады) шақыру мақсатында «Кітаптар керуені» іс-шарасын өткізу үлгісін 
қарастырып көрелік. 
Іс-шараға қамтылатын аудитория: 5-11 сынып білім алушылары, ата-
аналар, педагогтер. 


213 
Іс-шара 
жарнама 
немесе 
таныстырылым 
түрінде 
өткізілетін 
болғандықтан, жарнамашы-таныстырушылар кітапты өздері оқулары міндетті 
шарт болып табылады. 
Таныстырылым презентация және шығармадан үзінділер оқу түрінде 
өткізілуі мүмкін. Мысалы: 
Роман XIX ғасырдың екінші жартысында туған қазақтың ұлы ғалымы 
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен елі үшін атқарған қызметі туралы. 
Сәбит Мұқанов шығыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өткен 
Шоқан Уәлихановтың өмірін ұзақ жылдар бойы зерттеген. 
Бірінші кітапта Шоқанның әкесі Шыңғыстың өмірі туралы баяндалады. 
Екінші томда Шоқан Уәлихановтың тұлға ретінде қалыптасуы шебер 
бейнелеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет