14- дәріс
Тақырыбы: «Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы
Оқушыларды математиканы оқыту барысында білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі есеп болып табылады. Есепті шешу барысында сабақтың тек білімділік міндеті ғана емес, дамытушылық, тәрбиелік және практикалық міндеттері де шешіледі.
Бірінші сыныптан бастап-ақ оқушылар есеп, оның мәнді белгілері, құрамды бөліктері және оны шешу процесімен таныса бастайды.
Жалпы есептің екі түрі болады: жай және құрама. Жай есеп дегеніміз бір амалмен шығарылатын, ал құрама дегеніміз екі немесе одан да артық амалмен шығарылатын есептер. Жай есептің бірнеше түрлері бар:
І. Арифметикалық амалдардың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер.
Бұлар өз кезегінде бірнеше жай есептерге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |