Интернет көздері
http://www.edu.gov.kz/
http://www.it-n.ru/communities
http://www.koob.ru
http://books-center.ru
Глоссарий
Бағдарлама – нормативті құқықтық ресми құжат; әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
ДБІ – дидактикалық бірліктерді іілендіру;
Деформацияланған жаттығулар – өзгеріске ұшыраған жаттығулар;
Дифференциациялау – саралау, даралау;
Есеп – математикалық жаттығудың ерекше түрі;
Мазмұндық - әдістемелік желілер – бастауыш мектепте оқытылатын негізгі материалдар;
МБК – математиканың бастауыш курсы;
ОӘК – оқу-әдістемелік кешен;
Остенсивті – көрсету;
Палетка – квадратсантиметрлерге бөлінген мөлдір пластина;
Технология – оқу үдерісін жоспарлаудың жүйелік әдісі;
Теңдеуді шешудің жаңа тәсілдері – тура теңдіктің қасиетіне сүйеніп және амалдардың өзара кері екендігіне сүйеніп шешу;
Перспективтік байланыс – болашақта оқылатын сыныптардағы материалдармен байланыс.
Позициялық және позициялық емес – санау жүйелері
Позициялық санау жүйесі – әр белгінің орнына байланысты әр мәнге ие болуы (222 санындағы алғашқы 2 жүздікті, екінші 2 ондықты, үшінші 2 бірлікті білдіреді)
Позициялық емес санау жүйесі – сандарды жазған кезде әр белгінің орны ешқандай роль атқармайды. (рим нумерациясының ХХХІІІ санындағы Х әрқашан да он дегенді, ал І әрқашан да бір дегенді білдіреді.
Ондық санау жүйесі – қатаң позициялық жүйе болып саналады
Перцептивтік әрекет – затты оқып үйрену, зерттеу, қолмен ұстау, сипап сезу
Индуктивті әдіс – жекеден жалпыға қарай
Дедуктивті әдіс – жалпыдан жекеге қарай
Санау – іс-әрекет
Кеңістік – біздің санамызға тәуелсіз материяның өмір сүру нысаны, объективті шындық
ББД – білім, білік және дағды
Сабақтастық - өтілгенге тірек, балаларда бар білім, білік және дағдыларды пайдалану және оны әрі қарай дамыту
Есеп – математикалық жаттығудың ерекше түрі;
Технология – оқу үдерісін жоспарлаудың жүйелік әдісі.
Бағдарламаны жазған: Д. Тәңірбергенова пед.ғыл. канд., ҚР Білім Озаты
Кафедра меңгерушісі __________________ Махмутов Б.Л.
Достарыңызбен бөлісу: |