- фонетиканың зерттеу нысаны, дамуы, қалыптасуы туралы мәлімет беру;
- қазақ фонетикасының зерттелуіне шолу жасау;
- тіл дыбыстары туралы жалпы ақпар беру;
- дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;
- дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;
- фонема туралы түсінік беру;
- әрбір фонеманың айырым белгілеріне тоқталу;
- инвариант, вариант, вариация түрлеріне сипаттама беру;
- фонема-дыбыс-әріп арақатынасын түсіндіру;
- графика-графема-әліпби арақатынасын түсіндіру;
- дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарымен, дыбыстық өзгерістердің түрлерімен таныстыру;
- қазақ тілінің орфографиясы туралы жалпы мәлімет;
- орфография прициптерімен таныстыру;
- қазақ графикасы мен орфографиясының негіздерін фонологияға, сингармонизм заңына, әліпби теориясына табан тірей отырып, анықтауды үйрету;
- орыс графикасына негізделген қазіргі қазақ әліпбиінің әріп-фонема-дыбыс қорын түгендей отырып, қазақ жазуының фонологиялық негіздерін түсіндіру;
- қазақ тіл емле ережелерінің негізгі ұстанымдарын, емле ережелерінің фоно-морфологиялық сипатын айқындау қазіргі қазақ графикасы мен орфографиясындағы қиындықтардың себебін, орфограммалау тәсілдерін көрсету;
- қазақ әліпбиін ауыстыруға байланысты көпшілік тарапынан ұсынылған латын жобаларын типтендіріп, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жобасын талдау;
- қазақ тіліндегі орфоэпиялық заңдылықтарды игеру және қолдану;
- сөйлеу техникасы туралы жалпы ақпарат беру;
- сөз ағымы және оның бірліктерін көрсету;
- екпін және оның түрлерін саралау;
- интонация және оның негізгі бірліктері мен компоненттері саралау;
- орфоэпия және оның нормаларын меңгеру;
- қазақ тілі функционалдық стильдеріндегі мәтіндердің айтылым үлгілері (ғылыми мәтін, публицистикалық мәтін, көркем мәтін, ресми мәтін, сөйлеу мәтіні) дұрыс қолдану;
- сөзге толық фонетикалық, фонематикалық талдау жасап үйрету.
|