Символға түрлендіру
Сахнада орналасқан объектіні символға түрлендіру үшін оны ерекшелеп алып, Insert →Convert to Symbol (F8) командасын орындау керек. Ашылған сұқбаттық терезеде Create New Symbol сұқбаттық терезесіне ұқсайды, бір айырмашылығы Convert to Symbol терезесінде тіркеу нүктесін беруге болады. Объектінің тіркеу нүктесін кқрсету үшін Registration опциясының сәйкесті квадратын шерту керек.
Қажетті параметрлерді орнатып ОК батырмасын шерткен соң, символ библиотекаға қосылады да, жұмыс облысындағы ерекшеленген элемент оның экземпляры болады, квадраттық контурмен қоршалады. Шеңбердегі кресттен символдың тіркеу нүктесі көрсетіліп тұрады.
Символды дубльдеп, жаңа символ шаблоны ретінде пайдалануға болады. Ол үшін сахнадан символ экземплярын ерекшелеп, Modify →Duplicate Symbol орындау керек, пайда болған Symbol Name терезесінде жаңа символ атын беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |