Накладывающийся біріккен қозғалыстар. Қозғалысты вариациялау мүмкіндігін пайдалану. Мысалы: бірінші объект тоқтағанға дейін әлсін қозғалады.
Екінші ретті қозғалыс. Толқын эффектісін туындататын анимация эффектісі болады.
№7 Дәріс
ДЫБЫСТЫ ПАЙДАЛАНУ
Дыбысты Flash-ке әзірлеу.
Дыбыс Macromedia Flash фильміне мағына және резонанс береді. Әдетте адам минутына 20 рет жыпылықтайды, әрбір жыпылықтау шамамен секундтың ¼ бөлігіне созылады. Осыған байланысты адам миы визуальді ақпарат ағымының дискреттілігіне, яғни визуальді ақпараттағы паузаларды есте сақтауға машықтанған. Визуальді нүктелерді біріктіру қабілеті жылдам өтетін тізбек ретінде беретін статикалық бейнелерден тұратын фильмді қабылдауға мүмкіндік береді. Адам миы дыбыс вариациялары өте сезімтал болып келеді, яғни ол аудиоинформациядағы паузаларды есте сақтай алмайды. Фильм статикалық кадрлар түрінде жүзеге асатын болғандықтан, дыбыстық көркемдеу үздіксіз ағын немесе дыбыс жолағы арқылы беріледі. Алайда Web-те берілгендерді бейнелеу ерекшелігі дыбыс жолағының үздіксіздігін имитациялауда қиындық тудырады.
Дыбыс объектілердің тербелісі нәтижесінде туындайды. Бұл тербелістер ауа бөлшектерін ығыстырады да, кеңістікте дыбыс толқындары секілді тарайды. Ол толқындар құлық пернесіне жеткенде ми оларды дыбыс ретінде қабылдайды. Дыбыстарды бір-бірінен жиіліктері арқылы, яғни атмосфералық қысымның тербеліс жылдамдығы арқылы ажыратуға болады. Тербелістер көп болған сайын жиілігі жоғарылайды да, дыбыс тоны жоғары ретінде қабылданады. Ауа қысымының деңгейі амплитуда болып табылады. Дыбыс беру үшін Flash программасы дыбыс толқындарын ойнатады.
1-сурет. Дыбыс толқынының «анатомиясы». Жиілік – дыбыс тонын, амплитуда – дыбыс жоғарылығын (громкость) анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |