Құжат атрибуттарын баптау
Құжат атрибуттары немесе фильм қасиеттерімен жұмыс істеу үшін Property Inspector немесе Modify Document командасын орындау керек. Қасиеттер инспекторында фильм жасалу барысында үнсіз келісім бойынша тағайындалатын параметрлер орналасады, оларға қол жеткізу үшін сценалық (сахна) объектіден тыс жерде шерту жеткілікті. Size (өлшем) батырмасын басқанда Document Attributes сұхбаттық терезесі шығады. Мұнда жұмыс облысының өлшемін, келісім параметрлерін, фондық түс, кадрларды алмастыру жиілігін, сызғыштың өлшем бірлігін баптауға болады. Publish (жариялау) батырмасын шерткенде Publish Setting (жариялау параметрі), ал Background (Фон) түймесі жұмыс облысына беруге болатын түстер каталогын шығарады. Фильмді ойнату жылдамдығы секундына өтетін кадрлармен (frame per seconds – fps) өлшенеді, бұл мәнді тікелей Frame Rate (кадрларды алмастыру жиілігі) өрісіне енгізуге болады.
Уақыт шкаласы
Дәстүрлі фильм тәрізді Flash видеоклипі уақыт бірлігінде өтеді. Flash фильмінің мазмұнын басқару орталығы Timeline (уақыт шкаласы) болып табылады. Ол уақыт өтуімен әртүрлі кадрлар және кілттік кадрдың мазмұндарын көрсетуіне жауап береді. Timeline-да фильмді құрайтын барлық қабаттар мен кадрлар орнықтырылған және ағымдағы кадр индикаторы болып табылатын оқу тиегі орналасқан.
Кадрлар. Қозғалыс эффектісін туғызу үшін комбинацияланатын жекелеген статистикалық кванттар немесе уақыт моменттері кадрлар деп аталады. Кадрлар фильм кадрының орналасу реті мен олардың ойнатылу жылдамдығын және фильмнің жалпы ұзақтығын анықтайды. Кадр қою үшін Insert→Frame (Кірістіру→Кадр) командасын орындау керек немесе F5 басу керек.
Кілттік кадрлар. Кілттік кадрлар анимациядағы өзгерісті хабарлайды. Кадрларда өздеріне дейінгі кілттік кадрларда бейне қайталанады, тек жаңа кілттік кадрдан өткен соң ғана фильмнің мазмұны өзгере алады.
Кілттік кадр қою үшін Insert→Keyframe (Кірістіру→Кілттік кадр) командасын немесе F6 батырмасын басу жеткілікті. Кез келген кілттік кадрларда бұған дейінгі кілттік кадрдың мазмұны болады. Бұл пайдаланушыға алғашқы бейнеден өзге жерден өңдеуге мүмкіндік береді. Бос мазмұнды кілттік кадр қою үшін Insert→Blank Keyframe (Кірістіру→Бос кілттік кадр) немесе F7 бассақ болғаны. Уақыт шкаласында бос кілттік кадрлар бос шеңбермен, ал мазмұны бар кілттік кадрлар боялған шеңбермен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |