Берілгендер типі
|
TYPEOF
|
Анықталу әдісі
|
Мүмкін мәндері
|
Number (сан)
|
“Number”
|
Var x=6
|
Кез келген сан
|
String (қатар)
|
“String”
|
Var x= “too”
|
Кез келген символдар қатары
|
Boolean (бульдік)
|
“Boolean”
|
Var x=true
|
True,false
|
Object (обьект)
|
“Object”
|
Var x=myobj
|
Кез келген обьект
|
Array (массив)
|
“Array”
|
Var x=my Array
|
Кез келген массив
|
Null (бос)
|
“Null”
|
Var x=null
|
Null
|
Movieclip (видеоклип)
|
“Movie clip”
|
Var x=myclip
|
Видеоклиптің кез келген экземпляры
|
Function (функция)
|
“function”
|
Var x=mypunc
|
Кез келген функция
|
Undetined (анықталмаған)
|
“undetined”
|
Var x
|
undetined
|
1 – кесте. ActionScript берілгендер типтері.
Сценарийлер пайдаланатын фильм фрагменттерінің көпшілігі сандардың көмегімен басқарылады. Мысалы: Movieclip – тің 19 қасиетінің 13 – і сандық болып табылады. Сандардың көмегімен мөлдірлік, орналасу реті, айналдыру, масштабтау, видеоклиптің уақыт шкаласының өлшемі тағы сол сияқтылар басқарылады.
Санның ең маңызды типтері бүтін сандар (бөлшектік бөлігі жоқ) және жылжымалы үтірлі сандар (бөлшектік бөлігі бар 10,2:.01) болып табылады.
Number типіне төменде берілген арнайы мәндер де жатады:
А) Nan (“Сан емес”) – number типті элементтердегі сан емес берілгендерді көрсетеді.
В) Number. Max_Value – ActionScript – те бейнелеуге болатын массивтік сан (1.79769313486231е+308).
С) Number. Min_Value - ActionScript – те бейнелеуге болатын ең кіші оң сан (5е - 324).
Д) Infinity (оң шексіздік) - Number. Max_Value – ден көп анықталмаған сан.
Е) – Infinity (теріс шексіздік) - Number. Min_Value – ден аз анықталмаған сан. Константалар мен квадрат түбірлер Math обьектісінің қасиеттері секілді сақталады. Сандарды операторлар немесе кірістірілген функциялар арқылы басқаруға болады.
Қатарлар.
Программада берілгендер енгізу немесе видеоклип атауын алу кезінде қатарлар пайдаланылады. Видеоклиптің негізгі 6 қасиеттерінің 4 – уі қатар болып табылады.
String (қатар) берілгендер типіне тырнақшаға алынып жазылған әріптер мен санның кез келген тізбегі жатады.
Текстті немесе пайдаланушы енгізулерін бейнелеу үшін Flash MX – те DB CS екі байттық символдар жиыны мен Unicode символдар жиыны пайдаланылады. Unicode көптеген тілдерді, оның ішінде қытай мен хинди бейнелеу үшін үшін пайдаланылады. Сонымен қатар Flash MX Shift - Jis кодталуында қолдайды, ол жапон символдарын бейнелеу үшін пайдаланылады.
Unicode – ты пайдалану кезінде ескеру керек:
Шрифті бейнелеу үшін (қытай, жапон, корей, хинди, еврей) ол шрифтар компьютерде орнатылған болуы керек немесе Flash – фильмге ендірілуі керек.
Файлдан (XML – файлдарынан да) Unicode символдарын жүктеу үшін, файл Unicode форматында сақтау керек.
Файлдан жүктелмеген Unicode символдарын көрсету мүмкіндігін алу үшін System.useCodepage құжатталмаған қасиетті пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |