Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация


Растрлық суреттерді жіктеу



бет31/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Растрлық суреттерді жіктеу

Растрлық суреттерді жіктеу. Ерекшелеу және жеке өңдеуге болатын құраушы пиксельдерге жіктеуге негізделеді. Жіктелгенге дейін растрлық сурет тұтас болғандықтан онымен тек глобальді жұмыс істеуге ғана болады. Сурет жіктегеннен кейін оның жекелеген пиксельдерін редакциялау, бояу және сызу үшін инструменттерді пайдалануға болады.

Растрлық суреттерді жіктеу үшін оны ерекшелеп, Modify→Break Apart (Өзгерту→Жіктеу) командасын орындау керек.
Растрлық суреттерді сығу

Фильм файлында растрлық суреттердің болуы оның көлемін үлкейтетіндіктен, растрлық суреттерді сығу маңызды болып табылады. Фильмді публикациялау кезінде растрлық суреттерді сығу үнсіз келісім бойынша орналасқан параметрлерге сай жүргізіледі. Алайда сығудың стандарт параметрін өзгертуге болады. Ол үшін суретті Library панелінде ерекшелеп, Properties батырмасында тышқанды шерту керек. Экранда Bitmap Properties (растрлық суреттердің қасиеттері) терезесі пайда болады. Compression (Сығу) тізімінде қажетті параметрлерді таңдау керек. Мысалы: Photo (JPEG) – jpeg форматындағы суреттерді сығу үшін қолданылады. Сығудан кейін кейбір пиксельдер туралы анықтама алынып тасталады. Сығудың бастапқы параметрлерін сақтау үшін Use Imported JPEG Data (JPEG импортталған берілгендерін пайдалану) жалаушасын көтеру керек. JPEG-файлды әрбір сыққан сайын пиксельдер туралы ақпарат лақтырылып отырады, суреттің сапасы төмендей береді.

Пиксельдер туралы ақпаратты жоғалтпай сығу үшін Compression тізімінен Lossless (PNG/GIF) ((PNG/GIF) жоғалтпай) таңдаймыз. Бұл команданы бірнеше ғана түстен тұратын қарапайым суреттерді сығуға пайдаланған дұрыс.

Бастапқы файл мен сығылған файл параметрлерін салыстыру үшін Test (Тестілеу) батырмасын шерту керек, бұл кезде терезенің төменгі жағында сығу туралы мәлімет шығады. Update (Жаңарту) батырмасын шерту арқылы жасалған өзгерістерді алдын-ала қарау терезесінен көруге болады.

Bitmap Properties терезесіндегі Allow Smoothing (Тегістеуге рұқсат беру) жалаушасы растрлық суреттерді тегістеуге рұқсат етеді, ол қорытынды фильмде суреттің бұлыңғыр болуына немесе фокусының жоғалуына әкеп соқтырады.
4 Дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет