Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация



бет33/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

Символдар атрибуттары

Текст атрибуттарын екі категорияға жіктеуге болады: 1. жекелеген әріптер мен символдарға пайдаланатын 2. Абзацтарға пайдаланатын. Символ атрибуттарына шрифт, кегль, текст бағыты, кернинг, әріпаралық интервал және символдардың орналасуы жатады. Атрибуттарды, символдарды енгізгенге дейін және енгізгеннен кейін де баптауға болады.

Текст параметрлерін өзгерту үшін текстті ерекшелеп алып, қасиеттер инспекторындағы қажетті параметрлерді өзгертеміз. Text Direction батырмасы мәтіннің бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.

Кернинг деп – екі символ немесе әріптер арасындағы интервал, ал таңбааралық интервал деп – ерекшеленген символдардың немесе бүтіндей текстік блоктың арасындағы интервалды айтады. Таңбааралық интервал да, кренинг те оң және теріс мәндерді қабылдай алады. Autokern жалаушасы кернингті авто реттейді. Символдардың орналасу атрибуты сөздің базалық түзуге қатысты орналасу орнын анықтайды. Базалық түзу – шрифт символдары орналасатын көрінбейтін горизонталь сызық. Ол Normal (Қарапайым), Supescript (Жоғарғы индекс) және Subscript (төменгі индекс) мәндерінің бірін қабылдай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет