Білім беру бағдарламасы- компьютерлік анимация



бет32/107
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451310
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107
Компьютерлік анимация УМКД

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
Text инструменті және символдар атрибуттары

Flash MX программасында қарапайымнан бастап, анимацияланған текстпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдар жиынтығы бар. Сонымен қатар текстті сырттан динамикалық түрде енгізуге болады.

Мониторда көрінетін барлық мәтіндер пиксельдермен бейнеленеді. Бұл монитордың қосымшасының табиғатын ескермей нүктелер мен пиксельдер арқылы көрсетуіне байланысты. Бұл әдіс әріптерді бейнелеуде ыңғайсыз болып келеді. Көптеген әріптер блоктың конструкциясынан емес, элегантты қисықтардан тұрады. Бірақ та әріптерді бейнелеудің жалғыз жолы қисықтарды пиксельдерге түрлендіру болып табылады. Бірақ бұл кезде көп нәрсе жоғалады.

Қисықтың өзіндік әсемдігі пиксельдермен берілсе, сақтаудың бір әдісі тегістеу процедурасын пайдалану. Оны пайдалануда шрифт пен фон арасында аралық түске боялған пиксельдер қосылады. Бұл әріптің формасын неғұрлым тегістейді, алайда ол нақты болмайды.

Сонымен қатар растрлық шрифтерді пайдалануға болады, олар арнайы компьютерде бейнелену үшін қисықтарды пайдаланбай жасалған. Бұл шрифтер пиксельдік болғандықтан, олардың қатаң сақталатын өлшемдері мен позициялары болуы шарт. Бұл шрифтерді кіші өлшемді әріптерді бейнелеу үшін пайдаланған дұрыс. Flash-тың танымалдылығының өсуімен растрлық шрифтерді пайдалану аясы кеңеюде. Мұндай шрифтерді www.minimal.com түйінінен алуға болады, онда арнайы тақырыптар, негізгі текст үшін жасалған растрлық шрифтер бар. Ал тегін растрлық шрифтерді www.dsg4.com/04/extra/bitmap/index.htm және www.with-m.com; www.orgdot.com/aliasfonts алуға болады.

Тексті енгізуді бастамас бұрын View→Snap to Pixels командасын орындау керек. Бұл растрлық шрифтерді бүтін пиксельдерге дәл туралайды және уақыт шкаласына орналасқанда бұлыңғыр болмауын қамтамасыз етеді. Фильмге текст қосу үшін:

1.Text инструментін шертеміз 2. Жұмыс облысында тышқанды шерту керек, текстті енгізу басталатын нүкте жасалынады. 3. текстті енгізуді бастау.

Текстік блоктың оң жағында текстілік блоктың типін өзгертуге және оның өлшемін өзгертуге мүмкіндік беретін маркер бар. Квадрат – биіктігі анықталған текстілік блок, дөңгелек – текстіні енгізу барысында өзгеретін өлшемі анықталмаған текстілік блокты білдіреді.

Текстпен жұмыс істеу барысында Text немесе Arrow инструменттерін пайдалану керек. Text инструменті тексттің орналасуы, текстілік блок өлшемі мен текст көлемінде текстіні ерекшелеу үшін пайдаланылатын Arrow инструменті текстілік блоктың орнын ауыстыру мен оларды біртұтас редакциялау мақсатында пайдаланылады. Arrow инструментінің көмегімен текстілік блоктарға глобальді өзгерістер беруге болады, алайда ол өзгерістерді символдық деңгейде енгізуге болмайды. Жекеленген символдарды редакциялау үшін оны Text инструментінің көмегімен ерекшелеп алу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет