Текст параметрлері, текстті редакциялау және түрлендіру
Flash-пен жұмыс барысында Fla-файлға (фильмге) өзгеріссіз берілетін статистикалық тексттен басқа енгізілетін текст және динамикалық текстпен жұмыс істеуге болады. Берілгендерді енгізу өрісін және динамикалық текстті фильмнің ойнатылуы кезінде толтыруға болады, олармен жұмыс істеу ActionScript тілінің көмегімен жүзеге асады. Енгізілетін және динамикалық текстпен Fla-файлды жұмыс істеу үшін текстің орналасатын орны мен фильмде көрсетілуін анықтайтын текстілік өрістер жасап алу керек. Енгізілетін және динамикалық текст атрибуттары қасиеттер инспекторынан беріледі.
Енгізілетін текст фильмді ойнату процесінде қойылады. Енгізілетін текст өрістеріне сәйкесті айнымалы аттары беріледі, бұл оларды ActionScript көмегімен сақтауға және пайдалануға мүмкіндік береді.
Енгізілетін текст қою үшін Text инструментін алып қасиеттер инспекторынан Text Type өрісінен Input Text (Енгізілетін текст) таңдаймыз. Енгізілетін текст шектері пунктирлі сызықпен беріледі, оң жақ төменгі бөлігінде енгізілетін және динамикалық текст блогын білдіретін маркер болады. Пайдаланушыға текстті енгізу үшін қай жерде тышқанды шерту керек екенін көрсету маңызды. Егер ол графикалық түрде анық болмаса, енгізілетін текст шектерін көрсету (Show Borders батырмасы) опциясын қосу керек. Енгізілетін текст облысы ақ фонды қара контурмен беріледі.
Динамикалық текст фильмнің ойнатылу процесінде сыртқы көзден ендіріледі. Динамикалық деп-Fla файлда әзірленіп қоймаған, ойнатылу барысында таңдалатын мазмұн айтылады. Бұл әдетте өте жиі өзгеріп отыратын (мақалалар, жаңалықтар) заттар үшін тиімді, себебі бұл кезде Fla файлды редакциялау қажеттігі болмайды. Динамикалық текст қосу үшін:
Text Type өрісінен Dynamic Text таңдау керек.
Жұмыс облысында динамикалық текст өрісін жасаңыз.
Қажетті параметрлерді орнатыңыз.
Енгізілетін және динамикалық текстті арнайы форматтау әдістері бар. Бұл тексттік өрістер үшін экземпляр аттарын беру керек, ол Instance Name өрісі арқылы жүзеге асады.
Текстік өріске ат беру үшін Variable (Айнымалы) өрісіне енгізу керек, ол түрлі есептерді программалық жолмен жүргізуге, сонымен қатар өрістің мазмұнына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Line Type (қатар типі) – менюі текстілік өріске неше қатар текст енгізуге болатынын анықтайды. Мәндері: Multiline (Бірнеше қатар), Multiline No Wrap (Жаңа жолға өтусіз бірнеше қатар енгізу).
Maximum Characters (Символдардың максимал саны) өрісі – текстілік өріске енгізілетін символдар санын шектеуге мүмкіндік береді.
Render As HTML (HTML секілді бейнелеу) – батырмасы HTML-ға сәйкесті дескрипторларды пайдалану мүмкіндігі.
Selectable Text (Ерекшеленетін текст) – динамикалық текстті ерекшелеу мүмкіндігін қосу немесе ажырату.
Flash-те текстті редакциялауда текстті өңдеудің базалық әдістерін қолдануға болады, текстті көшіруге, кесіп алуға, содан соң басқа қосымшаларды да қоюға болады. Алайда Flash-те орфографияны тексеру опциясы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |