FLASH ИНТЕРАКТИВТІЛІГІ
Батырмалар және олардың түрлері.
Flash графика, анимация және интерактивтіліктің керемет үйлесімділігін береді. Flash–те тек графика және анимацияның мазмұнын жасау ғана емес, ActionsScript сценарийлер тілінің көмегімен пайдалануға ол мазмұнды өздігінен басқаруға мүмкіндік беруге болады.
Flash фильмге әртүрлі сценарийлер, пайдаланушының бір әрекетіне жауап беретін сценарийлер жасауға болады, тышқанның басуынан бастап кез келген текстік өрістерге берілгендерді енгізуге дейінгі әрекеттер болуы мүмкін. Интерактивтілікті қарапайым және күрделі жолмен жүзеге асыруға болады.
Батырмалар
Батырмалар 4 кадрдан тұратын интерактивті видеоклиптер. Олар пайдаланушының әрекетіне жауап беру арқылы кері байланысты ұйымдастырады. Батырма символын әзірлеуде Flash автоматты түрде батырманың 4 түрлі күйіне жауап беретін 4 кадрлардан тұратын уақыт шкаласын ашады. Бұл кадрлерда графика, анимацияланған видеоклиптер және дыбыстар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |