Қарапайым батырмалар
Қарапайым батырмалар әртүрлі жағдайда (up, Over, Down) аса көп емес өзгерістерді беру үшін пайдаланады. Қарапайым батырма жасау үшін:
Insert – New Symbol (Ctrl+F8) командасын орындап, Create New Symbol сұхбаттық терезесін ашу.
Name өрісіне атау беріп Behavior (әрекет) бөлімінде Button (батырма) опциясын орнату керек.
Ок батырмасын шерту керек. Нәтижесінде уақыт шкаласындағы бірінші кадрға (Up жағдайына сәйкес келеді) кілттік кадр қойылады. Бұл жағдай жұмыс облысындағы батырманың күйіне сәйкес келеді.
Сурет салу инструментін пайдаланып, Up кадрында батырма формасын жасау керек.
Over жазуы орналасатын кадрды шертіп, Insert→Keyframe (Ctrl+F6) командасының көмегімен қабаттарға кілттік кадрларды қосу керек. Нәтижесінде жұмыс облысында бірінші кадрдағы графикалық бейне шығады.
Батырманың графикалық бейнесін ерекшелеп, ролловер күйін жасауға қажетті өзгерістерді енгізу қажет.
Down кадрында, басылған батырманы жасау керек. Ол үшін 5, 6 қадамдарды қайталау керек.
Hit кадрында шертіп, батырманы басу облысы, толығымен батырма облысын алып тұруын қадағалау керек.
Папкалар пиктограммасының астындағы Back батырмасын шерту немесе Edit→Edit Document командасының көмегімен символды редакциалау режимін шертіп, негізгі уақыт шкаласына оралыңыз.
Батырманы библиотекаға орналастырыңыз (Library панелі) оның экземплярын жұмыс облысына орналастырыңыз.
Жұмыс облысындағы батырманы алдын ала көру үшін Control→Enable Simple Buttons (басқару→қарапайым батырмаларды қосу) командасын орындаңыз.
Батырманың графикалық бейнесін жасап боламыз, әзірге ол ешқандай әрекет орындамайды. Батырма қандайда бір әрекет орындауы үшін оған ActionScript сценариясын қосу керек.
Батырмаға қандайда бір қарапайым әрекет орындау үшін:
Жұмыс облысындағы батырма экземплярын шерту.
Window→Actions (F9) командасының көмегімен Actions панелін ашу.
Actions панелінің сол жақ бөлігіндегі Actions папкасын екі рет шерту.
Movie Control (Фильмді басқару) папкасын екі рет шертіп, on элементінде екі рет шерту керек. Нәтижесінде on әрекеті батырмаға байланыстырылады, ол on сценарийі Actions панелінің оң жағында көрінеді.
Берілген батырманың on әрекетіне сай әрекетті таңдаңыз. Үнсіз келісім бойынша батырмалар үшін release (жіберу) оқиғасы бекітілген.
On әрекетінің код қатарын белгілеп, Actions панелінің сол жағында орналасқан Movie Control папкасындағы goto (өту) элементінде екі рет шерту керек.
Ауыстырғышты Goto and Play (өту және ойнату) немесе Goto and Stop (өту және тоқтату) опцияларының біріне қою керек.
Type (Тип) тізімінен Frame Number (кадр номері), Frame Label (кадр жазбасы), Expression (өрнек), Next Frame (келесі кадр) немесе Previous Frame (алдыңғы кадр) бірін таңдау керек.
Control→Test Movie (Басқару→фильмді тестілеу) командасымен батырманың жұмысын тексеріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |