Дәріс №9. Жұмыс орнын жарықтандыру
Өндірістік ортада жарықтандырудың жеткіліксіздігі жұмыс қабілетіне, өнімділігіне, жұмысшылардың физикалық және моральдік күйіне, өнім сапасына және жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.
Өндірістік ортада жұмыс жағдайлары қанағаттанарлық болуы үшін жұмыс орнын жарықтандыру ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 құжатының талаптарына жауап беру керек. Яғни: жұмыс орнын жарықтандыру орындалатын жұмыс сипатына байланысты сәйкес жарықтандырылуы керек; жарықтылық жұмыс аймағына барынша біркелкі таралуы керек; жарықтандыру жүйесі басқа зиянды факторлардың көзі болмауы (шу, діріл) керек және де электр және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзбауы керек.
Негізінен өндірістік объектілерде табиғи жарықтандыру және жасанды жарықтандыруды қолданады. Табиғи жарықтандырудың көзі – күн радиациясы, яғни жер бетіне тіке және сәулелі таралған жарық түрінде жететін күннің сәулелі энергиясының ағыны. Табиғи жарықтандыру ең гигиеналы және әдетте үнемі адамдар болатын ғимараттарға қарастырылған. Егер көру жұмысының шарттары бойынша ол жеткіліксіз болған жағдайда қосымша жарықтандыру қолданады. Ғимараттағы табиғи жарықтандыру шеткі (сыртқы қабырғадағы жарық саңылаулары арқылы), жоғарғы (фонарьлар, жабудағы жарық саңылаулары, сондай-ақ ғимарат төбесіндегі ауытқушы қабырғалар саңылаулары арқылы).
Жасанды жарықтандыру көзі ретінде люминесценттік шамдарды таңдаймыз, өйткені олар қызу шамдарына қарағанда жарық беру күші мен үнемділігі жағынан тиімді. Жасанды жарықтандыру ортақ (барлық өндірістік ғимараттар жарықтандырылатын беттің үстіне бір деңгейде бір үлгілі шамдармен жарықтандырылады) және аралас болуы мүмкін. Тек жергілікті жарықтандыруды қолдануға рұқсат етілмейді, өйткені ашық жарықтандырылған және жарықтандырылмаған аудандардағы ширақ контраст көзді талдырып, жұмыс үрдісін баяулатады және апаттық жағдайға әкеп соғуы ықтимал.
Люминесцентті лампалар өндірістік және басқа ғимараттарда табиғиға жақын жарық тудырады, олар басқа шамдармен салыстырғанда аса үнемді және гигиеналық тұрғыдан алғанда көзге жағымды жарық тудырады.
Люминесценттік жарықтардың басқа артықшылықтарына ұзақ қызмет ету мерзімін (10000 сағ) және 75 лм/Вт, т. жететін жоғары жарық шығару мүмкіндігін жатқызуға болады. Жарық шығару түтікшенің барлық бетінен жүреді яғни люминесценттік шамның ашықтығы мен соқырландыруы қыздыру шамдарынан әлдеқайда төмен. Колбы бетінің төмен температурасы (5°С) шамасында шамды салыстырмалы түрде өртке қауіпсіз етеді. Бірқатар артықшылықтарына қарамастан люминесценттік жарықтандыру кейбір кемшіліктерге ие: стробоскопиялық әсер тудыратын жарық ағынының пульсациясы, реттеуші қосушы құрылғыларды (дросселдер, стартерлер) талап ететін қымбат және күрделі қосу схемасы, шағылысу; қоршаған ортаның температурасына сезімталдық (20—25 °С); температураның түсуі мен жоғарылауы жарық ағынының азаюына әкеп соғады.
Люминофордың құрамына және құрылу ерекшеліктеріне қарай люминесценттік шамдардың бірнеше түрін ажыратады: ЛБ – ақ түс шамдары, ЛД – күндізгі жарық шамдары; ЛТБ – жылы-ақ түсті жарық шамдары; ЛХБ – суық түсті шамдар; ЛДЦ – дұрыс жеткізілетін күндізгі жарық. Ең қолданбалысы – ақ түсті жарық шамы. ЛХБ, ЛД және ЛДЦ шамдары жұмыс түс айыруды талап ететін жағдайларда қолданылады.
Люминесценттік шамдардың сипаттамасы ЛВ001 келітірілген. Биік өндірістік ғимараттардың (6 м астам) ашық кеңістіктерін жарықтандыру үшін соңғы кездері жоғары қысымды доғалы люминесценттік сынап шамдары таралуда (ДРЛ). Бұл шамдар кәдімгі люминесценттік шамдардан айырмашылығы кішігірім көлемде жеткілікті электр және сәулелі қуатты жинайды. Мұндай шамдарды қуаттылығы 80 нен 1000 Вт дейін шығарады. Шамдар сыртық температураның кез келген деңгейінде жұмыс істейді. Осыдан басқа қыздыру шамдарының орнына кәдімгі шамдардың ішіне орнатуға болады. Шамның кемшілігі – жанған кезде 0-7 мин дейін қыздырылып барып жануы жатады.
Жұмыс орнын рационалды жарықтандыру кәсіби ауру мен жарақатты ескертетін, адамның еңбек тіршілігіне тиімді әсер беретін маңызды факторлардың бірі. Жарықтандырылудың дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өкімділігімен еңбек қабілетін арттырып, еңбек жағдайына қолайлы жағдайларды жасайды.
Жарықтанудың жеткіліксіз болуы көз қысымына әкеліп, адам назарын әлсіретіп, мезгілсіз шаршауға алып келеді. Жарық бағыттының дұрыс түспеуі де жұмыс жағдайында жазатайым оқиға мен кәсіби аурулардың туындауы мүмкін. Сол үшін жарықтандыруды есептеу маңызды болып табылады. Егер жұмыс орнында табиғи жарық жеткіліксіз болса, онда жасанды жарықтандыру есептеледі. Олар екі жарық көзінен тарайды. Олар қызу және люминесцентті лампылар. Қызу лампысына қарағанда бірнеше артықшылығы бар люминесцентті лампыларда пайдалынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |