Дәріс №8. Шудың адам ағзасына әсері және шудың физикалық және физиологиялық сипаттамалары
Шу дегеніміз адамға жағымсыз әсер ететін әр түрлі жиіліктегі дыбыстар жиынтығы. Адам құлағының акустикалық тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең 16 Гц – 20 000 Гц дейн.
Адамның дыбысты қабылдауы оның жиілігіне, екпініне және қысымына байланысты. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.
Адамның жәй сөйлескендегі дыбыстың орташа деңгейі 40 децибелл болып есептеледі. Өндірісте шудың шектелген мөлшері белгіленген. Ол, жиілігі төмен шулар-40-100 дб, жиілігі орташа шу-85-90 дб, жиілігі жоғары шу-75-85 дб дейін адамға зиянсыз.
Шудың деңгейін шу өлшегішпен (шумометр) өлшейді. Ойлау арқылы жұмыс істелетін бөлмелерде шудың мөлшері барлық жиілікте 60 дб-ден аспауы керек.
Діріл дегеніміз машинаның, немесе оның кез келген бөлшектерінің, сондай-ақ олар орналасқан жердің серіппелі толқуы. Дірілдің екпіні оның амплитудасы мен жиілігіне байланысты. Дірілдің деңгейі 16-20 Гц-тен асқанда дыбыс пайда болады, ал жылдамдығы 1 м/с болғанда денені ауыртады, нерв жүйелері мен жүрек буын жүйелеріне әсер етеді.
Дірілдің деңгейі түрлі виброметр, вибрографтармен (ВР-1) өлшенеді және шу мен діріл өлшегіштерімен қорғайтын аяқ киім, қолғап, резина төсегіштер т.с.с қолданылады.
6-кесте. Шу көздері және олардын дыбыс деңгейі
Достарыңызбен бөлісу: |