Білім беру бағдарламасы : Кредит саны (ects): 3 Семестр: 5-6 Пререквизиттер: Физика, математика, химия



бет8/17
Дата31.01.2024
өлшемі108.52 Kb.
#490394
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
ОТ Лек жинагы 2023

Қолды қорғау құралдары. Қолды механикалық, химиялық, термиялық зақымданулардан қорғау үшін қолданылатын құралдар. Олар перчаткалар және қолғаптар.
Тері жамылғыларын қорғайтын құралдар. Олар теріні бояудан, май, қышқыл, тұздан, сілтіден және т.б. заттардан қорғайды және де кейбір тері ауруларын алдын алу үшін кремдер мен мазьдар қолданылады.
Дәріс №6-7. Жұмыс орнындағы бақытсыз оқиғаларды тіркеу және тергеу

Жұмысшыға жұмыс орнында немесе жұмыс уақытында механикалық, электр, химикалық немесе термиялық әсерінің нәтижесінде денсаулығына зиян келтіруіне, жарақаттануы немесе өліміне әкеп соққан адамның ерігіне тәуелсіз кенет болған оқиға.


Егер жазатайым оқиғада ауыр, өліммен аяқталған салдар болса немесе топтық жазатайым оқиға болса, онда жұмыс беруші жазатайым оқиға туралы дереу мемлекеттік және өзге де органдарға хабарлауы тиіс. Ауыр немесе өліммен аяқталған жазатайым оқиғаға жатпайтын жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін жұмыс беруші комиссия құрады, оның құрамына үштен кем емес адам кіреді, олардың ішінде жұмыс беруші немесе оның өкілі, ЕҚ қызметінің басшысы немесе маманы, қызметкер өкілі немесе кәсіподақтың не өзге де уәкілетті органның қызметкерлері болуы тиіс.
Комиссия мүшелері Комиссия тергеп-тексеруді жүргізуге және ол құрылған күннен бастап 10 күнтізбелік уақыт ішінде оқиғаның мән-жайлары мен себептері туралы шешім шығаруға тиіс. Бұл мерзімді ерекше жағдайларда комиссия бұл туралы еңбек инспекциясының жергілікті органына хабарлама жасай отырып, ұзартуы мүмкін. Екі және одан көп қызметкер душар болған, сондай-ақ қызметкерге ауыр дене жарақатын келтірген немесе өліммен аяқталған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы енгізіледі, ол комиссияның төрағасы болып табылады, осы комиссияны басқарады. Комиссия мүшелері болып – жұмыс беруші (оның өкілетті өкілі) және қызметкерлердің өкілі тағайындалады. Арнайы тергеп-тексеру жөнінде комиссия құру туралы бұйрықты еңбек инспекциясы бойынша жергілікті орган шығарады.
Өрт, тұтану нәтижесінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардан сақтандыру және жою жөніндегі жергілікті органның мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі кіреді. Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектор арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Топтық улану немесе кәсіптік ауру жағдайында комиссия құрамына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы аумақтық органның өкілі енгізіледі. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған жердегі әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссиясы жүргізеді. Қайтыс болған адамдар саны 3 адамнан 5 адамға дейiн болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда – ҚР Үкiметi құрған комиссия жүргiзедi.
Комиссия оқиғаны көрген адамдарды анықтауға және олардан жауап алуға, алынған түсініктемелерді жазбаша формада ресімдеуге, еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген тұлғалардан, жұмыс берушінің өкілдерінен және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан жазбаша түсініктеме алуға міндетті.
Қызметкердің еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп соққан өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып ресімделеді. Топтық жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру кезінде өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт әрбір зардап шегушіге жеке-жеке жасалады. Жұмыс берушінің өкілдері, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия қызметкерге немесе оның өкілдеріне тергеп-тексерудің нәтижелері көрсетілген және өндірістегі жазатайым оқиғаны растайтын фактісі бар тиісті актіні тапсыруға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары да еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.
Тергеп-тексеру, арнайы тергеп-тексеру актілерінің нысандарын және еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға, кәсіптік ауру туралы актілердің нысандарын еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс. Егер комиссия еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде өрескел абайсыздық зиянның туындауына немесе оның ұлғаюына себеп болғандығын анықтаса, комиссия тараптардың сабақтас жауаптылығын қолданады және жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен айқындайды. Егер еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің біреуі комиссияның (көпшіліктің) қорытындыларымен келіспеген жағдайда, ол өзінің уәжді пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актісіне "ерекше пікірге қара" деген ескертпемен қол қояды.
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-тексеру актісімен қатар, зардап шеккен адамның еңбекті қорғау бойынша оқытудан өткені және нұсқау алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық қарап тексеруден өткені туралы мәліметтер, жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері, оқиға орнының жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді көшірмелер, өндірістегі саламатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері мен жауаптылығы және басқалар, зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (қайтыс болу себебі) туралы медициналық қорытынды, зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптамалардың, талдаулардың нәтижелері және басқалар. Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін, тергеп-тексеру материалдарына сәйкес үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазатайым оқиға туралы актіні ресімдеуге міндетті.
Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жібереді. Мемлекеттік еңбек инспекторы еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін арнайы тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін жергілікті ішкі істер органына жеті күн мерзімде жібереді, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шешім қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытындыны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде мынадай құрамда құрған комиссия жүргізеді: төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы, мүшелері – жұмыс беруші және жұмыскерлердің өкілі.
Екі адам қайтыс болған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
Үштен бес адамға дейін қайтыс болған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес адамнан көп қайтыс болғанда Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия жүргізеді.
Қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі комиссия төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болады.
Комиссия құрамына сондай-ақ мыналар кіреді:
1) қауіпті өндірістік объектілерде, сондай-ақ электр энергетикасы саласы ұйымдарында болған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор және мемлекеттік энергетикалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
2) қатты улану жағдайында – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері;
3) басқа ұйымның аумағында орналасқан және жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның жұмыскерімен немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген жұмыскермен болған, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға кезінде – аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілі.
Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ғылыми-зерттеу ұйымдарының және бақылау-қадағалау органдарының мамандары арасынан сараптамалық кіші комиссияларды жұмыс берушінің қаражаты есебінен құруға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет