Білім беру бағдарламасы 2 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Жеңілден ауырға қарай ұстанымы



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата20.05.2024
өлшемі287.19 Kb.
#501548
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. Бағдарлама Қазақ тілі Т1

Жеңілден ауырға қарай ұстанымы – біртіндеп оқу материалын 
күрделендіру. 
Коммуникативтік тәсіл екі немесе одан да көп адамдардың сөйлесуі 
арқылы қарым-қатынас жасау үдерісінде ақпарат беру және хабарлау, білім, 
білік және дағдылармен алмасуы болып табылады. 
Құндылықтарға бағдарланған тәсіл – оқу әрекетін белгілі бір 
құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол 
жеткізу және пайдалану тәсілі. 



Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы 
аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін 
нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым. 
Оқушылардың психикалық дара ерекшеліктерін ескеру – оқушыларға 
теориялық білім мен практикалық дағды беруде олардың психикалық 
қасиеттерін, оқуға бейімділігі мен икемділігін ескеру. 
Оқыту әдісі – білім беру әдістері оқушылардың білім мен білігін, олардың 
практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін 
жұмыстарының тәсілі және оқушылар жүргізетін жұмыстың мұғалімнің 
басшылығымен орындалатын тәсілі. 
Оқытудың ғылымилық ұстанымы – оқулықтардағы тілдік 
материалдардың мазмұнының тіл білімі саласындағы ұғымдар мен олардың 
құрылымына сәйкес келуі.
Оқытудың жүйелілік ұстанымы – оқу материалдарының логикалық 
жағынан бір ізбен сатылай құрылу, берілу тәртібі.
Оқытудың көрнекілік ұстанымы – әрбір сабақта көрнекі құралды 
ұтымды пайдалана білу. 
Пәннің қысқа мерзімді жоспары – оқу мақсаттары (мұғалімнің іс-
әрекеттеріне арналған нұсқаулық) және оқыту мақсаттары (оқушылардың іс-
әрекеттеріне арналған нұсқаулық), оқу үрдісінің ресурстары мен сатылары 
қамтылған сабақ жоспары. 
Педагогикалық тәсілдеме – оқу-тәрбие стратегияларын анықтайтын 
қағидаттар жиынтығы. Онда әр қағидат оқу барысында туындайтын нақты 
қайшылықтарды шешуді реттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет