Білім беру бағдарламасы 2 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


  Бағдарламаның құрылымы және мазмұны



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата20.05.2024
өлшемі287.19 Kb.
#501548
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. Бағдарлама Қазақ тілі Т1

4. 
Бағдарламаның құрылымы және мазмұны
6
. Бағдарлама біліктілікті арттыру курсының мақсаты мен міндеттеріне 
шолуды, ғылыми әдебиеттерге талдауды қамтиды. Тыңдаушылар орта білім 
мазмұны мәнмәтінінде әзірленген оқытудың және критериалды бағалауды 
жүзеге асыру тәсілдері мен педагогикалық әдіснамаларын қарастырады. 
7
.Тыңдаушылар Оқу бағдарламасын және оқыту мен бағалаудағы 
педагогикалық тәсілдемелерді зерделеуге назар аударады, сонымен қатар орта 
білім мазмұнына қатысты теориялық және практикалық мәселелерді 
қарастырады.
Реттік 
№ 
Модуль атауы 
Қысқаша сипаттамасы 

Лингвистика ғылымының 
қазіргі кезеңдегі дамуы 
Бұл модульде тыңдаушылар Ахмет 
Байтұрсынұлының қазақ тілін оқытуда 
ұсынған 
қағидаларды 
және 
ол 
қағидалардың 
қолданыстағы 
оқу 
бағдарламасында көрініс тапқан тұстарын 
зерделейді. 
Әлеуметтік 
лингвистика 
құбылыстарына 
тоқталып 
тілдің 
функционалды жағын қарастырады. Қазақ 
әдебиеті сабағында көркем мәтінге талдау 
жасауды меңгереді. 

Қазақ тілін оқытудың 
әдістері мен тәсілдері 
Модуль мазмұны тілді оқытудың тиімді 
әдіс-тәсілдерін 
зерделейді. 
Б.Құлмағанбетова, 
С.Қазыбаев, 
Ә.Исабаевтың әдістемесі бойынша тілді 
оқытудың 
негізгі 
ұстанымдарын
қолданыстағы бағдарлама мәнмәтінінде 
қарастырады. Тыңдаушылар практикалық 
тапсырмаларда саралау тәсілдерін тиімді 
қолдану және іске асыру дағдысын 



жетілдіреді.

Әдеби тіл нормаларын 
сақтау 
Бұл модульде тыңдаушылар грамматиканы 
коммуникативтік 
аспектіде 
оқыту 
мәселесін зерделейді. «Әдеби тіл нормасын 
сақтау» оқу мақсаты бойынша жұмысты 
тілдік дағдылармен үйлестіре отырып 
ұйымдастыру 
жолдарын 
меңгереді. 
Мәтінді 
қайта 
өңдейді, 
түзетеді, 
редакциялайды. 

Мәтінмен жұмыс түрлерін 
ұйымдастыру
Модуль бойынша тыңдаушылар мәтіннің 
түрлерін зерделейді. Мәтін бойынша 
ұйымдастырылатын 
барлық 
жұмыс 
түрлерін 
қарастырады. 
Оқылым 
стратегияларын 
қолдану 
жолдарын 
меңгереді. Мәтінмен жұмыс түріне 
арналған тапсырма әзірлеу шеберлігін 
жетілдіреді. Мәтін түрлеріне сәйкес 
қарапайым, күрделі, тезистік жоспар 
құрады.

Жазылым жұмыстарын 
ұйымдастыру 
Бұл 
модульде 
тыңдаушылар 
оқу 
бағдарламасына сай жазылым жұмыстарын 
түрлі 
формада 
ұсыну 
жолдарын 
зерделейді. Жазылым бөліміндегі оқу 
мақсаттарына сай сабақты ұйымдастыру
жоспарлау шеберліктерін жетілдіреді. 
Құрылымын сақтай отырып, мақала 
жазады.

Эссе жазу
Бұл модульде тыңдаушылар эссенің 
құрылымын, оны жазу талаптарын 
зерделейді. Оқушыларға эссе жазуды 
дағдыландыру сабақтарын ұйымдастыру 
тәсілдерін меңгереді.Құрылымын сақтай 
отырып, эссе жазады.

Әдеби талдау
Модуль оқу бағдарламасына сай әдебиет 
сабағында ұйымдастырылатын жұмыс 



түрлерін қарастырады. Тыңдаушылар 
поэзиялық шығармаларды автор тұрпаты 
тұрғысынан 
талдайды; 
прозалық 
шығармаларды 
талдаудың 
кейбір 
қадамдарын қарастырады. Әдеби сын 
жазуға арналған оқу мақсаты бойынша 
жұмыс түрлерін ұйымдастыру жолдарын 
зерделейді. 

«Қазақ әдебиеті» пәндік 
білімнің мазмұны 
Бұл модульде тыңдаушылар «Қазақ 
әдебиеті» пәні бойынша әдеби шығармаға 
сюжеттік - композициялық талдау үлгісінің 
практикалық қолданысын қарастырады.
«Қазақ әдебиеті» пәнінен эпикалық, 
поэтикалық, 
драмалық 
мәтіндердегі 
композициялық амалдарды талдайды.
Пән бойынша мұғалімдердің оқытуына
қиындық туғызатын оқу мақсаттарын 
зерделейді, оларды оқыту үдерісінде тиімді 
ұйымдастыру дағдыларын жетілдіреді.
8
. Оқу жоспарына сәйкес Бағдарлама шеңберіндегі оқу Дэвид Колбтың 
төрт сатылы эмпирикалық оқыту моделінің негізінде іске асырылады.
9
. Бағдарлама бойынша оқыту нысаны оффлайн түрінде жүзеге 
асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет