Білім беру бағдарламасы 2 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата20.05.2024
өлшемі287.19 Kb.
#501548
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. Бағдарлама Қазақ тілі Т1

1. 
Жалпы ережелер 
 
1. 
«Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ 
әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» біліктілікті 
арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) қазақ тілі 
мен әдебиеті мұғалімдерінің (бұдан әрі –Тыңдаушылар) біліктілігін арттыру 
курсындағы оқыту үдерісін реттейді. 
2. 
Бағдарлама тыңдаушыларды жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі 
мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша оқу бағдарламаларында (бұдан әрі – Оқу 
бағдарламасы) берілген оқылым мен жазылым жұмыс түрлерін және 
грамматиканы коммуникативтік аспектіде оқытуды ұйымдастыру шеберлігін 
жетілдіруге бағытталған. Мектепте қазақ тілі пәнін оқытудың маңызы зор.
Оқушының өз ойын тіл заңдылықтарының талаптарына сай лайықты жеткізуі, 
баяндауы, айтуы, негіздеуі – орта білім алудың басты құралы. Курс 
Бағдарламасы қазақ тілін ана тілі ретінде оқыту мәселесін және тілдің 
функционалды жағын қарастыратын әлеуметтік лингвистика саласын қамтитын 
тақырыптарды қарастырады. 
3. 
Курстың оқыту ұзақтығы Бағдарламаға қосымша берілген оқу 
жоспарына сәйкес 80 академиялық сағатты құрайды.
2. 
Глоссарий 
Әлеуметтік лингвистикаәлеуметтану, әлеуметтік психология, 
этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі 
саласы. 
Әдіс (метод) – грек тілінен енген сөз. Оның бастапқы ұғымы «зерттеу» 
деген мағынаны берген. Кейін мағынасы кеңейіп «белгілі бір пәнді оқытудың 
әдісі» дегенді білдіреді. 
Білік – қандай да бір ережеге (білімге) негізделген және міндеттердің 
белгілі бір топтамасын шешу барысында әлі де дағды деңгейіне жетпеген 
білімдерін дұрыс қолдануға сәйкес келетін іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін 
меңгерудің аралық кезеңі. 
Дағды – саналы іс-әрекетті орындау кезінде қалыптасатын автоматталған 
қимыл-әрекет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет