Сабақтың мақсаты: Қазіргі Қазақстан тіл білімі туралы білімдерін бекіту.
Негізгі сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының Тіл туралы заң баптары.
2. Тілдерді қолдану мен дамыту саясаты.
Глоссарий:
Тайпалық тілдер – туыс рулық тілдер негізінде қалыптасқан жеке тайпалар
сөйлейтін тілдер, тайпалық диалектілер деген ұғыммен парапар.
Термин – ғылым мен техникада, өмірдің өзге де салаларында заттар мен
құбылыстарды дәл атау үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері.
Туыс диалектілер – тілдік белгілер ұқсас, шығу тегі бір-біріне жақын диалектілер.
Түбір тілдер – сөздері қосымшалар арқылы түрлене бермейтін, сөз таптарының
формалық жақтан жігі ашық, айқын ажырамаған тілдер. Т.т.-ді даралаушы тілдер деп те
атайды. Т.т. қатарына вьетнам, бирма, қытай, малай- полинезей, тай, тибет және Батыс
Африканың кейбір тілдері жатады.
Түркітану, түркология – түркі тектес халықтардың тілін, этнографиясын,
фольклорын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеу нәтижесінде қалыптасқан шығыстану
ғылымының жеке саласы.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Негізгі мәселелер бойынша жазбаша конспект (шағын
баяндама) жасаңыз және практикалық сабақ тақырыбы бойынша семинарда жауап беріңіз.
Материалды бекіту үшін сабақ соңында тест тапсырмаларына жауап беріңіз.
Өткізу формасы: Баяндама
Бағалау критерийлері:
Оқу материалын меңгеру деңгейі;
Практикалық тапсырмиаларды орындау барысында теориялық білімін қолдана білу;
Өтілген тақырып бойынша оқулық материалдарынан хабардар болуы;
Берілген тапсырмалар бойынша жауабының дәл және дәлелді болуы.
Әдебиеттер: 1, 6
8. Білім алушының өзіндік жұмысына арналған нұсқаулықтар мен
материалдар: үй тапсырмасының мәтіндік жинағы, әр тақырыпқа өзіндік бақылау
материалдары, жұмыс түрлерін іске асыру бойынша тапсырмалар, рефераттар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |