Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет46/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

Сабақтың мақсаты: Ғылыми парадигма туралы мәлімет беру. 
Негізгі сұрақтар: 
1. Ғылыми парадигма деген не? 
2. Парадигма өлшемдері қандай? 
3. Тіл біліміндегі ғылыми парадигманы дәуірге бөлу? 
Глоссарий: 
Парадигма (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған 
теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік 
қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму 
кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, 


ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде 
пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны. 
Мағына — сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының 
қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, 
көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі 
бірнешеу болуы мүмкін. 
Абстракты мағына - реляциалық мағынаға барабар; дерексіз зат есімге тән. Агентивті 
мағына - қатынасушы кісілердің мағынасы (қаз. аудармашы, әнші, куйші). Агентивті 
мағына -шы, -ші жұрнақтары аркылы жасалады). 
Алфавиттік мағына - әдетте, сөз кұрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде 
қағаз бетіне жазылуы және соған орай оқылуы үшін олардың белгілі бір таңбалармен 
белгіленуі шарт. Тіл дыбыстары жазуда белгілі бір графикалық таңба-әріптермен 
таңбаланады. Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтыгы алфавит деп 
аталады. 
Атрибутивтік мағына – сын есімдер тобына тән мағына, яғни сапалық, сындық мағынаны 
білдіреді. 
Заттық мағына - сөздің негізгі бөлігінің немесе грамматикалық бөлігінің мағынасы. 
Қосымша мағына - негізгі емес сөз мағынасы немесе формасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет