Сонымен, когнитивтік лингвистиканың қалыптасу кезеңдерін,
тұтас алғанда,
осылайша жүйелеуге болады деп есептейміз. «Когнитивтік грамматика» терминін алғаш
рет 1975 жылы Дж.Лакофф пен Г.Томпсон ұсынды. Ж.Фоконье 1985 жылы когнитология
мен дәстүрлі логикалық грамматиканың проблемаларын бірлестіре отырып,
Ментальді
кеңістік (
Les espaces mentaux) атты кітабының ағылшынша
нұсқасын жариялады
(французша түпнұсқасы 1984 ж.). Р.Лангакердің
Когнитивтік лингвистиканың
қалыптасуы деген еңбегінің бірінші томы 1987 жылы, 1991 жылы іле-шала екінші томы
жарық көрді; М.Джонсонның
Санадағы дене (ағыл.
The Body in the Mind) деп аталатын
еңбегі; Р.Джэкендофтың өзінен кейінгі ұжымдық монографиялар
топтамасына негіз
болған
Сана мен есептеуіш ой атты туындысы ғылыми көпшілік тарапынан жоғары бағаға
ие болды.
Когнитивтік грамматика туралы мәліметтер Кеңес оқырманына кешеуілдесе де,
В.И. Герасимовтің 1985 жылы жариялаған
К становлению «
когнитивной грамматики»
деген мақаласы арқылы жеткен-ді. (кітапта: Современные зарубежные грамматические
теории. М., 1985). Ал 1988 ж. КСРО-да шығып тұрған
Шетел лингвистикасындағы
жаңалықтар (
Новое в зарубежной лингвистике) мерзімді топтамасының тілтанудағы
когнитивтік аспектілерге бағышталған арнайы XXIII томы басылып шықты.
Қазіргі лингвистикадағы когнитивтік таным бойынша Ресей ғылымында Н.Д.
Арутюнова, А. Вежбицская, Ю.С. Степанов, Е.С.
Кубрякова, В.Н. Телия, В.А. Маслова
сияқты белгілі ғалымдар белсене еңбек етсе, қазақстандық лингвистер тілтанудағы осы
жаңа бағыт бойынша қазақ тілінің өзіне тән ерекшелігін ескеру негізінде ізденулі.
Достарыңызбен бөлісу: