Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Дәріс № 11-12. Прагмалингвистика



Pdf көрінісі
бет13/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

Дәріс № 11-12. Прагмалингвистика. 
Коммуникацияның негізгі формасы – дискурс пен мәтін. Прагмалингвистиканың 
зерттеу нысанын толық тану әрі сөйлеу тіліндегі дискурс пен мәтіннің мазмұндық-
ақпараттық мәнін ашу үшін, таңбаның, яғни прагматиканың “іс-әрекеті мен бітім-
болмысын” айтушы мен тыңдаушының қарым-қатынасы арқылы тану стилистиканың 
жаңа бағытының пайда болуына негіз бола алады. Прагмалингвистика адамның 
коммуникативтік іс-әрекетінің ауызша (дискурс), жазбаша (мәтін) екі формасын 
қарастырады. Тілді таратудың осы екі формасы көптеген проблемаларға ортақ бола 
отырып, күрделі айырмашылықтарымен ажыратылатын тұстары да молынан ұшырасып 
отырады. Дискурс теориясы мен мәтін теориясы прагмалингвистикалық зерттеудің негізгі 
мақсатын айқындайды. Дискурс пен мәтіннің таңдалуы коммуникаттардың сөйлеу іс-
әрекеттерінің ментальды проблемаларын олардың интенциясымен қоса вербальды және 
вербальды емес тілдік құралдарды пайдалана отырып, коммуникативтік құралдарды 
есепке алып отырады. Бұл проблемаларды шешу тек ішкі лингвистикалық және сыртқы 
лингвистикалық факторлардың біріккен есептерін талап етіп қана қоймайды, сонымен 
қатар қоғамдық ғылымдармен тоғысуын талап етеді. Прагмалингвистиканың мақсаты 
мәтін мен дискурстың табиғатын толық ашу, ендеше екеуіне де ортақ терминдерді 
анықтап алу қажет. Олар: прагматика, коммуникация, информация. Прагматика – 
коммуникаттардың бір-біріне және мәтіннің мазмұнына (жазбаша және ауызша түрде) 
олардың коммуникативтік пиғылымен және сұхбаттасу мән-жайымен санасқан жеке 
қарым-қатынасы. Коммуникация вербальды және вербальды емес (паралингвистикалық) 
тәсілдер қолдану арқылы екі немесе одан көп тұлғалардың ақпарат алмасуы немесе 
баяндау түріндегі байланысы прагматиканың тікелей қатысы арқылы өтеді. Ақпарат (лат. 
“бір нәрсені хабарлау”) қарапайым тіл арқылы коммуникация жағдайына жеткізілетін 
қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың ерекшелігінің жиынтығында 
прагматиканың рөлі ерекше танылады. Прагмалингвистиканың негізгі зерттейтін саласы 
дискурс пен мәтін десек, олардың әрқайсысына тоқтала кетеміз. Дискурс көп мағыналы 
термин, лингвистикалық, философиялық, психологиялық, тарихи зерттеулерде 
қолданылып келеді. Шетел тіл білімінде дискурс сөзі “ауызша сөз” мағынасында да 
қолданылған. Дискурс сөзінің алғашқы мағынасы “ақылды ойлану” (разумные 
размышление) деген сөздің мағынасында айтылған. Дискурс терминінің жан-жақты 


кеңеюіне, әр түрлі сипатқа ие болуына (мысалы, мәтін ұғымымен барабар немесе 
коммуниканттардың барлығына тән мәліметтердің жиынтығы болып саналуы т.б.) Д. Ван 
Дейктің мектебінің ықпалы тікелей әсер етті. Бұл мектептің өкілдері дискурс табиғатын 
толық ашуда когнитивті-прагматикалық әдіс-тәсілді пайдалануға болатынын көрсеткен 
еді. Н.Д. Арутюнова дискурсқа былай анықтама береді: “дискурс та – сөз, өмірдің 
ортасынан ойып алынған сөз”. 
Сөйлеу қарым-қатынасындағы прагматика. 
Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін 
прагматика. 
Тіл білімінің философиялық проблемаларына тілдің неғұрлым жалпы сипатына 
қатысты: тілді шындық өмірдің жалпы қасиеттерінің көрінісі, табиғат, қоғам және адам 
танымының даму заңдылықтары сияқты проблемалар, сонымен бірге философияның 
негізгі мәселелеріне байланысты тілдік проблемалар жатады. Бұлар тілдің табиғаты мен 
мәні (ең алдымен әлеуметтік табиғаты), тіл мен ойлаудың, тіл мен қоғамның, тіл жүйесі 
мен құрылымының, таңбалық сипатының, тілдік мағынаның, тілдің шығуы, эволюциясы 
мен тарихының, тіл философиясының пайда болуы мен дамуының т.б. проблемалары 
болып табылады. 
Тіл білімінің философиялық проблемаларын екі салаға бөліп қарауға болады: 1) тіл 
онтологиясының (тілдің 
табиғаты) 
проблемалары; 
2) 
теориялық 
танымдық, 
методологиялық ұстанымдар негізінде тілді зерттеу проблемалары. 
Онтология саласына ең алдымен тілдің табиғаты мен мәні туралы проблема жатады. 
Мұнда тіл барлық нақты жағдайлардағы көрінісімен бірлікте алынып, негізгі қарым-
қатынас құралы ретінде кең мағынада қаралады. Бірақ мұның өзінде «Тіл» термині 
түрліше түсіндіріліп келеді. Біріншіден, тілді адамның сөйлеу қызметінің және ойлау мен 
психикалық процестерінің негізінде жатқан бір жақты материалдық құбылыс деп 
танитын пікір орын алды. Бұл тұрғыда тілді – ойдың материалдық қабығы, адам миында 
болатын байланыстардың еркеше жүйесі деп қарауға болады. Екіншіден, тіл екі жақты 
материалдық-идеалдық құбылыс деп танылады. Бұл – көптеген тілдік факторлардың әрі 
материалдық, әрі идеалдық күрделі бірлігі болып табылады. Тілдің табиғатын осылай 
түсіну қазіргі зерттеушілердің көпшілігіне тән. Бұл тұрғыда тілді сөйлеу мен мазмұнның 
бірлігі, «ойдың тікелей шындығы» (К.Маркс) деп қарауға болады. 
Тілдің табиғаты мен мәні пробемасына тілдің жүйелі-құрылымдық сипаты, тілдің 
күрделі сатылы жүйеден тұратын дербестігі, эволюциясы мен дамуы сияқты мәселелер де 
қатысты. 
Тілді зерттеумен байланысты тіл білімінің методологиялық проблемаларына 
кіретіндер: тіл объективті құбылыс па, жоқ, әлде оны тіл білімі пәні ретінде зерттеушілер 
қалыптастырған ба, тіл білімі саласындағы ғылыми білімнің критерийлері қандай, тіл 
туралы ғылымдағы танымдық процестердің диалектикасы қандай, тілдік болжамдардың 
қандай ерекшелігі бар? т.б. мәселелер. 
Тіл туралы ғылымдағы таным процесінің ең басты белгісі – оның әртүрлі жағының 
өзара байланыстылығы мен қарама-қарсылығынан, қарсы тенденциялардың күресінен, 
көп сатылылығы мен көп аспектілілігінен көрінетін қайшылыққа негізделетіндігінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет