Картографиялық әдістемені көбінесе лингвистикалық география немесе
картографиялық әдіс деп атайды. Бұл әдістеме тіл білімінің
диалектология саласында
қолданылады. Соған қарай кейбір әдебиеттерде оны диалектография дейді.
Картографиялық әдістеменің негізгі мақсаты – диалектілік ерекшеліктердің тараған
аймақтарын арнаулы белгілер арқылы картаға түсіру, әрбір ерекшеліктің тараған
шегарасын көрсету. Диалектологиялық зерттеулерде
картографиялық әдістеменің
қолданылуы ғылымның үлкен табысы. Осы әдістеменің арқасында да көптеген тілдердің
диалектілік ерекшеліктерінің тараған аудандарын нақтылы айқындауға,
оның тарихи
себептерін ашуға мүмкіндік туады.
Картография әдістемесі диалектологиялық зерттеулерде 18-ғасырдың аяқ кездерінен
бастап қолданыла бастады. Негізінен ол үлкен ғылыми күшті, көп зерттеуді, көп уақытты
қажет етеді, сондықтан да көптеген жеке тіл білімінде диалектография әзірше өз
қолданысын жеткілікті деңгейде таппаған.
Казіргі заман тіл білімінде зерттеу әдістерінің көпшілікке танылған, зерттеу нысаны
айқындалған бірнеше түрі бар. Олар:
сипаттама, структуралық салыстырмалы-тарихи,
математикалық әдістер.
3.
Достарыңызбен бөлісу: