Сипаттама немесе синхрондық әдіс.
Сипаттама немесе синхрондық әдіс. Сипаттама әдіс — тіл білімі әдістері ішіндегі ең
көнесі. Тілге байланысты алғашқы зерттеулердің барлығы дерлік осы сипаттама әдіс
бойынша жүргізілген. Сипаттама әдіс зерттеліп отырған нысанның өткендегі күйін,
тарихи даму жолдарын ескермейді, тек оның белгілі бір дәуірдегі қалпын, синхрондық
күйін сипаттаумен шұғылданады.
Сипаттама әдіс бойынша жазылған еңбектер осы әдістің атымен сипаттама
грамматика, сипаттама фонетика, сипаттама лексика деп те аталады. Тілдің белгілі бір
дәуірдегі құрылым жүйесін айқындауда сипаттама әдіс бойынша жүргізілетін зерттеудің
мәні ерекше.
Сипаттама әдіс зерттеудің кене замандардан келе жатқан тәсілі болғанымен, ол —
ескірген, қолданудан қалған тәсіл емес, қазіргі заман тіл білімінде де үздіксіз қолданылып
келе жатқан жасампаз тәсіл. Структуралық тіл білімі түгелдей дерлік осы сипаттама әдіске
сүйенеді, соны қолданады. Бірсыпыра ғалымдар құрылымдық әдісті осы сипаттама әдістің
жаңарған, жетіле түскен жалғасы дейді де, оны сипаттама әдістің құрамында қарайды,
екеуін біріктіріп, синхрондық әдіс деген бір ғана атаумен атайды. Сипаттама әдіс болсын,
құрылымдық әдіс болсын тілдің белгілі бір дәуірдегі күйін, статикалық жүйесін зерттейді.
Бірақ қолданыла бастау мерзімі жағынан болсын, зерттеу тәсілі, алға қоятын мақсаты
жағынан бұл екеуінің арасында бірсыпыра өзгешелік бар.
Оны байқау үшін қалыптасу кезеңінің көп кейіндігіне қарамастан, құрылымдық
әдісті де осы тақырыпқа жалғастыра қарап, екі әдіс арасындағы бірлік пен өзгешеліктерді
ашқан жөн.
4.
Структуралық әдіс.
Бұл әдіс тіл білімінде 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолданыла бастады. Бірақ
ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан қолданылып келген, тіл
біліміне солардан ауысқан әдіс. Құрылымдық әдіс бұл күнде дүние жүзіне кең тарап, тіл
біліміндегі ағым ретінде құрылымдық тіл білімі немесе структурализм деп те аталып жүр.
Бұл әдістің құрылымдық деп аталуының мынадай себебі бар. Әдісті қолданушылар
тілді өзара тығыз байланыста, шартты қатынаста тұратын, біріне-бірі тәуелді
бөлшектерден құралған біртұтас, бір бүтін құрылым, жүйе деп санайды да, тіл білімінің
міндеті — тілдің сол құрылымын зерттеу дейді. Тіл құрылымын зерттеуде қолданылатын
әдіс — құрылымдық әдіс дейді. Бұл көзқарасты жақтаушылар, яғни құрылымдық әдісті
қолдана отырып, тілдің құрылымын зерттеу – тіл білімінің бірден-бір міндеті деп
санайтындар – структуралистер деп аталады.
5.
Достарыңызбен бөлісу: |