Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет27/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

№23 дәрістің тақырыбыГрамматика және сӛзжасам ұғымдарын қалыптастырудың 
әдістемелік негіздері.
Дәріс мазмұны: 
Оқушыларда грамматикалық және сӛзжасам ұғымдарын қалыптастырудың 
әдістемелік негіздері. Грамматикалық ұғымдардың мәні. Оларды ұғыну қиындықтары. 
Сӛзжасам ұғымдарын түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдері. Грамматикалық және сӛзжасам 
жаттығулары, олардың типтері, қолданылуы. «Қазіргі қазақ тілі сӛзжасамы мен 
морфологиясы» тілдің сӛзжасам жүйесін, сӛзжасамдық бірліктерді, сӛзжасамдық 
заңдылықтарды, сӛзжасамның амал-тәсілдерін, сӛзжасамдық типтерін, туынды сӛздердің 
түрлерін, сӛзжасамдық мағына, әр сӛз табының сӛзжасамын т.б. сӛзжасамға қатысты 
мәселелерді қамтиды. Тілдің сӛзжасам жүйесі қазақ тілінің сӛздік қоры мен сӛздік 
құрамын жаңа сӛздер арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік құбылыс 
болғандықтан, оны тілде жүзеге асыратын сӛзжасамдық заңдылықтар, амал-тәсілдер 


екенін таныту кӛзделеді. Сӛзжасам тілді жаңа сӛзбен байытудың жолдары мен 
тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің дербес саласы. Сӛзжасам 1991 жылы жоғары оқу 
орындарының оқу жоспарына кіріп, содан бері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 
бӛлімінің студенттеріне жеке пән ретінде оқытылып келеді. Бұл пәннің оқу жоспарына 
қосылуы сӛзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуына байланысты. 
Сӛзжасам мәселесі бұл кезге дейін мүлдем оқытылмады деуге болмайды, сӛзжасам жеке 
сала ретінде танылмаған кезде, ол морфология саласына жатқызылып, морфология 
курсымен бірге оқытылып келді. Бірақ морфология құрамында сӛзжасам мәселелерінің 
тек сӛз таптарының сӛзжасамы ғана қамтылды. Сӛзжасамның басқа мәселелері ол кезде 
зерттелмеді де, оқытылмады. Қазақ тіл білімінде сӛзжасамның дербес сала ретінде 
танылуы 1989 жылға жатады. 1989 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілінің сӛзжасам жүйесі» 
атты монографияда сӛзжасам қазақ тіл білімінің жеке саласы деп дәлелденді.
Сӛзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылуы оның ӛзіндік зерттеу 
нысанасы болуымен байланысты. Сӛзжасам тілдің сӛзжасам жүйесін, сӛзжасамдық 
бірліктерді, сӛзжасам заңдылықтарын, сӛзжасамның амал-тәсілдерін, сӛздердің жасалу 
жолдарын, сӛзжасам арқылы жасалған туынды сӛздерді, олардың түрлерін, сӛзжасамдық 
үлгілерді, сӛзжасамдық мағынаны, әр сӛз табының сӛзжасамын, т.б. толып жатқан 
сӛзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді яғни тілдің сӛзжасам жүйесін зерттейді. 
Сӛзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сӛз жасауда негізгі қызмет 
атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сӛз жасауда екі тілдік бірлік қызмет 
атқарады: 1) лексикалық мағыналы сӛз, 2) сӛзжасамдық жұрнақ. Туынды сӛз жасауға 
қатысатын лексикалық бірлік туынды сӛздің мағынасына арқау болады. сондықтан да 
туынды сӛз жасауға лексикалық мағыналы сӛздер ғана қатысады. Ал оның тұлғасы мен 
құрамына шек қойылмайды, сондықтан туынды сӛздің негіз сӛзінің қызметін негіз түбір 
сӛз де, туынды түбір сӛз де, біріккен сӛз де, қысқарған сӛз де атқара береді. негіз сӛз 
дегеніміз туынды сӛздің лексикалық мағынасына арқау болатын сӛз. Мысалы, кәсіпкер, 
қаламгер, аңшы мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сӛздердің мағынасынан жасалған, 
сондықтан олардың мағынасы байланысты. Синтетикалық сӛзжасамдық тәсілдегі екінші 
тұлға, екінші тілдік бірлік – сӛзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сӛзжасамда жұрнақ 
негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ 
жасайды. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сӛздер туынды түбір деп аталады. 
Туынды түбір негіз сӛз бен сӛзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, көрер+мен – 
көрермен, дәріс+хана - дәрісхана,ой+ла – ойла. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған 
туынды түбірлердің құрамындағы тілдік бірліктердің әрқайсысының орны бар, негіз сӛз 
бірінші орында тұрады, жұрнақ екінші орында тұрады.
Аналитикалық тәсіл деп екі я одан да кӛп сӛзден лексикалық мағыналы сӛздің 
жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, баспасөз, он сегіз. Аналитикалық тәсіз 
қазақ тілінде барлық сӛз табының сӛзжасамынан орын алған, бірақ сан есім сӛзжасамында 
ол негізгі тәсіл болып саналады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сӛздер 
күрделі сӛздер деп аталады. Күрделі сӛздер толық мағыналы сӛздерден жасалады. 
аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сӛздердің бәрі екі лексема арқылы 
жасалады, бірақ күрделі сӛзде олардың әрқайсысы ӛзінің жеке тұрғандағы мәнін сақтамай, 
біртұтас мәнге кӛшеді. Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, ӛнімді тәсіл 
болумен қатар, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сӛзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) 
қысқарту. Бұлардың әрқайсысы да тілдің сӛзжасамында ӛнімді қызмет атқарады, олар 
арқылы жасалған туынды күрделі сӛздер тілде ӛте мол. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі 
тӛрт түрі күрделі сӛздің тӛрт түрін жасайды: біріккен сӛздер, қос сӛздер, тіркескен күрделі 
сӛздер, қысқарған сӛздер. 
Туынды сӛздер - сӛзжасамдық тәсіл арқылы сӛзжасамдық бірліктердің бір-бірімен 
қарым-қатынасқа түсуінен жасалған сӛздер. 
Түбір сӛз - лексикалық бірліктің грамматикалық тұлғаларға түрленбей тұрғандағы 
сӛздіктерде берілетін түрі. Туынды түбір - құрамы негіз сӛз бен жұрнақтан тұратын 


сӛздер. Күрделі сӛздер - аналитикалық тәсіл арқылы екі я онан да кӛп сӛзден құралып, бір 
лексикалық мағына беретін сӛздер. 
Біріккен, кіріккен сӛздер - екі, кейде үш сӛздің, мағына және дыбыстық жағынан 
біртұтас лексикалық бірлікке кӛшкен сӛздер. 
Қос сӛз - екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сӛздің қайталануынан немесе бір 
тектес синоним я антоним сӛздерден жасалып, бір ырғақпен тұтаса айтылатын сӛздер. 
Тіркескен күрделі сӛз - екі не одан да кӛп мағыналы сыңарлардан жасалып, біртұтас 
лексикалық мағына беретін сӛздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет