технологиясының айтылған мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қолданыстағы
әдістемелерді мақсатты жинақтау туралы айтылып отыр. Кӛп жылдар бойы бағалау
оқушының жетістіктерін басқа оқушының нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге
асырылып отырды, ал бұл бағалаудың бірқатар кемшіліктері бар:
− педагогтерге, ата-аналарға және оқушыларға түсінікті болатын білім беру жетістіктерін
бағалайтын нақты ӛлшеулердің жоқтығы;
− педагог әр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған ӛлшеулер негізінде емес,
жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне қарап бағалайды;
− оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бӛлімдері бойынша
алынатын
нақты білімді, білікті, дағдыны кӛрсете алмағандықтан, әр оқушының жеке
білім алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы;
− қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқытудың
қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды;
− оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан,
оқушының білім алуға деген белсенділігі тӛмендейді.
Бағалау жүйесі және оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу білім беру процесінің
құрамдас бір бӛлігі болып табылады. Бағалау жүйесі
оқытудың мәселелерін
диагностикалаудың және оқушы және мұғалім мен ата-ананың арасында кері байланыс
жасаудың негізгі құралы. Критериалды бағалау:
- оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;
- оқушы бойындағы үрейленуді басады; - мұғалімді «тӛрешілік» қызметінен
босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады. Осылайша, критериалды
бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын сақтау артықшылығына ие.
Білім беру жүйесінің дамуында критериалды бағалаудың орны ерекше. Себебі ол
мектептегі білім беру кеңістігінің біріктірілген факторы, оқытудың мәселелерін
диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады, сонымен қатар оқыту процесінің
негізінде жатқан принциптерді қамтиды. Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы
мен баға қойылуы тиіс сәттер деп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және
ата-анананың
арасындағы, болмаса оқушының ӛзі анықтайтын, оқыту процесінің
табыстылығын анықтау бойынша бақылау-ӛлшем байланысын орнататын механизм.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
мектепте оқыту мен білім алу сапасын
жоғарылату;
оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Критериалды
бағалаудың міндеттері:
Достарыңызбен бөлісу: