№25 дәрістің тақырыбы: Сӛз тіркесі синтаксисін оқыту әдістемесі
Дәріс мазмұны:
1. Синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру ерекшеліктері (синтаксистік талдау және
жаттығу жұмыстары)
2. Бастауышта берілетін синтаксис жүйесі.
Синтаксис – сӛз тіркесі туралы, сӛйлем туралы ғылым. Сӛйлеу дағдысы бойынша
сӛздер ӛзара белгілі бір жүйе бойынша тіркеседі. Сол тіркестердің әр алуан қарым-
қатынастарынан сӛйлем құралады. Сӛз тіркестерінің де, сӛйлемдердің де ӛз жүйелері, ӛз
заңдары болады. осы мәселелерді тексергенде, синтаксис жеке бір сӛз тіркесін ғана я жеке
бір сӛйлемді ғана талдап, сол арқылы бүкіл сӛз тіркесіне я бүкіл сӛйлем атаулыға тән
заңдарды анықтамайды, керісінше, жалпы сӛз тіркестерін я сӛйлем атаулыны, онан қала
берді, оларды белгілі түр-түрлерін алып топшылайды да, оларға тән жалпы заңдарды
анықтайды. Синтаксис – сӛздердің тіркесін, сӛйлем заңдылықтарын жүйелеп, сол жӛнінде
анықтамалар жасайды. Синтаксисті ӛту арқылы оқушы жазу тілі мен ауызекі сӛйлеу
тілінің маңызын игере түседі. Оқушыға сӛйлемдегі сӛздердің бәрі грамматикалық
байланысқа түсе бермейтінін, сӛйлемді талдағанда оқшау сӛздердің сӛйлем мүшесі бола
алмайтынын жете түсіндірген жӛн. Синтаксистік талдау кезінде оқушылардың тез, дұрыс
талдау дағдысын қалыптастыру керек. Шартты белгілерді саналарында берік
қалыптастыруға күш салу қажет.
Синтаксис - / грекше syntaxis / - грамматикалық, морфология сияқты, ӛзекті
саласының бірі. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға
бӛлінеді: С ӛ з т і р к е с і с и н т а к с и с і. Онда сӛздердің ӛзара тіркесу
қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сӛз тіркестерінің құрамы, олардың
түр- түрі қарастырылады.
Сӛз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз – оқушылардың жас ерекшеліктері негізінде
сӛз тіркестерінің ішкі байланыстары мен мәнін оқушыларға ұғындыру заңдылықтары (сӛз
тіркесінің тіркесу заңдылықтары, мағыналық заңдылықтары, бір-біріне бағына байланысу
заңдылығы т.б.) арқылы олардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы мен танымын
арттыратын тиімді амал-тәсілдердің жиынтығы. Сӛз тіркесін тарауындағы күрделі
тақырыптарының бірі – күрделі сӛздер мен тұрақты тіркестер. Сӛз тіркесін таптастыру
тақырыбын ӛткенде басыңқы сыңарының қай сӛз табынан жасалып тұрғандығы айтылады,
ал бағыныңқы сыңарының қай сӛйлем мүшесі екендігіне қарап-ақ, оның қандай қатынаста
тұрғандығын білдіреді.
Сӛз
тіркестерінің байланысу формалары мен қатар олардың басыңқы
сыңарларының қызметі ерекшеленеді. Сӛз тіркестерінің басыңқы сыңары болып кез-
келген сӛз тіркесі қолданыла бермейді. Мұндайда барлық сӛз табына ұйытқы болатын бір
ғана сӛз табы қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |