Әдістемелік нұсқау: Сабақтың тақырыбына сәйкес оқу мақсаты анықталады және
сәйкесінше сабақ мақсаты сараланып жазылады. Сабақтың мазмұны, оқушылардың іс-
әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен формалары, оқыту құралдары анықталады.
Қойылған мақсат жүзеге асырылуы үшін сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен
сұрақтар дайындалады.
Ӛткізу формасы: Сұрақ-жауап, ойлан-жұптас-бӛліс, пікірталас. Бағалау критерийлері: 1. Сабақ мақсаттарын оқушылардың жеке қажеттіліктерін және оқу мүмкіндіктерін
ескеріп саралап кӛрсетеді.
2. Белсенді оқытудың мәні мен мазмұнын түсінеді және ӛз тәжірибесіне енгізе
алады.
3. Қалыптастырушы бағалау әдістерін, кері байланыстың түрлерін біледі және оқу
үдерісінде қалыптастырушы бағалау әдістерін қолданудың маңызын түсінеді.
4. Тиімді оқу ортасына тән ерекшеліктерді біледі, ӛз тәжірибесінде проблемалық
сұрақтарды қолдана алады.
5. Сабақта тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді саралап қолдана алады;
6. Белгіленген тақырыптарға сәйкес ҚМЖ құрастырады.
№12 Практикалық сабақ тақырыбы: Сӛз тіркесі және сӛйлем тақырыптарына ҚМЖ
құрастыру
Мақсаты: сӛзжасам мен сӛз таптары тақырыптарының оқу бағдарламасы мен оқу
жоспарында кӛрсетілген оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын саралап жазу және
сәйкесінше тапсырмалар дайындауды, белсенді оқыту мен қалыптастырушы бағалаудың
әдістерін қолданып оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды жоспарлау. Тапсырмалар: 6. Орта мерзімді жоспарда кӛрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік
кеңестерді, ресурстарды зерделеу;
7. Оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын саралап жазу
8. Сабақ мақсатына сәйкес сараланған тапсырмалар дайындау
9. Оқу материалы бойынша Блум таксономиясы ойлау дағлыларының деңгейлеріне
сәйкес сұрақтар даярлау
10.
Белсенді оқыту мен қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолданып оқу іс-
әрекетін ұйымдастыруды жоспарлау