Білім беру бағдарламасы 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет3/42
Дата27.08.2022
өлшемі1.26 Mb.
#460060
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Силлабус Тіл біліміне кіріспе

құралдық: Лингвистикалық және әдебиеттану міндеттерін шешуде келелі 
мәселелерді анықтау, негізгі мәселелерді бөлшектеу мен қалыптастыру, инновациялық, 
ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды қолдана отырып, қазіргі заманның жаңа 
жағдайларында білім беру, филологиялық мәселелердің шығармашылық шешімінің 
жолдарын анықтау. Тарих, саясаттану, әлеуметтану мен психология бойынша ғылыми 
ақпаратты сараптай алу мен түсіндіре алу; оны кәсіби қызметте қолдана алу, оның 
негізінде қоғамды гуманитаризациялау мәселелерін шеше алу шеберлігі, қоршаған орта
қоғам, жекелеген адамға қатысты адамгершілік жауапкершілігін алуға дайын болу; 
тұлғааралық: Адами қоғамда мәдени және әдет-ғұрыптық құндылықтардың 
негізінде көптілділік пен көпмәдени социумда қатынас жасаудың міндеттерін шешу үшін 
гуманитарлық білімді бейімдей алу мен білікті қолдана алу қабілеті; оқу және зерттеу 
жүргізу қызметінде артықшылықтарды, дербес креативті әрекетті таңдай алу, жеке шешім 
қабылдай алу, жеке шығармашылық қабілеттерді дамыта алу қабілеті, ұжымда жұмыс 
істеу, сендіру, дәлел келтіру, тұжырым жасау, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының 
өзгеруіне психологиялық және методологиялық тұрғыда дайын болу шеберлігі; 
жүйелік: Оқу, оқу-зерттеу, ғылыми қызметте қолдану мақсатында пәнаралық білімді 
тұжырымдау мен жобалау; қазіргі заманғы әлемнің ғылыми көрінісі туралы, қоғам өмірі 
туралы тұтас ұғым негізінде кәсіби қызметте пайда болатын міндеттерді шешу; логикалық 
тұрғыда өзара байланысты ұғымдар жүйесі ретінде білімді қайта жаңғырта алу шеберлігі; 
гуманитарлық білімді (философия, әлеуметтану, саясаттану, психология) жүйелі 
пайдалану негізінде оқу кәсіби міндеттерді шешу қабілеті; әлеуметтік шындықтың пәні
құбылысы мен үрдістерін зерттеудің жалпы ғылыми және философиялық әдістерін 
меңгеру; алынған гуманитарлық білімнің теориялық және қолданбалы, аксиологиялық 
және құралды компоненттерін айыра алу мен оларды білім беру мен зерттеу жүргізу 
қызметінде пайдалана алу шеберлігі; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет