Білім беру бағдарламасы 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет6/42
Дата27.08.2022
өлшемі1.26 Mb.
#460060
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Силлабус Тіл біліміне кіріспе

 
№3 дәрістің тақырыбыФонетикалық жүйе туралы түсінік.
1. Дыбыстардың акустикалық тұрғыдан мінездемесі 
2. Дыбыстау мүшелері және олардың қызметі  
Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен зандылықтары
процестер, сәйкестіктер туралы ілім. Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын 
жеке 
қарастырады, 
олар: 
Қызметтік, 
артикуляциялық 
акустикалық, 
перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология 
пәндерімен байланысты болады. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын 
А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.Жүнісбеков, 
С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім - фонология деп 
аталады. Фонема - тілдегі дыбыстық қатарды қүрайтын бірлік. Фонеманың қазіргі 
түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX г. 70-80 жылдары 
жасаған. 
Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә.Жүнісбеков фонема ұғымының түркі 
тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін 
«сингармема» деген атаудың лайықтығын дәлелдейді. Бұл түркі тілдеріндегі 
сингорманизм заңдылығымен үйлес. Сингорманизм зандылыгын С. 
Мырзабеков 
көп 
зерттеді. 
Фонетикалық 
процестер: 
ассимиляция, 
диссимиляция, диереза, редукция, элизия және т.б. фонетикалық кұбылыстар: 
просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық кұбылыстар. 
инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Фонетика – тіл ғылымының бір саласы . Зерттелуі 
2. Фонетиканың бүгінгі жай-күйі
 
№4 дәрістің тақырыбы: Фонетика және фонология 
1. 
Екпін жіне олардың түрлері
2. 
Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі
Акустика мен артикуляция жөніндегі негізгі мәліметтер. Сөйлеу аппараты, оның 
орналасу жүйесі және жекелеген мүшелердің қызметі. Тіл дыбыстарын сипаттау 
аспектілері: 

Акустикалық аспект. 

Артикуляциялық аспект. 

Лингвистикалық немесе функционалдық аспект. 


Дауысты 
және 
дауыссыз 
дыбыстардың 
акустикалық 
– 
артикуляциялық 
айырмашылықтары. Адамзат тіліндегі дыбыстарды жіктеудің қағидалары. 
Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі. Сегменттік қатар. Фраза – дыбыстық тізбектің 
ауқымды бірлігі. Фонетикалық такт (синтагма). Энклиза және проклиза, энклитика және 
проклитика құбылысы. Буын, буыннның басты теориялары (буын – сонорлық толқын
эксплозия/имплозия толқыны және т.б.). 
Инициаль және финаль бойынша буындардың түрлері. Сөйлеу дыбысы (тілі). 
Артикуляция туралы түсінік. Буындық және буындық емес дыбыстар. Дифтонгтар, 
дифтонгоидтар, полифтонгтар. 
Суперсегментті немесе просодикалық бірліктер. Интонация және оның элементтері: 
сөйлеу әуені, ырғақ, сөйлеу үдемелілігі, кідіріс, сөйлеу қарқыны, тембр. Екпін және оның 
түрлері. Буын акценті. Фразалық, логикалық және эмфатикалық (эмоционалды – 
экспрессивті) екпін. Сөз екпінінің типтері: динамикалық (экспираторлы), квантитативті 
және мелодиялық (тондық). Экспираторлық – кешендік екпін және оның қасиеттері. 
Фонетикалық 
процестер 
(сөйлеу 
ағынындағы 
дыбыстардың 
өзгеруі). 
Комбинаторлық өзгерістер: жүйелі (ассимиляция, аккомодация) және жүйелі емес 
(диссимиляция; диэреза, гаплология; үстеме немесе паразиттік дыбыстар – протеза, 
эпентеза, эпитеза). Алмастыру немесе метатезалар. Орынын басу немесе субституциялар. 
Тілдің дыбыстық құрлымындағы тарихи өзгерістер. Дыбыстардың спорадикалық 
өзгерістері (қысқартулар, контаминациялар, аналогия бойынша өзгерістер). Спонтандық 
процестер және дыбыс заңдылығы туралы ұғым. 
Фонология негіздері. Фонологиялық мектептер: Москва және Санкт – Петербург 
(Ленинград) мектептері. Фонема туралы ұғым және оның дифференциалды, интегралды 
белгілері. Фонологиялық оппозициялар. Фонемалар жүйесі. Позиция – фонеманың 
айтылуының басты шарты. Фонеманың варианттылығы. Аллофондар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет