Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж



бет1/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті



Информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары

SYLLABUS
Пәннің атауы Білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Білім беру бағдарламасы 7М01535- Информатика мұғалімдерін даярлау
Құрастырған: Медешова А.Б. п.ғ.к., доцент

Орал, 2023 ж.
SYLLABUS «Білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері» 7М01535 білім беру бағдарламасы негізінде дайындалды.

Информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау БББ мәжілісінде қаралды


Хаттама № «1» 21.08. 2023 ж.
БББ жетекшісі:________Хамзина А.А.

Пікір беруші: Қасымова А.Х., п.ғ.к., доц. БҚАТУ


Пікір беруші: Гумаров Ғ.С., техн.ғ.д., проф.
Сарапшы: Кушеккалиев А.Н., ф-м.ғ.к., доц. БҚУ
1 Пән туралы мәліметтер:



Кредит

3

Курс

1

Семестр

1

Қорытынды бақылау түрі

емтихан

Дәріс (сағаты)

15

Практикалық (семинар) сабақтар (сағаты)

15

ОЖСӨЖ (сағаты)

15

СӨЖ (сағаты)

45

Барлық сағаттар

90



Курс сипаттамасы
Педагогикалық жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту үшін мұғалімді әдістемелік дайындауға бағытталған пән. Информатика мұғалімін кәсіптік дайындау жүйесінің бір элементі болып табылады.
Курста білімді ақпараттандырудың маңыздылығы, мақсаттары жəне ерекшеліктері, техникалық құралдары жəне білімді ақпараттандыру технологиялары, білім беру іс-əрекетін ақпараттандыру əдістері іріктелген, ақпараттық білім беру ортасын жəне жалпы орта білім берудің ақпараттық білім беру кеңістігін қалыптастыру негіздері, білімді ақпараттандыру саласында педагогтарды оқытудың ерекшеліктері қарастырылады.


Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру жағдайында ұйымдастыру бойынша білімі мен біліктерін қалыптастыру.
Курстың міндеті:
1. Ақпараттық қоғамда білімді ақпараттандырудың рөлі мен орны туралы түсінікті қалыптастыру;
2. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын тиімді қолдану саласы мен құрамы туралы түсінік қалыптастыру;
3. Ақпараттандырудың жалпы əдістерімен, оқыту үрдісінің барабар қажеттіліктерімен, оқыту нəтижелерін бақылау жəне өлшеумен, жалпы орта білім беру жүйесінің оқу мекемелеріндегі оқудан тыс, ғылыми-зерттеушілік жəне ұйымдастырушылық-басқару іс-əрекетімен таныстыру;
4. Ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарына қойылатын талаптар, олардың сапасын бағалаудың негізгі приницптері туралы білімді қалыптастыру;
5. Педагогтарды ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыру мен енгізуге қатыстыруға тұрақты мотивация қалыптастыру
Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша)
Курс аяқталғаннан кейін магистранттер:
-информатикамен, педагогика, психологиямен, философиямен пәннің байланысын, пәнді оқу мақсатын білуі шарт;
- мектептегі информатика және цифрлық сауаттылық/АКТ курсының құрылымдық және мазмұндық құраушыларын және оларды оқыту арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік жолдарын түсінуі тиіс;
- оқыту әдістерін, формаларын сабақ жоспарлауда және ұйымдастыруда, рефлексия мен талдауда қолдануы қажет;
- нормативтік құжаттармен, информатиканы оқытуға арналған әдебиеттермен жұмыс жасай және одан алынған материалдарды талдауы керек;
- пәнді оқытуға қажетті ресурстарды іздеу, жинау, қолдану, талдау, жүйелеу білгені жөн;
- бақылау тапсырмаларын құрастырып, критерийлері мен дескрипторларына сәйкес бағалауы керек;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет