Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж



бет9/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

Дәрістер мазмұны
Дәріс 1: Кіріспе. Қоғамды ақпараттандыру мәтініндегі білімді ақпараттандыру Мақсаты: Ақпараттандыру мәтініндегі білімді ақпараттандыруды түсіну
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  • Кіріспе

  • Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдалану

  • Білімді ақпараттандыру адамның іс-əрекеті ретінде

  • Білімді ақпараттандырудың жағымды қырлары

Болашақ жəне бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан педагогтарға білімді ақпараттандыру екі стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз ету қажеттігін білу маңызды. Біріншісі - ақпараттық жəне қатынастық технологияларды пайдалану негізінде білім беру іс-əрекетінің барлық түрлерінің тиімділігін арттырумен анықталады. Екіншісі – ақпараттық қоғамның сəйкесінше талаптарын қанағаттандыратын жаңа типті ойлайтын мамандарды даярлаудың сапасын арттыру. Ақпараттандыру əдістері мен құралдарының көмегі арқылы


болашақ маман қандай ақпараттық ресурстар барлығы, олардың қайда орналасқандығы, оған қалай қолжеткізуге болатындығы жəне оларды өз кəсіби іс-əрекетінің тиімділігін арттыру мақсатында қалай пайдалану қажеттігі туралы сұрақтарға жауап алуы қажет.


Ақпараттық жəне қатынастық технологиялар (АҚТ) – бұл ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, беру жəне тасымалдау алгоритмін жəне əртүрлі əдістерді, тəсілдерді сипаттайтын жалпылама ұғым.
Қоғамды жəне оның барлық саласын ақпараттандырудың міндетіне соның ішінде білім беруге мемлекет қатты көңіл бөлуде.Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігімектептерді компьютерлендіру, Интернетке қосылу жəне телефондық желі жүргізу жұмыстарын жүргізуде.
IT-технологиялармен қашықтықтан оқытуға негізделген қазіргі білім беру жеке мемлекеттің аумағынан тыс аймақты да қамтуға болатындай, ашық, «қабырғасыз жəне шектеусіз» білім ретінде сипатталады. Бұл кез келген адамға орналасқан жеріне жəне мекен-жайына қарамастан, əлем бойынша жоғары сапалы білімді алуға мүмкіндік беретін үлкен жетістік. Екіншіден, бұл кез келген ел үшін өзін халықаралық ортада көрсетуге, өзінің мəдени жəне саяси əсерін таратуға, өзінің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға үлкен мүмкіндік.


Ақпаратық революция қоныстанушы халықтың белсенді бөлігі үшін ашық ақпараттар ауқымының артуына əкеп тірейтін ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау жəне таратудың тəсілдері мен аспаптарының өзгеруінен тұрады.
Мұндай революциялар алтау.
Бірінші ақпараттық революция тіл мен адамның анық сөйлеуінің пайда болуынан тұрады.
Екінші ақпараттық революция жазудың ойлап табылуына байланысты. Бұл ойлап табу адамзат қоғамы жинақтаған ақпаратты сақтауды ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар оның шынайылығын арттырып, ақпарат таратуға бұрынғыдан да кең жағдай жасады.
Үшінші ақпараттық революция XV ғасырда ақпараттық технологиялардың алғашқыларының бірі болып саналатын кітап басып шығаруды ойлап табудан туындаған. Бұқаралық ақпараттың газеттер мен журналдар сияқты баспа құралдарының пайда болуы мен дамуы – осы үшінші ақпараттық революцияның нəтижесі.
Төртінші ақпараттық революция ХIХ ғасырда басталды. Ол кезде ақпаратты жіберу мен таратудың телеграф, телефон, радио жəне теледидар сияқты құралдары ойлап табылды.
Бесінші ақпараттық революция адамзат есептеу техникасын белсенді пайдалана бастаған кезде, XX ғасырдың ортасында өтті. ЭЕМ- ді ғылыми ақпаратты өңдеуге қолдану адамның ақпаратты белсенді жəне тиімді өңдеуі бойынша мүмкіндігін түбегейлі түрде өзгертіп, өркениет дамуының бүкіл тарихында адам алғашқы рет интеллектуалды еңбектің өнімділігін арттыруға жоғары тиімді құралға ие болды.
Бүгінде біз ауқымды телекомуникациялық компьютерлік желілердің пайда болуы жəне олардың мультимедиа технологиялары мен виртуалды шындықпен интегралдануына байланысты алтыншы ақпараттық революцияның куəсі болып отырмыз.
Алты революция қоғамды өзгертті. Ақпараттандыру үдерістерінің бар екендігі туралы айтуға болатындай ақпарат пен ақпараттық технологиялар көз алдымызда дамуда əрі – тарауда. Ақпараттандыру қоғам өмірінің барлық салаларына революциялық əсер жасай отырып, адамдардың өмір сүруі мен қызмет етуі жағдайларын, олардың мəдениетін, жүріс-тұрыс стереотипін, ойлау жүйесін түбегейлі өзгертуде.
«Ақпараттандыру» ұғымының біршама кеңірек анықтамасын академик А. П. Ершов өз жариялымдарында берді. Ол, «ақпараттандыру– адамзат қызметінің барлық қоғамдық елеулі түрлеріндегі шынайы,жеткілікті жəне уақтылы білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені» деп жазды. Оның үстіне А. П. Ершов ақпарат «қоғамның табысты даму қабілеттілігіне көп жағынан алғы шарт жасайтын, тұтас алғанда, оның стратегиялық ресурсы» болып табылатындығын атап өтті. Сол сияқты, ЮНЕСКО-ның ұйғарымы бойынша да, ақпараттандыру – бұл мағлұматтардың (білімнің) барын жүйеге келтіріп, жаңасын қалыптастыруды, сонымен қоса, оларды қоғамды ағымдық басқару жəне ары қарай жетілдіру мен дамыту үшін пайдалануды қаматамасыз ететін ақпаратты жинақтау, сақтау мен тарату əдістері мен жолдарын кең көлемде қолдану.
Білімді ақпараттандыру оқыту мен тəрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына жету үшін білім саласында мағлұматтардың (білімнің) барын жүйеге келтіріп, жаңасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпаратты жинақтау, сақтау жəне тарату технологиялары мен құралдарын қолдануға бағытталған адамзат қызметінің ғылыми-практикалық саласын білдіреді.
Тарихи тұрғыдан білімді ақпараттандыру екі негізгі бағытта – басқарылатын жəне басқарылмайтын бағытта жүзеге асырылады.
Басқарылатын білімді ақпараттандыру ұйымдастырылған үдеріс сипатты болып, материалдық ресурстармен сүйемелденеді. Оның негізін көпшілікпен мойындалып негізделген тұжырымдар мен программалар құрайды.
Басқарылмайтын білімді ақпараттандыру білім жүйесінің қызметкерлерінің бастамасымен төменнен жүзеге асырылып, білім қызметініңжəне пəндік облыстардың ең көкейкесті салаларын қамтиды.
білімді ақпарттандыру бұл тағы педагогтарды дайындау мен қайта дайындау жүйесінің бөлігі болып табылатын оқу пəні екендігін де ұмытпаған абзал. Бұл пəн алдына жеткілікті кең мақсаттар қояды.
«Ақпараттандыру» ұғымының біршама кеңірек анықтамасын академик А. П. Ершов өз жариялымдарында берді. Ол, «ақпараттандыру – адамзат қызметінің барлық қоғамдық елеулі түрлеріндегі шынайы, жеткілікті және уақтылы білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені» деп жазды. Оның үстіне А. П. Ершов ақпарат «қоғамның табысты даму қабылеттілігіне көп жағынан алғы шарт жасайтын, тұтас алғанда, оның стратегиялық ресурсы» болып табылатындығын атап өтті.
Білімді ақпараттандырудың екі негізгі мақсаты бар. Біріншісі – білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттыру. Ал екіншісі - ақпараттық қоғамда адамды өмірге қатыстыру, ақпараттық технологияларды кәсіби қызмет пен күнделікті өмірге пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет