Білім беру бағдарламасы: барлық бб бағытына Петропавл қ. 2021ж. Тақырып



бет3/16
Дата23.09.2022
өлшемі219.79 Kb.
#461176
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Білім беру ба дарламасы барлы бб ба ытына Петропавл . 2021ж.

Сыншыл ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыншыл ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
Асхат Әлімов. Сыншыл ойлау туралы: Ойлаудың осындай толассыз түрі сыни ойлау деп аталады. Мұнда ойлау тізбекті (сызықты) түрде бір нүктеден екінші нүктеге бір бағытпен жылжымай, біресе алға, біресе артқа ойысады. Проблеманың шешімін табу мұнда ең аяққы нүкте деп саналмайды: оны дәлелдеп беру керек, оның тиімділігі мен ықтимал қолайсыздықтарын айқындау қажет, оған балама келтіру керек. Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен (дербестік) ерекшеленеді: қандай да болмасын мәселе/ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып, оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру, дербес шешім қабылдау.Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы-төкпелі, күнделікті өзгеріп отырған заманда адам «өз инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек» деп есептейді. Мұның себебі мынада: адам өз түсініктерін, ұстанымдарын, құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай (мысалы, сезімдер жетегімен немесе басқа біреудің айтқаны бойынша), олар туралы терең ойланып, оның бәрін күмәнмен қабылдап, «тұла бойынан» өткізуі қажет. Ричард Польдің пайымдауы бойынша, адамдар «өздерінің басына түскенді дәл сол қалпында қабылдамауы керек. Олар ақиқат деп ұсынылған нәрсенің бәрін де ақиқат деп түсінбеуі қажет. Олар өздерінің өмірлік тәжірибесін жалған деп ойламауы керек». Демек, олар өмірдің барлық жәйттері мен көріністерін ой елегінен өткізіп, олардың өміршеңдігі, құндылығы мен қажеттілігі туралы өзіндік пікір қалыптастыруы керек. Сол себепті сыни ойлауды көп жағдайда «сыпайы күмәндану» деп атайды.Сонымен, сыни ойлау мынандай жағдайларда болады:– кез келген проблема не ақпаратпен өздігімен жұмыс жасағанда;– кез келген проблема не ақпаратты өзіндік тәжірибе (өмірлік, кәсіби) тұрғысынан қарастырғанда;– кез келген проблема не ақпарат туралы өзіндік (дербес) пікір қалыптастыру барысында;– өз пікірі мен көзқарастарын тұжырымдап, оларды дәлелдеуде;– кез келген проблема не ақпаратты жан-жақты тұрғыдан қарастырғанда;– бірлесе жұмыс жасағанда (топта, жұпта, командада);– өзгелердің пікірлерін бағалап, қабылдағанда.Ал сыни ойлаушының ерекшеліктері мынандай болады деп тұжырымдауға боларлық:– кез келген проблема не ақпарат бойынша нақты сұрақтар қояды;– ең маңызды жәйттерді бөліп шығарады;– проблема не ақпаратқа қатысты деректерді қолданады;– критерийлер мен стандарттарды қолданады;– критерийлер мен стандарттарға негізделінген дәлелді қорытынды мен шешімдер келтіреді;– өз пікірі мен көзқарастарына деген жоғары жауапкершілігі бар;– ақпаратты бір мағыналық жүйеден екіншіге аударады (вербалдыдан визуалдыға немесе керісінше);– қарастырып отырған мәселені басқаларымен салыстырады;– балама ұсыныстар мен көзқарастарды тұжырымдайды;– икемді болады: өз ойлары мен пікірлерін өзгерте біледі, қателерін мойындап, оларды түзейді;– себеп-салдарды анықтайды;– талдайды, тұжырым жасап, қорытындылайды;– мәселеге ауқымды тұрғыдан қарап, бірінші мезетте тек қомақты жәйттерді бөліп қарастырады;– шешім қабылдауда басқалармен тиімді түрде ынтымақтасады;– ақпаратты шығармашылық тұрғыдан түрлендіреді;– әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпарат табады, оның мазмұнын, бағытын, мақсатын өздігінше түсінеді;– өз әрекеттерін бақылайды, оларға баға береді, жақсарту жолдарын іздейді;– басқалармен тіл табысып, ортақ мәмілеге келуге тырысады.Бастапқы деңгей – өз көзқарасы мен ұстанымын жан-жақты тұрғыдан қалыптастыра алмайды, – өз ұстанымын толық дәлелдей алмайды, оның артықшылықтарын толықкөрсетпейді,–жан-жақты салыстырмайды,– ұтымды мысалдар келтірмейді,– себеп-салдарын дәлелді түрде келтіре алмайды,– талдау мен синтездеуді толық жасамайды,– жан-жақты баға бере алмайды.Орта деңгей– ойлау қадамдарын ретімен қолданады,– өз көзқарасы мен ұстанымын қалыптастырғанымен оларды ұтымды түрде дәлелдей алмайды,– өз ұстанымдарын өзгелермен салыстырады, оның артықшылығы мен кемшіліктерін ажыратады,– өзіне айтылған сынды сабырмен қабылдай алмайды,– өзге ұстанымдарды жан-жақты талдамайды, олардың олқылықтарын ажырата алмайды,– өзге ұстанымдарды өз мақсатында пайдалана алмайды,– өз ұстанымын икемді түрде өзгерте алмайды. Жоғары деңгей– негізгі ойлау қадамдарын ретімен, логикалы түрде және тереңінен қолданады,– өз көзқарасы мен ұстанымдарын ұтымды түрде дәлелдей алады,– өзіне өзі нақты баға бере алады,– өзге пікірлерді бағалай біледі,– ұсыныстар мен гипотезалар жасай біледі,– айтылған сынға байыппен қарайды: өз ұстанымдарын икемді түрде өзгерте алады,– өз жұмысын жақсарту жолдарын іздестіреді.Ең алдымен сабақ тақырыбын немесе шешуді қажет ететін проблеманы (мәселені, сұрақты) айқындап алайық.
Мысалы, тақырып «Біздің ауыл тұрғындарының денсаулығы», «Суды қалай үнемдеуге болады» немесе «Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыста» болсын. Осы проблемаларды шешу үшін мұғалім оқушыларға үнемі сұрақтар қойып, олардың сыни ойлауын белсенділендіріп отыруы керек.Алдымен оқушыларға «Бұл тақырып/проблема туралы не білесіздер?» деп сұрау қойып, олардың алдымен жеке ойланып, содан кейін шағын топ (немесе жұп) ішінде өз ойларын ортаға салуды тапсыруға болады. Осыдан соң туындаған ойлар мен пікірлерді сынып болып талқылаған жөн. Мұғалім оқушылардың талқылауын «Бұл мәліметтердің қайсысы сіздер үшін пайдалы болады деп ойлайсыздар ма? Неліктен ? Бұл тұжырымға сіздер қалайша келдіңіздер?» секілді сұрақтармен қолдап отырады. Оқушыларға қойылатын келесі сұрақ «Бұл туралы не білгілеріңіз келеді?» болсын. Қайтадан шәкірттер алдымен жеке ойланып, сонан соң жұп не топ құрамында пікірлерімен алмасады. Бұл мәселені тағы да сынып болып талқылап (мұнда «Неліктен олай ойлайсыз? Ал егерде олай болмаса ше? Мұның астары (немесе себеп-салдары) қандай деп ойлайсыздар?» секілді сұрақтарды қойған орынды), тақтаға оқушылардың не білгісі келетіндерін тізім түрінде жазып қоюға болады.Келесі мәселе: тақырыпты/проблеманы шешу.Ол үшін оқушыларға мынандай сұрақ қоюға болады: «Бұл мәселені қалай шешесіздер? Ол үшін сіздерде қандай деректер мен ресурстар бар? Мәселені қандай уақыт ауқымында шешуге болады деп ойлайсыздар?»Оқушылардерек көздерімен жұмыс жасау барысында оларға тағы да мынандай сұрақтар қойып, ойлау мен талқылаудың шоғын үрлей түсу керек: «Деректер сенімді ме? Олардың қайсысын дәлел ретінде таңдауға болады? Неліктен? Оның ұстанымымен келісесіз бе? Оның қай көзқарасына қарсысыздар? Деректерді қалай орналастыруға болады? Олардың ішкі байланыстары бар ма? Олар қандай?»Әрине, бұл сұрақтар ойлауды дамытудың мысалдары ретінде келтіріліп отыр, олардың барлығын бір мезгілде қоюдың қажеті де жоқ шығар: 2-3 сұрақ қойса да жеткілікті. Әрі қарай оқушыларға тағы да мынандай сұрақтарды қойғанорынды:– Өз ойларыңызды бүкіл сыныпқа қалай жеткізесіздер? (Сыныпты ойларыңызбен қалайша таныстырасыздар?)– Сіздердің ұстанымдарыңызды немен салыстыруға болады?– Осы тақырып бойынша біліміңізді қалай қолданасыздар?– Өз ұстанымдарыңызды қандай дәлелдермен қуаттайсыздар?– Ұстанымдарыңыздың ішкі бөлімдерін бір-бірімен қалай салыстырасыздар?– Өз ұстанымдарыңыздың ұтымды жерлері қандай?– Ұстанымдарыңыздың осал жерлері бар деп ойлайсыздар ма?– Өз ұстанымдарыңызға қандай баға берер едіңіз?Түйіндеу немесе қорытындалауда мынандай тапсырмалар ұсынуға болады:– Проблема шешудің ұсыныстарын келтіріңіздер.– Өз ұстанымдарыңызды дәледеңіздер.– Бұл мәселенің практикалық қорытындысын келтіріңіздер.– «Не білдім?» деген сұрақты талқылаңыздар.– Жаңа білімді қалай қолдануға болатындығын талқылаңыздар.– Топ ішіндегі жұмыстарыңызды бағалаңыздар.Осылайша, яғни жоғары деңгейдегі (немесе «жуан», «қиын») сұрақтар қою арқылы, оқушыларды өзіндік ойлауға, ақпарат пен дереккөздермен өздігімен жұмыс жасауға, дербес тұжырым жасап, оны дәлелдермен қуаттауға, проблема шешуге ынталандыру қажет. Сыни ойлау қайталауды ғана қажет ететін сұрақтар арқылы өрбімейді (немесе оларды «қарапайым», «жіңішке», «оңай» сұрақтар деп те атайды): мұндайда оқушы тек еске түсіреді. Мәселен, «Екі жердегі екі қанша болады?» деген сұрақ дәп осындай репродуктивтік сипатта, демек, оқушы бұл сұраққа жауап бергенде сыни ойламайды, ол тек білгенін есіне түсіреді. Сократ кезінде «Ақылсыз адам жауап береді, ал ақылды адам ақиқатты іздейді» деген екен. Сондықтан да оқушыларды ойлануға итермелейтін сұрақтар қою қажет. Мәселен, оқушының сыни ойлауы үшін осы сұрақты былайша өзгертуге болады: «Неліктен екі жердегі екі төрт болады? Өз ойыңызды қалайша дәлелдеп бере аласыз?» Бұл сұрақтарға жауап беру үшін оқушы тек еске түсіріп қана қоймай, сонымен бірге мәселені жан-жақты қарастырып бағады, өзіндік пікір қалыптастыруға ұмтылады, оны дәлелдеуге тырысады. Егер оқушылардан «Газды сусындарды ішуді ұнатасыздар ма?» деп сұрасаңыз, олар бұл сұраққа не «Иә», не «Жоқ» деп жауап береді. Алайда мұндай жұмыс оларда сыни ойлауды туғызуы екіталай. Ол үшін дұрыс жауап берумен шектелмей, сұрақтар қою арқылы ойлауды дамытып, мәселені жан-жақты қарастыру керек. Мұндай сұрақтарды оқушылармен бірлесе құрап, оларға жауап іздеу қажет: «Газ сусынға не үшін қосылады? Қандай газдар қосылады? Басқа газдарды қосуға бола ма? Неліктен газды сусын адам үшін дәмді болады? Газ қалайша сусынды дәмді жасайды? Жануарлар газды суды іше ме? Газды сусындармен үй өсімдіктерін суғарса не болады? Газды сусындар денсаулыққа нұқсан келтіре ме? Газды суды көп ішсе не болады? Кішкене балалардың ағзасына газды сусындар қандай әсер жасайды? Газды сусындардың құтысында көрсеткен құрамдас бөліктер сусын құрамында шынымен сақтала ма?», т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет