Білім беру бағдарламасы білім алушыларына арналған. Лекциялар жинағы «Техника және ақпараттандыру»


Білімдер түсінігінің фреймдік моделі



бет24/29
Дата23.06.2023
өлшемі316.11 Kb.
#475319
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
ЛБ-Лекция-ЕТ

Білімдер түсінігінің фреймдік моделі
Фреймдар жасанды интеллект жүйелерінде білімді түсіндірудің кең таралған формасы ретінде белгілі.
Фрейм – кез-келген құбылыстың, оқиғаның, жағдайдың, үрдіс немесе объектінің мәнінің минимальды мүмкін сипаты.
Фреймнің бірмәнді құрылымы бар және слоттар деп аталатын стандартты бірліктерден тұрады. Слоттың өз мәні және аты бар. Фрейм тізбек түрінде көрсетіледі:
Фрейм=<слот1><слот2><слот3>…<слотN>.
Мысал ретінде “алу” фреймін қарап көрейік:
“Алу”:
(Субъект,Х1);
(Объект,Х2);
(Орын,Х3);
(Уақыт,Х4);
(Шарт,Х5).
Бұл фреймде слоттар аты көрсетілген, бірақ оның мәнінің орнына (Х1,Х2 және т.б) айнымалылары қолданылады. Мұндай фрейм прототип–фрейм немесе протофрейм деп аталатын.
Пртофрейм түсініктің өзі жайлы білімді сақтайды. Мысалы, “алу” түсінігі аты көрсетілген бар слотпен байланысты. Алуды «Егер Х5 шарты орындалғанда, Х1 Х3 орыннан, Х4 уақытта, Х1 Х2 деп белгіленді алады.» Барлық айнымалылардың орнына нақты мәндерді қоя отырып, сипаттаудың нақты фактісін аламыз:
“Алу”:
(Субъект, Робот);
(Объект, Деталь);
(Орын, Қабылдау бункері);
(Уақыт, Х4);
(Шарт, Бункерде деталь бар, ал роботта ол жоқ ).
Жасанды интеллекте негізгі слоттар көрсетілген фреймдер фрейм-экземпляр немесе экзофрейм деп аталады. Біздің мысалымызда “алу” фреймінде негізгілер деп “объекті” және “субъекті” атауға болады.
Семантикалық желіні фреймдер жиыны ретінде көрсету үшін желі төбелерінің арасындағы қатынасты көрсете білу керек.
Осы үшін фреймнің слоттары қолданылады. Слот ретінде жаңа фрейм шыға алады, көпшілік фреймдарға иерархиялық классификацияны орындай алады. Бұл фреймдердің қолайлы қасиеттері болып табылады, себебі адамның білімі жалпылама реттелген.
Білімдер түсінігінің өнімдік моделі
Өнім- жасанды интеллект жүйелеріндегі білімді көрсетудің кең тараған түрі.
Модельдер негізін өнімдер жүйесі құрайды. Әрбір өнім келесідей стандартты түрде жазылуы мүмкін.
«Өнім аты»
Сфера аты,
Бастапқы шарт;
Ядро шарты;
Егер А, онда В;
Соңғы шарт.
Негізгі ядро «Егер А, онда В» түрінде, мұнда А және В әртүрлі мәндер болуы мүмкін. Қалған элементтер көмекші сипатта болады. Өнімдік модельдің қарапайым түрі өнім аты және ядродан тұруы мүмкін. Сфера мысалы физика, информатика, химия және т.б. бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет