Білімдедің логикалық тәуелсіздігі деп, қолданбалы программалардың өзгеруінсіз жалпы логикалық мәліметтер құрылмының өзгертілуі мүмкін (өзгертілу, әрине қолданбалы программалармен қолданылатын мәліметтер қорындағы элементтердің жоюы емес).
Мәліметтердің физикалық тәуелсіздігі деп, жалпы логикалық мәліметтер құрылымын не қолданбалы программаларды шақырмай-ақ физикалық қойылымы және мәліметтердің ұйымы өзгере алады.
Төртінші кезең мәліметтердің логикалық және физикалық идеяларымен сипатталады, логикалық мәліметтер құрылымы физикалық мәліметтер құрылымынан қатты ерекшеленуі мүмкін, нақты қолданбалы программалардан да ерекшеленуі мүмкін.
Бақылау сұрақтары
1. Білім жүйесі деген не?
2. Білім жүйесін құруда қандай проблемалар болуы мүмкін?
3. Білімдердің логикалық тәуелсіздігін қалай түсінесіз?
4. Мәліметтердің физикалық тәуелсіздігін қалай түсінесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Дүйсенов, Н.Ж. Логикалық бағдарламалау [Мәтін]: Оқу құралы / Н.Ж. Дүйсенов, М.Ж. Кошкинбаева.- Шымкент, 2019.- 92б.
2. Cюарт, Р. Жасанды интеллект.3-том. Жаңашыл әдіс. Логика. Оқулық-Алматы,2016-540б (ҚР БЖҒМ «Оқулық» орталығы бекіткен).
3. Рассел, С Жасанды интеллект. 1-том. Жаңашыл әдіс-Логика. А,2013-540 (ҚР БЖҒМ «Оқулық» орталығы бекіткен).
4. Абдрахманова, Г., Визуалды бағдарламалау технологиясы [Мәтін]: Оқу құралы / Г. Абдрахманова -Шымкент, 2019.
ЛЕКЦИЯ №13
13. Тақырыбы: Білімді бейнелеу модельдері.
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
Білім туралы түсініктің логикалық моделі
Білім туралы түсініктің желілік моделі
Білім туралы түсініктің фреймдік моделі
Білім туралы түсініктің өнімдік моделі
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
1. Кез-келген пәндік облыс өзінің түсініктер жиынымен және олар арасындағы байланыспен, осы пәндік облыстың объектілері байланыстыратын өз заңдарымен, өз процестерімен, оқиғаларымен сипатталады. Әрине, әрбір пәндік облыстың тапсырмаларды шешудің спецификалық әдістері бар. Пәндік облыс жайлы және ондағы есептерді шешу тәсілдері жайлы білім әртүрлі. Осы білімдердің әртүрлі классификациялары бар. Көбінде білім ресми түрдегі және процедуралық бөлімдерге бөлінеді.
Процедуралық білімдер есептерді шешу кезінде қолданылатын әрекеттер тізбегін сипаттайды. Ол, мысалы, ЭЕМ-ге арналған программалар, сөз бойынша арналған алгоритмдер, бір затты құрау инструкциясы. Ресми түрдегі білімдер – барлық процедуралық емес программалар, мысалы, сөздіктегі және энциклопедиялардағы мақалалар, физика, химия және де басқа ғылымдардағы заңдар түсініктемелері және процедуралық білімдерден басқа “Х – ты қалай жасау керек?” деген сұрақтарға жауап береді. Ол “Х деген не?” немесе “Х және У арасында қандай байланыстар бар?”, “Неге Х?” деген сұрақтарға жауап қайтарады. Интеллектуалды жүйелер - өз құрамына міндетті түрде ЭЕМ-ді қосатын аппараттық программалық комплекстер. Пәндік облыс жайлы ақпаратты ЭЕМ-ге енгізу үшін ол ақпаратты машинаға түсінікті формада енгізу қажет. Басқа сөзбен айтқанда білімді ЭЕМ-ге түсінікті тілде, мысалы, программалау тілдеріндегідей етіп енгізу қажет.
Ол үшін білімді көрсететін арнайы тілдер бар. Оларды олардың негізінде жатқан ұсынудың формальды моделдері типтері бойынша жіктеуге болады. Ондай 4 модель бар: логикалық, желілік, фреймдік және өнімдік.
Достарыңызбен бөлісу: |