4-ші апта
Тақырып: Рекурсия
|
1. Рекурсия.
2. Рекурсияның артышылықтары мен кемшіліктері.
3. Артқы рекурсия.
4.Рекурсия негізінде цикл құрастыру.
5. Факториалдарды есептеу.
|
Кейс
|
1
|
5-ші апта
|
Тақырып: Прологта бағдарламаның орындалуын басқару.
|
1. Тереңдікте іздестіру əдісі.
2. Сəтсіздіктен кейінгі шегіну.
3. Кесу жəне шегіну.
4. Қолданушымен анықталатын іздестіру əдісі.
|
Электронды лекция презентация
|
1
|
6-ші апта
|
Тақырып: Тізімдер.
|
1. Тізімдер.
2. Тізімді рекрусивті анықтау.
3. Тізімдермен операция жасау.
|
Ақпараттық анықтамалық
|
1
|
7-ші апта
|
Тақырып: Тізімдерді сұрыптау.
|
1. Орташа жəне минималды мəнді, тізімдегі элементтердің суммасын табу қарастырылады;
2. тізімдерді іріктеу алгоритмі: көпіршіктік, таңдау , қыстыру , қосылуы , жылдам сұрыптау.
|
Ақапараттық
|
1
|
2 модульдің аты: Жасанды интеллект жүйесі
|
8-ші апта
|
Тақырып: Жасанды интеллект жүйесі жайлы түсінік.
|
1. ЖИ даму тарихы.
2. ЖИ қолданыстары.
|
Ақпараттық анықтамалық
|
1
|
9-ші апта
|
Тақырып: Жасанды интеллект облысындағы зерттеулер бағыты.
|
1. Нейрокибернетика бағыты.
2. Машиналық интеллект бағыты.
|
Видео лекция
|
1
|
10-ші апта
|
Тақырып: Жасанды интеллектіні модельдеу.
|
1. Нейрон тәрізді желілер.
2. Нейрон тәрізді желілердің типтері.
|
Ақпараттық анықтамалық
|
1
|
11-ші апта
|
Тақырып: Эвристикалық модельдеу.
|
1. Эвристикалық программалау.
2. Эвристикалық модельдеу.
3. Эвристикалық қолданбалы бағдарламалау интерфейісі.
|
Ақпараттық анықтамалық
|
1
|
12-ші апта
|
Тақырып: ЖИ жүйесінде білімді қалыптастыру.
|
1. Білім жүйесін құрудағы проблемалар.
2. БЖ қойылатын талаптар.
3. БЖ қасиеттері мен пайдалану сипаттамасы арасындағы байланыстар.
|
Ақпараттық
|
1
|
13-ші апта
|
Тақырып: Білімді бейнелеу модельдері.
|
1. Білім туралы түсініктің логикалық моделі.
2. Білім туралы түсініктің желілік моделі.
3. Білім туралы түсініктің фреймдік моделі.
4. Білім туралы түсініктің өнімдік моделі
|
Ақпараттық анықтамалық
|
1
|
14-ші апта
|
Тақырып: Сарапшылық жүйелер.
|
1. Сарапшылық жүйе анықтамасы.
2. СЖ міндеттері.
3. СЖ ерекшеліктері
|
Ақпараттық
|
1
|
15-ші апта
|
Тақырып: Машиналық интеллект және роботтық техника.
|
1. Машиналық интеллект.
2. Роботтар типологиясы.
|
Электонды лекция презентация
|
1
|
Барлық 15 апталық сағат саны
|
|
15
|
ЛЕКЦИЯ №1
Тақырыбы: Пролог логикалық программалау тіліне кіріспе
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ:
Пролог пайда болуы жəне дамуының тарихы.
Бесінші ұрпақты ЭЕМ-ң жапондық жобасы.
Императивті жəне декларативті программалу тілдері.
Прологты қолдану аймақтары.
Пролог – программалауды бастапқы үйренудің тілі.
Пролог тілінің пайдалану аймақтары.
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
Көптеген мыңжылдықтар бойы адамзат білімді жинау, өңдеу жəне таратумен айналысады. Осы мақсатпен үзілмей жаңа құралдар шығарылған жəне ескілер жақсартылған: сөйлеу, жазба, пошта, телеграф, телефон жəне т.б. Білімді өңдеу технологиясында үлкен рөлді ойнаған - компьютерлердің пайда болуы.
1981 ж. қазанда Жапондық халықаралық сауда жəне өндіріс министрлігі зерттеулік ұйым - Жаңа Ұрпақтық Компьютерлердің Құрылу Əдістерін Зерттеу Институтының (Institute for New Generation Computer Technology Research Center) құрылғанын хабарлады. Осы жобаның мақсаты білімге негізделген ақпаратты өңдеу жүйесін құру болып табылған. Бұл жүйелер қолданушыға жалпы тіл көмегімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру арқылы басқаруды жеңілдетуді қамтамасыз етеді деп болжамдалған. Осы жүйелер өзін-өзі үйретуі, əртүрлі есептерді шығару үшін жадыдағы жиналып жатқан білімдерді қолдануы, қолданушыларға сарапшы консультацияларды беруі керек болған, дегенмен, қолданушыдан информатика маманы болуы талап етілмеген. Адамзат кез-келген теледидар, магнитофон жəне пылесос электроқұралдары сияқты беснші ұрпақты ЭЕМ-ді өте оңай қодана алады деп болжамдалған. Содан соң жапондық жобадан кейін американдық жəне еуропалық жобалар басталды. Осындай жүйелердің пайда болуы білімдер базаларының жəне сарапшы жүйелердің негізінде технологияларды өзгерте алуы мүмкін болды. Беснші ұрпақты ЭЕМ-ге сапалы өтудің негізгі бағдары – деректерді өңдеуден білімдерді өңдеуге өту болып табылған. Адам ойлау қабілетін компьтерлердің функциялау принциптеріне негіздемей, компьютер жұмысын адам ойлауна жақындатуы қолдан келеді деп Жапондықтар үміттенген, осы орайда фон нейман компьютерлік архитектурадан бас тартты. 1991 ж. Бесінші ұрпақты ЭЕМ-ң алғашқы прототипін құрастыру болжамдалған. Енді белгілі, алға қойылған мақсаттар толық орындалған жоқ, дегенмен осы жоба жасанды интеллект өрісінде жаңа зерттеулер өндірісіне импульс болып табылған жəне логикалық программалауға өте үлкен мүдде туғызған. Тиімді сату үшін дəстүрлі фон нейман арихитектурасы жараған жоқ, сондықтан PSI жəне PIM логикалық программалау компьютерлер құралған.
Бесінші ұрпақты ЭЕМ жобасының өңдеу программалық құралдарының негізгі методологиясы ретінде логикалық программа таңдалып алынған, Пролог соның жарқын мысалы болып табылады. Қазір де Пролог тілі Жапония жəне Еуропада ең əйгілі жасанды интеллект тілі болып қалады (АҚШ-та, дəстүрлі түрде, жасанды интеллект тілінің əйгілі түрі – Лисп функционалды программалау тілі ).
“Пролог” тілінің атауы ЛОГикалық ПРОграммалау сөздерінен шыққан (PROgrammation en LOGique - француз нұсқауында жəне и PROgramming in LOGic – ағылшын тілінде).
Пролог предикаттарды есептеу сияқты математикалық логика бөлімінде негізделген.
Дəлірек айтқанда, хронолық дизъюнкт революциялық əдіс теоремасының дəлелдеу процедурасы оның базисін құрайды.
Пролог тілінің пайда болуы мен дамуы тарихында келесі этаптарды айтып кетуге болады.
1986 жылы "A machine oriented logic based on the resolution principle" жұмысында, "Journal of the ACM" журналының 12 номерінде, Дж Робинсон “резолюция принципі” атты бірінші қатардағы предикаттарды есептеудегі теоремалар дəлелдеуінің автоматты іздеу əдісін көрсетті. Бұл жұмысты аударылған түрде оқуға болады: Робинсон Дж. Машинно- ориентированная __________логика, основанная на принципе резолюции // Кибернетический сборник.
— Вып. 7 (1970). Шынында, осы əдістің идеясы, компьютерлер жоқ кезде, 1931 ж. Эмбранмен ұсынылған, (Herbrand, "Une methode de demonstration", These, Paris, 1931).
Робинсон осы əдісті автоматикалық компьютерлік қолдануға лайықты етіп модификацияланған, жəне, сонымен қатар, оның əдісінің базисін құрайтын унификацияның тиімді алгоритмін өндіріп шығарған.
1973 жылы Алан Колмероэның басшылығымен “жасанды интеллект тобы” Марсель университетінде теоремаларды дəлелдеуге арналған программаны құрастырды. Осы программа табиғи тілдегі тексттерді өңдеу жүйелерін құрастыру барысында қолданылған.
Теоремаларды дəлелдеу программасы Prolog (Programmation en Logique) атауын алған. Ол Прологтың алдыңғы бейнесі болып табылды. Бұл атаудың авторы Алан Колмероэның əйелі болғаны туралы əңгімелер айтылып жатыр. Программа Фортранда жазылған болатын жəне жылдам жұмыс істеген жоқ.
Логикалық программалаудың дамуында Роберта Ковальскийдің "Логика предикатов как язык программирования" (Kowalski R. Predicate Logic as Programming Language. IFIP Congress, 1974) жұмысы маңызды болды, мұнда ол тиімділікке қол жеткізу үшін, көптеген хронолық дизьюнктермен шектелу керек екендігін көрсетті. Айталық, Ковальский мен Колмероэ бір жаз бойы бірге жұмыс істегендері белгілі.
1976 жылы Ковальский өзінің əріптесі Маартен ван Эмденмен бірге логикалық программаларда тексттерді оқудың екі əдісін көрсетті: процедуралы жəне декларативті. Осы əдістер туралы əңгіме үшінші дəрісте баяндалады.
1977 жылы Эдинбургте Уоррен мен Перейра Прологтың көптеген өндірулеріне прототип болған, ЭВМ DEC–10 үшін Пролог тілінің өте тиімді компиляторын құрды.
Қызығы, компилятордың өзі Прологта жазылған. Осы Прологтың өндірісі “эдинбургтік версия ” ретінде танылған, тілдің бірінші жəне жалғыз стандарты болды. Өндірген кездегі қолданған алгоритм, тілдің көптеген келесі өндірулеріне прототип болды. Əдетте, егер қазіргі-заманғы Пролог жүйесі эдинбургті прологты қолдамаса да, Прологты программаны “эдинбургті” жүйеге келтіретін оның астыжүйесі бар. Əрине, ISO/IEC 13211– 1:1995 стандарты бар, бірақ оны барлық Прологжүйелер қолдай алмайды.
1980 жылы Ұлыбританияда Кларк жəне Маккейб персоналды ЭЕМ үшін Пролог нұсқауын өндіріп шығарған.
1981 жылы жоғарыда айтылғандай Институттың жаңа ұрпақты компьтерлерді құрудың əдістерін өндіру жобасы басталды.
Бүгінгі күні Прологтың көп өндірулері бар. Ең белгілі болғандары келесілер:
BinProlog, AMZI-Prolog, Arity Prolog, CProlog, Micro Prolog, МПролог, Prolog-2, Quintus Prolog, SICTUS Prolog, Silogic Knowledge Workbench, Strawberry Prolog, SWI Prolog, UNSW Prolog жəне т.б.
Біздің мемлекетімізде Прологтың келесі версиялары өндірілген – Пролог-Д (Сергей Григорьев), Акторный Пролог (Алексей Морозов), сонымен қатар Флэнг (А Манцивода, Вячеслав Петухин).
“Пролог тілінде программалау өнері” кітабында Стерлинг жəне Шепиро жазған: “Тілдің артықшылығы – анықталатын жəне белгіленетін ғылыми концепция болып емес, бүкіл оған қатысты қасиеттерімен нақты объект болып табылады. Пролог логикалық программалауда үлкен мақсаттарға жетпеген болса да, соған қарамастан, программалаудың қуатты, өнімді жəне тиімді формализмі болып табылады”.
Дəстүрлі, программа деп операторлардың кезектігін айтуға болады (компьтердің жасаған командалары). Осы программалау стилін əдетінше – императивті деп атайды.
Императивті тілде программалағанда, программист компьютерге есепті қалай шығару керек екендігін түсіндіруі қажет.
Оған қарама-қарсы программалау тілі – декларативті стиль, ол бекітілімдердің жинақтығын көрсететін программа, онда пəндік аймақ немесе тұрақталған ситуация бейнеленген.
Декларативті стильде программалауда, программист не шығару керектігін бейнелеу керек.
Сəйкесінше, программалау тілдері императивті жəне декларативті болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |