Прологтың семантикалық модельдері.
Прологта екі семантикалық модель қолданылады: декларативті жəне рəсімдік.
Семантикалық модельдер бағдарламаның мəнін түсінуге арналған.
Декларативті модельде бағдарламада анықталған қатынастар қарастырылады. Бұл модель үшін бағдарламадағы сөйлем тəртібі мен ережедегі шарт маңызды емес.
Рəсімді модель ереженің атында келтірілген қатынас сақталуы үшін қадамдарды бірінен соң бірін сəтті орындау қажеттілік ережесін қарастырады.
Предикаттың атауындағы көптеген сөйлемдер рəсім ретінде тетіктеледі. Рəсімдік модель үшін сөйлем жəне сөйлемдегі шарт жазылған тəртіп маңызды.
Прологта бағдарлама жазған кезде декларативті семантиканы қарастырған ыңғайлы сияқты, бірақ та рəсімдік туралы да ұмытпауымыз керек, əсіресе бағдарлама жұмыс жасамағанда.
Кейбір жағдайда қиманы қолдану декларативтімағынаны өзгертуі мүмкін.
Өзіндік тапсырмалар:
1. Төрт саннан максимум табатын предикат жаз.
2. Екі адам екенін тексеретін предикат жаз.
· Апалы-сіңлі
· Ағайынды
· Атасы мен немересі
· Ағасы мен жиені
· Ерлі зайыпты
· Туыс
3. бес аргументі бар предикат жаз, жəне оның алғашқы екі өлшемімен
координатасы берілген нүктенің дөңгелекке жəне центрге түсетінін тексереді, оны төртінші жəне үшінші өлшем анықтайды, ал радйус бесінші.
4. санның абсолютті мəнін табатын предикат жаз (=Х, егерХ>=0, жəне = -X, егер X<0).
5. Тік бұрышты үшбұрыш гипатенузасының ұзындығын катеттерінің ұзындықтары бойынша табатын предикат жаз.
Бақылау сұрақтары:
1. Бэкус-Наур қалыпты формасы.
2. Сөйлем құрамы: дерек жəне ереже.
3. Қатынастар.
4. Айнымалылар түрі.
5. Жасырын айнымалы.
6. ПРОЛОГТЫҢ семантикалық моделі.
7. Декларативті айнымалы.
8. Рəсімдік айнымалы.
9. ПРОЛОГ бағдарламасының құрамы.
10. ПРОЛОГ бағдарламасының денесі.
11. Предикат жəне оны құру.
Ұсынылған әдебиеттер
1. Дүйсенов, Н.Ж. Логикалық бағдарламалау [Мәтін]: Оқу құралы / Н.Ж. Дүйсенов, М.Ж. Кошкинбаева.- Шымкент, 2019.- 92б.
2. Cюарт, Р. Жасанды интеллект.3-том. Жаңашыл әдіс. Логика. Оқулық-Алматы,2016-540б (ҚР БЖҒМ «Оқулық» орталығы бекіткен).
Достарыңызбен бөлісу: |