Білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші кешендік мемлекеттік емтихан сұрақтары 3-ші пән «Генетика»


Мендельдің екінші белгілердің ажырау заңын қарастырыңыз



бет18/23
Дата03.09.2023
өлшемі94.55 Kb.
#476435
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Генетика гос

Мендельдің екінші белгілердің ажырау заңын қарастырыңыз.

Г.Мендель зерттеулерін жалғастырып, гибридтер болып табылатын бірінші реттік ұрпақтарды (F1) өзара будандастырды. Алынған F2 ұрпақта F1 -де көрінбеген белгі (рецессивті) қайта көрінген. Және F2 доминантты белгі мен рецессивті белгінің арасында белгілі математикалық арақатынас байқалған. Алынған F2 ұрпақтың 1/3і сары тұқымды (доминантты), 1/4і жасыл тұқымды (рецессивті) еді. Яғни фенотип бойынша ажырау арақатынасы қалыпты болған (3:1).Сонымен, белгілердің ажырау заңы (Мендельдің екінші заңы) бойынша: гибрид болып табылатын бірінші реттік ұрпақтарды (F1) өзара будандастырудың нәтижесінде алынған F2 -де фенотиптерінің арасында 3:1 арақатынасы бойынша ажырау байқалады, рецессивті даралар ұрпақтардың жалпы санынан 1/4ін құрайды.Ажырау — дегеніміз гетеризиготалы дараларды будандастырғанда пайда болған ұрпақтың бір бөлігінің доминантты, ал бір бөлігінің рецессивті белгіні көрсетуі. Моногибридті будандастыру жағдайында:Моногибридті будандастыруда фенотип бойынша ажырау арақатынасы 3:1 (толымды доминаттылық жағдайында) немесе 1:2:1 (толымсыз доминанттылық жағдайында). Дигибридті будандыстыру жағдайында фенотип бойынша ажырау — 9:3:3:1 немесе (3+1)2, ал полигибридті будандастырудағы арақатынасты (3+1)n формуласымен есептеуге болады.Толымыз доминанттылық немесе тұқым қуалаудың аралық сипаты Доминантты ген рецессивті генге қарсы басымдылығын әрқашан көрсете алмайды. Мұндай жағдай толымсыз доминанттылық деп аталады. Толымсыз доминанттылық кезінде гетерозиготалар ата-енесінің аралық белгісін көрсетеді. Мысалы, намазшамгүлдің (ночная красавица) күлтелерінің реңінің тұқым қуалауы толымсыз доминанттылыққа жатады:Мында доминантты қызыл күлте гені (А) гетерозиготаларда (Аа) рецессивті ақ күлте генін (а) толық баса алмай, гетерозиготапар екеуінің аралық реңі – қызғылт күлтелі болып келеді. Fұрпағындағы фенотиптік және геногиптік арақатынастар бірдей — 1:2:1.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет