Білім беру бағдарламасы бойынша Автоматтар және тілдер теориясы пәнінің ОҚу жұмыстық бағдарламасы (Syllabus )


Курстың саясаты және процедрасы оқытушы талаптарының қатысын айқындайды



бет6/6
Дата31.08.2023
өлшемі60.05 Kb.
#476348
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Автоматтар және ТТ ИНФ 3к 23-24

6. Курстың саясаты және процедрасы оқытушы талаптарының қатысын айқындайды:

  • студенттің сабақтарға қатысу (кешігу, сабақты босату);

  • оқу сабақтарында студенттің тәртібі;

  • қорытындылау кезінде 1, 2 және қорытынды аралық бақылау үлгерім балл есептеу ережесі) тапсырмаларды уақытында орындау:

  • практикалық/семинарлық (зертханалық сабақтар), ОСӨЖ, СӨЖ орындаудың әдістемелік ұсынымдарына сәйкес орындалған тапсырма материалын ұсыну;

  • бекітілген кестеге сәйкес дәріс курсына қатысу;

  • пән бойынша ұсынылған оқу құралдары мен әдеби дереккөздерді тарта отырып, дәріс оқу кестесіне сәйкес курстың теориялық мәселелерін зерттеу.


7. Академиялық адалдық саясаты
Пәнді оқу кезінде білім алушылар академиялық адалдықтың мынадай қағидаларды сақтауы тиіс:
- жазбаша тапсырмаларды орындау кезінде кез-келген есептен шығару және плагиат түріне тыйым салынады;
- басқа білім алушылар орындаған бір жұмысты (жұмыстың бір бөлігін) ұсынуға жол берілмейді;
- орындалған және бағаланған жұмысты қайта ұсынуға жол берілмейді;
- рефератталған дереккөздердің тізімін дұрыс жасамауға жол берілмейді, оның ішінде жұмысты жазу кезінде қатыспаған дереккөздерді көрсету;
- емтихан кезінде тыйым салынған заттарды (шпаргалкалар, ұялы телефондар, планшеттер және т. б.) пайдалануға рұқсат етілмейді;
- емтихан, тест тапсырмаларын тапсыру кезінде академиялық пайда алу мақсатында өзін басқа адам ретінде беру академиялық адалдық қағидаттарын бұзуға жатады.
Академиялық адалдық қағидаттарының бұзылуы анықталған жағдайда мынадай шаралар қабылданатын болады:
- орындалған тапсырмаларды ұсыну кезінде академиялық адалдық қағидаларын бұзу анықталған жағдайда оқытушы орындалған жұмысты жояды;
- орындалған тапсырмаларды ұсынған кезде академиялық адалдық қағидаларын қайталап бұзған жағдайда, бұзушылық актісі жасалады, оған оқытушы мен кафедра меңгерушісі қол қояды және шешім қабылдау үшін факультет деканатына беріледі;
- емтихан кезінде академиялық адалдық қағидаларын бұзу анықталған жағдайда білім алушы емтиханнан шеттетіледі.


8. Кері байланыс
Пәнді оқу барысында студент оқытушыға «АИС Университет» порталындағы «Чат группы» қосымша беті арқылы жүгіне алады. Студенттердің барлық сұрақтары апта сайын сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін қаралады. Студенттер сұрақтарына жауаптар «АИС Университет» «Чат группы» орналастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет