Білім беру бағдарламасы бойынша жхм-313 тобының 1 курс студенті Нышанбай Арайлымның



бет2/8
Дата28.03.2024
өлшемі3.67 Mb.
#496747
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
арай отчет (1)

31.01.2024 ж
8.00-8.45 аралығында жоспар бойынша сабақ «Ә» сыныбында өтті. Сабақты 3 курс білімгері Зайнидин Диана өткізді. Ең алдымен үй жұмыстарын тексеру мақсатында және өткенді қайталау мақсатында «Өзіңізді тексеріңіз» әдісін қолданды.
Өтілген тақырып бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген тақырыпта бар, жоғын анықтайды. Одан кейін жаңа тақырыптарды түсіндіріп бастады.
Сабаққа көрнекілік ретінде тақырып бойынша презентация жасап, сол бойынша оқушыларға жаңа тақырып түсіндірілді. Иондық байланыс маңызды тақырыптардың бірі болғандықтан оқушыларда қызығушылық танытып, сабаққа белсене қатысып отырды. Жаңа сабақта «Нысана» әдісін пайдаланды. Бұл әдіс бойынша оқушылар өткен тақырып пен жаңа тақырыпты ұштастыра ой қозғау арқылы ойнатылады.
Сабақты бекіту мақсатында Диана “Спиннер” әдісін қолданды. Бұл әдіс балалардың тақырыпты есте жақсы сақтауына өте жақсы көмектеседі. Оқушылар тек оның айтқанымен тоқтамай өздері ізденіп, білімдерін арттырып, сабақты толық түсінді. Көптеген есептерді шығарып үйренді. Иондық байланыспен танысып, оларды жіктеп үйренді.
Кері байланыс ретінде оқушылардан түсінген түсінбегенін сұрап, түсінбегенін қайталап түсіндіріп, сабақты қорытындылап, үй тапсырмасын берді. Сабақ менің ойымша жоғары деңгейде өтті себебі, оқушылардың барлығы өте белсенді әрекет етіп, атсалысып отырды.
Оқушыларға да сабақ барысы қызықты болып, тағы да сабақ өтуінді сұрады. Сабақ өте қызықты болғанына оқушылардың білімге деген құштарлығын одан әрі талпындырды.
Практиканың бұл күні тәжірибе жинақтауым жетекшім химия пәнінің мұғалімі Бакыт ағай 8”А” сыныбына жаңа тақырыпты түсіндіруінен жалғасты.

Тақырып химиялық байланыс туралы болды. Сабақты бастамас бұрын оқушыларға қызықты етіп түсіндіру үшін оларды тақтаға шығарып, әр оқушыны жеке бір элемент ретінде қойып, электртерістілік қай элементте күшті (F) сол оқушының электртерістілікті күшті тартқанын көрсетті.


Осылай жаңа тақырып балаларға түсінікті етіп басталды. Бакыт ағай әр топшаға және жалпы химиялық байланыс ұғымына анықтама беріп, олардың түрлерін атап шықты және алдағы уақытта химиялық байланыстың әр түріне кейінгі сабақтарда тоқталатынын айтты.


Сабақ уақытының аяқталуына 5-10 минут қалғанда Бакыт ағай үй жұмысына берілген арнайы тапсырманы сұрады. Нұрасыл есімді оқушы “Инертті газдар” тақырыбы бойынша слайд дайындағанын айтып, оны қорғады. Ал келесі сабаққа Нұрайым және Мейіржан есімді оқушыларға “Иондық байланыс” тақырыбына слайд дайындауды тапсырды.


Келесі 7 «А» сыныбына кірді, амандасып, бүгінгі көңіл күйлерін сұрады. Дайындап келген әдіс-тәсілдермен жаңа тақырыпты өтті. Оқушылар өте белсенді болды. Оқушылардың көңіл-күйі тікелей сабақтың сәтті өтуіне әсер етті. Бүгінгі жаңа тақырыпты толық меңгерді деп айта аламын. Өткен тақырыпты да сұрауды ұмытпады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет