07.02.2024 ж.
Үлгілік оқу жоспары, пәндік оқу бағдарламасы, дәріс, практика және жаңартылған бағдарлама негізіндегі қалыптастырушы тапсырмалар жинағымен таныстым.
Жаңартылған бағдарлама негізіндегі құралдар арқылы оқушылардың назарын ғаламторлық ойындардан сабаққа аударып, қызығушылықтарын арттыруға тырыстым. Тапсырмалары да оқушыға тиімді әрі түсінікті, жинақы әрі тиянақты.
Педагогикалық-психологиялық практика жұмысы барысында өз құзырымыздағы міндеттерді, оқушылармен қалай жұмыс жасалу керектігін жете түсініп, бақылап шықтық. Жаңа білім беру бағдарламасы жүйесі тұрғысында арнайы тапсырмаларды құрастырудың жобасымен біршама таныс болдым.
8:00-8:45 арасында ең алғашқы сабақ 9«Г» сыныбында өтілді. Оқушылар «Теориялық-практикалық шығым табу» тақырыбында жұмыс істеді. Сабақты 3-курс білімгері Диана апай өткізді. Апай шығым табудың формулаларын және сол формулаларда берілген белгілердің аттарын балаларға айтып өтті. Мұғалім есептің шығару жолын оқушыларға таныстырып, түсіндіріп кетті. Бұл сынып активті болды, есептерді жылдам шығарған болатын.
3-курс білімгері тақырыпқа қатысты тапсырма ретінде біраз есеп берген, оқушылар есептерді шапшаң шығарып мұғалімге тексертті. Үй тапсырмасына 3 есеп берді.
8:50-9:35 9«Б» сыныбында сабақ өтілді. Ең алдымен жетекші үй тапсырмасын орындағандардан сұрап шықты, сосын жаңа сабақ тақырыбына көшті. Теориялық және практикалық шығым табу тақырыбына байланысты оқушылар есептер шығарды және формулалар жазды.
Өткенгі сабақ бойынша, яғни «Күкірт қышқылы» тақырыбы бойынша бірнеше мысалдар келтіріліп сол сабақты бір қайталап шықты. 2 қыз тақтаға шығып есеп орындады жетекші дұрыс емес жерлерін айтып есепті дұрыс шығару жолдарын көрсетті. Сабақтың соңында жетекші түсінбеген оқушыларға бір айтып, түсіндіріп өтті.
10:45-11:25 8 «Б» сыныбына сабақ өтті. Мұғалім оқушыларды түгелдеп сабақты бастады. Коваленттік байланыс жөнінде сабақ болды. Оқушылар ол қандай жағдайда және қандай қосылыстар осындай байланыс түзе алатындығы туралы болды. Жетекші бастапқы керек материалдарды оқушыларға айтып келесі сөйлеу кезегін оқушылардың өзіне берді. Оқушылар өз беттерімен тақырып артындағы сұрақтарға жауап тауып сол берулген тапсырмаларды орындап отырды.
Жетекші бір тексеріп өтіп үй жұмысына «тұрмыста және үй ішіндегі қандай заттар коваленттік байланыс бар? » деген сұраққа оқушылар өз ойларын жаып келуін сұрады. Балалар сабаққа активті қатысып отырды, сабақ қызық екені көрініп тұрды.
Сабақ соңында апай тақтаға сәйкестендіру ойынын көрсетті, бұл ойында екі қатарда коваленттік полюсті және полюссіз байланысы бар қосылыстарды өз қатарына қою керек болды.
Оқушылар сабаққа деген жоғары активтілікті көрсетті сонымен қатар берген жауаптары дұрыс болып шықты, бұл бізде оқушылардың берілген тақырыпты жақсы түсінгенін көрсетеді.
12:20-13:05 8 «Ә» сыныбына кірдім. Жаңа тақырып өтілді, балалар сәл шулады бірақ ол сабақтың өтуіне кедергі болмады. Сабақ тақырыбы «Иондық байланыс». Бұл тақырыпта «катион, анион, ион» дейтін терминдер қолданылды.
Иондардың пайда болуы олардың арасындағы байланыс, металл және бейметалл арасындағы байланысты қарастырдық. Ол қалай жүреді сол бойынша оқушылар тақырып артындағы тапсырмаларды тақтаға орындады. Катион және анионды бөлу. Иондық немесе коваленттік байланысы бар қосылыстарды бөлу бойынша тапсырмаларды жасады.
Соңғы сабақ болғасон жетекші сергіту сәтін ұйымдастырды. Оқушылар тұрып алдағы күндерінің жақсы өтуі туралы бір-бірлеріне сәттілік тіледі. Соныменн сабақ аяқталып оқушылар үй жұмысын алды, ерігіштік кестедегі бірнеше катионмен аниондары байланысқа түсіру.
Және бұл күні қысқа мерзімді жоспар құрастырдым. Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланатындығын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлаудың маңыздылығы зор екенін атап өткенім жөн деп санаймын.
Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады.
Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады.
Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандыратындығын алға баса отырып, түсінгенімді айқындаймын.
8-сурет. Сабақтан үзінді
8.02.2024ж
Бұл күнгі сабағымыз сағат 8.55-9.40 арасында 8 «В» сыныбына 3 курс білімгері Сайлау Балнұр жаңа тақырып өтті. Ең алдымен өткенді қайталау мақсатында санды сұрақ ойыны арқылы оқушылар бір мен жеті санының арасында кез келгенін таңдап, артында жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталап шықты. Бұл ойын екі тақырып бойынша, яғни ковалентті және иондық байланыстар бойынша ойнатылды. Келесі бізде жаңа тақырып «Кристалдық тор» тақырыбында өтті. Балнұр оқушыларға есептер беріп, оны шығаруға он минут уақыт берілді.
Оқушылардың барлығы есептерді жақсы шығарып, сабақты өте жақсы бағаға қорғап шықты. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында 3 курс білімгерінен өзін оқушылардың алдында қалай ұстау керектігін, тақырыпты оқушыларға қалай жеңіл әрі нақты түрде түсіндіру керектігін бақылай отырып үйрендім. Сонымен қатар бізде үлгерімі орташа оқушылармен жеке жеке жұмыс жасай отыра тақырыпты толықтырып түсіндірдік.
Сабақ барысында оқушыларға интерактивті тақтаны пайдалана отырып, криссталдық торлардың құрылысын видеоролик арқылы көрсетті. Сабақ ортасында оқушыларға сұрақ қойып біршама тапсырмаларды талдадық және үй тапсырмасына осы тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап беру берілді.
Осы бақылау барысында біз оқушылардың пәніне деген қызығушылығын, олардың білімге деген құштарлығын байқадық. Сабақ аяқталған соң оқушыларға стикер таратылып, кері байланыс алынды.
Кері байланыс - бұл оқушының жеке жетістіктері мен білім алудағы олқылықтарды сезінуіне және өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізуге көмектесетін, алға жылжуға бағыттайтын нақты ұсыныстар үшін алынған ақпараттар. Сабақтың соңында әр түрлі кері байланыстар «БББ кестесі», «Бағдаршам», «Ашық микрафон» «Шын немесе жалған», «Конверт», «Рефлексиялық шеңбер», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Білім ағашы», "Аяқталмаған сөйлем", «Жетістік баспалдағы», «Ақылдың алты қалпағы», «Ыстық орындық» әдістерін сәйкесінше пайдаланды.
9-сурет. 8 «В» сыныбына өткен сабағынан үзінді.
Достарыңызбен бөлісу: |